Көркем өнер білім саласын оқытудың шығармашылық дамуы дәрежесі
Мақала, баяндама

 

(Т.Жүргенов ат.ҚҰӨА –да 2014 жылы  қорғалған  дипломдық жұмыстары негізінде)

Жанарбек Берістен
профессор, философия ғ.к.
Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы


Жоғары көркемөнер білімін беру орындарын өздерінің бүгінгі даму кезеңінде студенттердің дипломдық жұмыстары арқылы көрсек, яғни  көркемөнер шығармашылығының дамуын бейнелеу сауатына оқытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алды. Мұндай табыстарға жету көркемөнер білімінің алдында бұдан былай анағұрлым күрделірек мәселелерді алға тартып отыр. Нарықтықтық экономикаға кірген еліміздің оқу процесіндегі атомосфера шығармашылыққа оқуларға, әсіресе көркемөнер саласына қатты әсер етуде.

Еліміздегі бейнелеу өнерінің кемшіліктерін ескерместен көркемөнер білімінің даму міндетін белгілеуге болмайды.

Жоғары көркемөнер мектебінің міндеті- тек сауаттануға ғана емес, өнерге- шығармашылық негізіне, сондай-ақ, оқушыларға көркемөнер әдістерін біртіндеп танып, ақиқи өмірдің айнасын бейнелеуге үйретеді. Қазір,  жоғары көркемөнер білім беру шығармашылық мектептерінің бүкіл оқыту-тәрбиелеу үрдісін, бірінші кезекте диплом жұмыстары арқылы бағалап кемшіліктері мен күрделенген мәселелерді шешіуге тырысып,  осы бағытта пысықтап, жетілдіру керек.

Диплом жұмысы студенттің төрт жыл бойы оқыған, шеберлігін шыңдаған, салған суреттерінің, кескіндеген бейнесінің, композициясының нәтижесі ғана емес, жас суретшінің қоғамдық өмірдің өзекті құбылыстарын бейнелік, көркем пішінде, суреті де, түр-түсі де, суреттің композициясы да көрерменнің көңілінде тақырыпты толығымен аша алу қабілетін танытады.

Диплом жұмысы- шығармашылықмектептің нәтижесі, академияның студентті неге үйреткенін, оның қаншалықты сауатты жазатындығын, салатындығын,  оның композициядағы көркем ойы қалай жұмыс жасайтындығын көрсетеді.Әрбір суретші өзінің өмірлік жүйесін жасайды. Ол бүтінді көре білу өнеріне, кенеп бетінде болмысты сезіне сомдауға байланысты туындайтын қиыншылықтарға төтеп берудегі саналылыққа жетелейді. Біздің сынымыз суретші болғысы келетіндердің бағдарларын көмескілемей қайта сеп болар деп ойлаймыз.Сын қайта шын жүиірікті шиырықтырып, қалыптасу үстіндегі дамылсыз шығармашылықты толықтырад.

Ал жоғары көркемөнер білімін беру орындарының түлектерінің жеміске жетуі олардың ұстаздарының жеке тұлға ретінде беделділігіне, жалпы білім беру мәдениетінің қаншалықты жоғары, өнерге қаншалықты терең бойлайтындықтарына да байланысты. Т.Жүргенов ат. ҚҰӨ академиясының еліміздегі өнер саласындағы жетекші ЖОО ескерсек, биылғы жылы республиканың үздік кафедра атағын алып отырған "Кескіндеме", "Мүсін", Сәндік қолданбалы өнер" кафедараларының диплом жұмыстарының деңгейі қандай деген сұрақ туатыны сөзсіз.Дана Леонарданың аитқанындай "Кескіндеме өнер падишасы" деген сөзіне орай кескіндемеден бастасақ.

Кескіндеме мамандығын бітірушілердің жетекшісі профессор Ж.Қаирамбаев. Дипломант Ә.Жүргеновтің тақырыбы "Шайқас" деген қаһармандық жанр таңдалған. Көркем шығарманың тартысы  төрт адам арқылы шешілген.Әлішердің жұмысына қарап ұлттық рухты, өзіндік дағдысы, әдісі, шеберлікті жақсы меңгергенін байқауға болады.

Ә.Жүргенов. "Шайқас"

Шығармадағы кеиіпкер ширақ сюжетке құрылған. Дәл көрсету шеберлігімен қатар, кеиіпкерлердің қимыл қозғалыстары шеберлікпен орындалған.Тақырып бір тарихи оқиға құрылғанда әлдеқайда мақсатты болар еді, түсініксіздік картинаның мазмұнынан ашудан гөрі, сыртқы бейнеге ауған. Бұл жеке батырдың шайқасы емес, тарихи ұлы шайқасболса тереңдік пен тиімділіктің маңызы ерекше болар еді. Арғы фонға  шайқасты кеңеитіп көрсеткенде ұлы шайқастың мазмұны ашылар еді. Көрермен кескіндеген суретіңізге қарап, тұңғиық тереңге шомып соғыстың алапатын көре алар еді. Кеңістікке мән беру бейненің маңызын тереңдете түспек. Себебі, сонда ғана фокусқа мән берілетін болады. Барлық сәтті суреттерге ортақ бір қасиет- Сіз бейне-бір сол суреттің ішіне шомып кеткендей боласыз, өзіңіз сол бейненің ішінде жүргендей күйге түсесіз. Бірақ түсі мен пішіні ақиқи реалистік кескіндеу өнерінде мазмұнының бейнелік ашылуына бағытталған бейнелеу құралдарының бірегей кешені іспетті жұмыс өте сәтті орындалған. Көркем пішін бірліктегі және тәртіптегі, аяқталудағы пішін шығармашылық үрдістің ішкі сұранысына сүйенетін аяқталғандық ойын береді. Суретші шайқас арқылы көрерменнің көргісі келетінін таңдай алған. Пішіндері арқылы біз суретшінің пластикада нені бейнелегенін көре аламыз.Жақсы ойластырылған материалдар да композициялық тепе-теңдікті қолдауда маңызды роль атқарып тұр.Осы жерде суреткерлік аясының кемдігі десек,  батырлар жекпе жегі арқылы жеке  арқылы шешілген көркемдік жеке тұлғаға арналса әлдеқайда лайықты болар еді.Тақырып дипломанттың шеберлігіне сай дұрыс таңдалмаған.  Әйткенде кітаптардан түспейтін тарихи сурет болып қалар еді.

Н.Әлібек  "Би"

Дипломант Н.Әлібектің  "Би" жұмысы ізденістің деңгейін көрсететін жұмыс деп айту қиын.Бұл жерде шығармашылық әдіс бір уақытта өмірді тану тәсілі ретінде қызмет атқара отырып, оның өмір шындығын кенеп бетіне құбылтып бейнелеуінің бағасы және оның бейнелік тілінің қалануы сынды өзіне сай қырларына ие. Туындыда көркем тақырып бар болатын болса, онда ол қатаң заңға сай дамиды. Рефлексілік және күн көзінің жоғары жағын қалай пайдалануды білетін суретші көрермен назарын бейненің белгілі-бір тұстарына да аудара алар еді. Жұмыс қалайда салқын.Бәрі қарапайым.Сезімталдық  дейміз бе, қалайда бір қанықтылық жетіспейд.

Дипломант А.Сергеевтің "Кеш" жұмысындаАлматы қаласындағы Президент паркі суреттелген.Суреттегі жарықтың дұрыс түсірілуі- кескіндеу өнерінің маңызды элементтерінің бірі екенін назар аударылған. Суреттің негізгі пішіндері орын-орнында жайғастырылып, суретші назарын жарық көзіне аударады. Суреттің шынайы композициялық тепе-теңдігін ұстауға жарық қолданылған. Жарықтың бірінші реттік көзі құрамның фундаменталдық бөлшегі немесе, тіпті фокусы десекте болад. Көлегейлеген саяның атқаратын міндеті зор, олар белгілі бір элементтерді нығайта, суретке шынайылық сыйлай алған. Атмосфералық тереңдік- бейнелеудегі маңызды бөлшектердің бірі. Жарық ауаға таралады, қашықтағы бұйымдар анағұрлым күңгірттеніп, бұлыңғырланып көрінеді.Жақыннан жақсы әсер бермегенмен  осының барлығы атмосфераның қасиеті ретінде алыстан жақсы көрінеді.Арғы пландаға тау қыраттарға жарықтың түсін ойнатқанда белгілі бір шамада аяқталған жұмыс болар еді.

А.Оспанова. "Ақан сері"

Дипломант А.Оспанованың  жұмысы "Ақан сері" деп аталад.Жекелеген суреттер үшін анағұрлым мықтырақ келген пішініне қатты мән беріп, түсін ысырып қою, не керісінше- пішіннен гөрі түсіне көбірек мән беру тән болып жатады. Бұл екі жағдайда да, туындының жұпыныланып қалатыны айдан-анық. Пішінге ерек назар аударғанмен, барлық осы құбылуда реалистік, ақиқи туынды өзінің негізінде, көркемөнер құралдарының бірлігін сақтап қалуға тырысқан. Себебі, бұл бірлік мазмұнын анағұрлым тереңірек ашуға қажет.Картинада бояу түс жағынан бір қайнауы жетіспегендей әсер қалдырад.


Н.Билисаров."Түркістан"

Дипломант Н.Билисаровтың жұмысы "Түркістан" деп аталад. Формалдық, абстрактілік жұмыстарда ресми құралдар мақсаттың өзі іспетті, олар өмірдің ақиқи шындығын бермейді, ол: «Пішін- туынды үшін жеткілікті» деген жалғыз қағидаға қызмет етеді. Қазір бұған тоқталудың қажеті жоқ. Бізге керегі төрт жыл оқыған студенттің суретсалуды қаншалықты меңгергені қызықты. Ван Гогтың аитқанындай сурет салуды әбден меңгерсем небір керемет дүниелер жасай аламын дегеніндеи, дипломанттар да осыған жауап бере білу керек. Бітіргенен кеин не істесе де өзі біледі.Себебі, біздің мүддеміз реалистік өнерде, яғни  ақиқи, реалистік сурет қызықтырады. Атақты П.Пикассо, С.Дали сияқты саналуан стилде құбылтқан ұлылардың бәрі де осы жолдан өткен. Осы тұрғыдан келгенде кескіндемеші дипломанттардың абстракциямен қорғауы сын көтермеитін мәселе.

Суреттегі көптеген адамдар беинесі  көрерменге Қожа Ахмет кесенесінің іс жүзіндегі көлемін түсінуіне мүмкіндік берген. Бірақ еш перспектива жоқ. Пішін-абстрактілі заңдылықтардың кескінделуі арқылы бояудың логикалық қаланумен шешілген.Автордың өміртанымының не өнерге деген құндылықты қатынасын көріп тұрған жоқпын. Ал дипломант А.Қаржаубаеваның "Мейрам" жұмысы мүлде аяқталмаған жұмыс.Мұның бәрі авторлардың жауапкерсіздігінен туған.Шығармашылықтағы иннерттілік деген осы. Бұдан ары қарай талдаудың еш мағынасы жоқ.

А.Қаржаубаева."Мейрам"

Ал монументалдық өнердің мәселелері өнертану ілімінде әлі күнге дейін жеткілікті деңгейде зерттеліп, айқындала қоймаған.Монументалдылық өнердің негізгі сәтінен шығатын, оның жалғыздан негізгіні көрсете білетін, дербестен жалпыны аша білетін, құбылыстардан және көркем үлгісінде оның мәнін анықтай алатын,  осылардың барлығын көрерменге тірі, рухани, эмоциялық, толыққанды жеткізе алатын міндеттеріне орай, ешбір өзге өнер түрлеріне ұқсамайтын  ерекше бір қасиеті болып табылады.Суретші тарихты, оның негізгі заңдылықтарын қаншалықты терең, дұрыс түсінген сайын, оның қолынан шыққан туындылары да, егер эстетикалық орынды пішінде түсірілетін болса, көрерменнің сана-сезіміне де соншалықты терең әсер ететін, өнерде өз орны бар дүние болғаны. Сонда суретшінің туындылары толысып, мінсіз сомдалып, аталмыш туындылардың монументалдылығы айқын бола береді. Өнер туындыларының «мәңгілігінің» алғышарты да осында. Сондықтан дипломанты А.Айнабековтың "Шәмші Қалдаяқов" (жетекшісі профессор Б.Тұрғынбай) жұмысы мен  дипломант Е.Құлжабаевтың "Мұра" (жетекшісі профессор Ә.Бапанов), И.Колесникованың "Күту"(жетекшісі профессор Ә.Бапанов), атты жұмыстары кәсіби суретшінің жұмысы емес, қимылсыз плакаттық, әрекетсіз программалық образдардан әуесқойлықтың сарыны бар.Себебі өзіндік құндылығымен туындылық сипатын жоғалтып алып отыр.Монументалдық туынды өмірдің белгілі бір сәттерін  бейнелеп, біздің күнделікті пендешілігіміз бен шешуші әлеуметтік үрдістердің тарихи маңыздылығы көрінетін, адамның басты қасиеттерін айқын эстетикалық маңызбен суреттеу керек.Монументал суретші болу үшін талантына қоса, суретшіге шынайы білім, эрудиция  керек.Үлкен тарихи жұмысқа құрғақ дерек, мәліметтер жиынтығы емес,   эстетикалық сындарлы позиция, түйінді концепция керек.

А.Айнабеков. "Шәмші Қалдаяқов"

Е.Құлжабаев. "Мұра"

И.Колесникова. "Күту"

Ю.Горбунованың "Шығыс базары"

Дипломант Ю.Горбунованың "Шығыс базары" (жетекшісі профессор Ә.Бапанов), жұмысыныңидеялық тұжырымдамасы бар.Демек, тақырыптық панноның көрінісі эстетикалық жалпылаудың биік деңгейі қамтылған таза эстетикалық дүние болып табылады. Туындының мазмұндық бет алысы жайлы ғана айтатын жалпы тақырып қабырғаға ілінетін паннода әлеуметтік дыбыс алып, эстетикалық әсерге бөлейді.Қазақ монументалды өнерінің даму үрдістерінің негізгі түрлері барысынан тұжырымдалған пікірлерде аталғандай,  қазақтың кәсіби  монументалды өнерінің негізі батыстық тәсілмен мәнерленіп, оның қазақи портретілікке ендіріліп, ұлттық болмысқа саялануы түрлі  ізденістердің жолы болып айқындалады.

М.Ким "Ежелгі Қазақстан тарих""Өмір, мәңгілік қозғалыс"

М.Ким "Ежелгі Қазақстан тарих""Өмір, мәңгілік қозғалыс" (жетекшісі профессор Б.Тұрғынбай) тақырып аса үлкен. Композицияның қарампайымдылығынанмонументалдылық дүние  туа қоймаған.Қазақ тарихына қатысты суреттемемлерді көре қоюу қиын.Суретші тарихты, оның негізгі заңдылықтарын қаншалықты терең, дұрыс түсінген сайын, оның қолынан шыққан туындылары да, егер эстетикалық орынды пішінде түсірілетін болса, көрерменнің сана-сезіміне де соншалықты терең әсер ететін, өнерде өз орны бар дүние болғаны.Геометриялық пішіндердің түрлі ассоциялануға соқтырғанмен, шеңбер  күн тәрізденгендіктен бүкіл әлемді, өмірді, тоқтамсыз дүние қозғалысын, шексіздікті бейнелейді деп ұғынсақта, тақырыпқа сай пішін, сурет бейнелер  нығырлылығымен жәнеде нақтылығымен динамикалық ұшқырлылықты көрсету керек еді. Бұл жерде тақырып басқа, композицияның мазмұны басқа. Ешқандай тарихи арқау жоқ.

Егер көркем шығармашылық туындысында қазақтың тарихи үрдісінің жалпылама өзара байланыстары талқыланатын жағдайда,осы тұрғыда, монументалды бейнелілік айқындалған және өзіне тән қадір-қасиеттерін толығымен ашып көрсетуге қабілетті барлығын қамтушы шамада, өзінің ерекше өмір салтына үйіріп әкетер еді. Осы талпыныстарынан монументалдық өнер туындыларына қойылатын ерекше талаптары туындайды.Сонда суретшінің туындылары толысып, мінсіз сомдалып, аталмыш туындылардың монументалдылығы айқын бола береді. Өнер туындыларының «мәңгілігінің» алғышарты да осында. Тәуелсіз қазақ монументалды өнерінің даму үрдісі қарқындылығын жоймай, одан әрмен түрлі бағыттармен ізденістерді бетке алып өрлей түсуі бүгінгі бітіруші маман буын монументал-суретшілер қолында. Өзекті мәселелерді қоса отырып талдау барысы өз нақтылығын таппаған туындыларға үлгі болар деген оймен тұжырымдама жасадық.

(жалғасы бар)

Біздің   жоғары көркемөнер білім беру орындарында мүсіннен сабақ беру тек анатомияға негізделген дейтіндер де жеткілікті. Ешқайсымыз анатомияның берері көп екенін білмейміз, ол жұмыстың пластикалық пішініне- жұмыстың көріністен түпкілікті мақсатына айнала алады.Дене пішінінің үйлесімін шешкен, тепе-теңдігін тапқан студент пішіннің құю жұмысын да бұлтартпай шеше алады.

Адамның дене құрылысының жекелеген мүшелерінің терең органикалық байланысымен, жоспар деп аталатын осының әрбірінің біріне-бірі ұласып, бай пластикалық жүйені құрайтындығы. Мүсінші үшін міндет адамның пішінін  кеңістікте салу. Мүсіннің сымбаты – ауқымды құрылу салдарында, мүсіндік туындының мәнінде қалайтын ауқым. Осының бәрі диплом жұмыстарында сәтті шешілген.Бірақ дипломанттардың төрттеуінің жұмыс материал күиінде қалып(пластиленде орындалған), біруі ғана гипстен құйылған.

Мүсін гипстен құйылса ол аяқталған шығарма ретінде есептеледі.Осылайша, мүсін гипстен неге құйылмаған деген  сұрақ бұл жерде өте маңызды. Академия бітіріп жатқан мүсінші неге қалыпқа салып құя алмайды.Мүсін өнері материалда орындалу барысында оны елестетуге емес көрсетуге бағыныңқылығымен ерекшеленеді.Сондықтан аяқталған жұмыс көре алмадық.

Мүсін өнеріндегі басты  сомдалатын негізгі образға тоқталсақ. Образдың сан алуан толғанысы мен жан шері оның портретінен көрініп тұруы, мүсіншінің шеберлігінің тым еркін екендігін дәлелдей түспек.   Мүсін туындысына қараған қарапайым адам оның қалай орындалғанына емес, оның кім екендігіне және де бұл образдың қоғамдағы рөлінің қандай екендігіне назар аударатыны айғақ. Яғни туынды қарапайым көрермен назарына арналып жасалу керек. Қорғалған дипломдық жұмыстардың негізі бұрыннан бар образдар, бұрыннан бар пішіндер, көре көре өзімізде селт етпейтін болдық.

М.Нуркебаев"Мұнайшы"(жетекші профессор Жүнісбаев М)

Тақырып өрісі тар болсада суреткерлік көру аясы, таным шеңбері кең болғаны керек.Диплом жұмысы суретшінің суретші болуының алғы дайындығы есепті.Ал алғы дайындықтың жақсы болуы оқыған біліміңмен болашақтың кепілдік шарты.

Ж.Сарпеков. "Абылай хан"(жетекші профессор Сергебаев Е)

Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібекті ер тұрманға отырғызған мүсін Астанада қойылған. Мемлекет құрған адамдарға Астанаға  рәміздік мәні бар ансамбль жасау керек еді. Дәл осы дипломдық жұмыста да ертұрманға отырғызылған образ модель.Басқа образдық логикалық құрылым  іздеу керек еді.

Қ.Даниярова."Жер ана"(жетекші профессор Сергебаев Е)

Бұл жерде тақырып сәйкес келмейд». «Жер ана» философиялық ұғым. Жұмысты ана деп қойса болар еді. «Жер ана» бейнесінің тарихта кемел үлгісі ол Түркістандағы тайқазан. Шетін айналдыра омырау емшек  формаларымен беинелеген. Отан ошақ басынан басталад дегендей, Махамбеттің «Қара қазан сары бала, қамы үшін қылыш сермедік» - дегеніндегі бала, бала да, қара қазан дегені - ол әйел адамның бейнесін образбен аитып тұрғаны. Бұл туралы әліде көп айтуға болады.

Дипломанттардың ішінде «Бақсы» тақырыбы өте қызық тақырып таңдалған.Мүсін өнерінің басты тақырыбы адам, оның сыртқы келбеті арқылы, ішкі рухани дүниесіндегі жоғары сезімін, күштілігін, ерік жігерін, күрделі психологиялық күйін ашып көрсету болып табылады. Бұл жерде бақсының бет әлпеті көлегейленіп қалған. Ал біз білетін бақсы кім. Бақсы өзі әнші, күиші, биші, ақын, психолог.. Ол жан жақты талант, дарын  иесі. Мүсінде асқақ позадағы образ ашылғанда ғой деп армандап қалдық.

Б.Әжиев."Шаман"(жетекші профессор Сергебаев Е)

Е.Нығметов."Аттила" Еділ батыр(жетекші профессор Жүнісбаев М)

Аттила туралы тарихи суреттер біршама.Біздің жыл санауымыздан бұрын бесінші ғасырларында, Сақ заманында ертұрман алғашқы үлгілері шықса, Аттила біздің жыл санауымыздың сегізінші ғасырында, ат әбзелдердің жетілген кезеңінде болған. Тарихи суреттерде Аттила үнемі тәж кйіп беинеленеді. Мына жұмыс ат үстінде ертұрмансыз отырған сақ көсемі де емес жай жауынгеріне ұқсайды.Тарихи шығарма болғандықтан сол кезеңдегі мәдениеттің қырын тереңінен зерттей, оның көңіл күйінің алуан түрлілігін мүсін өнерінде сұлбалау өте асқан шеберлікті көрсететіні нақты. Алынған тақырыпты сақ жауынгері деп алу керек еді.

Мүсінші жан-жақты қоршаған кеңістік пен жарықтың ортасындағы шынайы дүниені материалды түрде сезілетін көлемді пішіндер  түрінде бейнелейді.Дәл осы ерекшеліктерді нақты ұстана білген атақты мүсін өнерінің шеберлері көлеңке мен жарықтың ұтымдылықтарын, динамикалық күштің иірімділігін, пропорцияның  перспективалық  өлшемділігін ұтымды  таба отырып мүсін өнерінің кеңістікте орналасуында нақты орнымен шешіп классикалық туындыларын дүниеге алып келгендігі баршамызға аян.

Ендігі мәселе- станоктық графика шеберлігіне үйренген  түлектің диплом жұмысының ауқымы жайлы. Кафедрада қорғаған жеті дипломанттың жұмыстарынан тек біреуін ғана фотосуретке түсіруге мүмкін болды. Сақталмаған.Үш жұмыспен триптих жасап қорғаған.Мені ойландырған көлем бойынша бізде белгілі бір талап барма деген сұрақ. Шағын үш жұмыспен диплом қорғау меніңше кафедрада талқылану керек.  Станокты графиктің шеберлігіне үйренген түлек өзінің суретші деген атағын қорғай отырып, еркін тақырып болсын, әдеби туындылар болса  мазмұнын біртіндеп ашатын нақыштаулар циклын, сондай-ақ, кітаптың мұқабасын, бірінші бетін рәсімдейтін кейбір элементтерін ұсынуы тиіс. Бізде не көп атақты ақын жазушылар көп, неге соларды диломдық жұмысқа тақырып қылып бермеске. Жүз томдық фольклорымыз бар.Ал мына қорғап жатқан диплом жұмыстар қорғалған күннен кеин ұмытып қалатын жұмыстар. Сондықтан станокшы-графиктерге талапты күшейту керек. Осындай мәселе қыш мамандығында да бар.Қытайда қышты кез келген түске  глаузрь жасап бояаи алады. Диплом жұмыстар бізде неге солай қорғамасқа. Біздегі метродағы монументалшылар жасаған қыш панноға қарап таң қаласыз. Олардың бірде біреуі керамист емес.  Неге біздің диплом қорғаушылар сол дәрежеде емес.Керек десеңіз жоғары оқу орындарын қойып колледждерде гуашпен бояп сыртын лактап қорғағандарды көргенбіз. Кінәлі әрине ұзтаз, заңға тартылса жауап беретін бірінші ұзтаз. Мен ескерту ретінде айтып тұрмын.

Сәндік қолданбалы өнер  жасаған  туындының дүниеге қандай қиындықпен, еңбекпен келетінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Бұлардың дипломдық жұмыстары аяқталған туында ғана емес, бағалы тауар.Дипломант қол өнер шебері емес,  суретші ретінде көркем шығарма жасауы тиіс. Сондықтан сәндік-қолданбалы өнер композициясының ерекшеліктері көбінесе материалдың техникалық және көркемдік мүмкіндіктеріне байланысты. Биылғы жылғы қорғаған "Көркем тоқыма" мамандығының жетекші профессор Р.Е Базарбаева. Дипломант Қ.Сәрсенғалиеваның сәндік панносы "Пазырық әлемі" деген сырмақ технологиясымен орындалған сәндік панно.

Сәрсенғалиева Қ."Пазырық әлемі".(Сырмақ) Сәндік панно

Таңдалған пішін өздігінен-ақ өте әсерлі, себебі ол иілімділігімен, нығырлылығымен жәнеде нақтылығымен көз тартад. Сонымен бірге  дипломант тігінен және көлденеңінен сызылған пластикалық формадағыою тәрізді сызықтары арқылы  динамикалық ұшқырлылықты көрсету арқылы да өзгеше көркемдік берген.  Сырмақ панно   суретшінің ой-қиялына бағынышты бола отырып, оның қолының  икеміне қарай жаңа түрге еніп құбыла түскен. Сырмақтың барлық технологиялары сақтала отырып көркем шығармаға айналған.Туынды- кездейсоқ әрекеттің нәтижесі емес, логикалық қалануы дегенде осындайда аитуға болады. Сәндік өнер болса ол сырмақ болар еді, бұл жерде сырмақ технологиясы мен көркем шығарма сомдалған.

Ниязова А."Шуақты күн"(киіз) Сәндік панно

Санадан тыс дүние бүтінді құрайтын бөлшектердің ішкі үндестігімен беріле алады.Сондықтанда ой-қиялдың еркіндігіне сүйенген пішіндер өзіндік сұлулық ұшқырлығын шыңдай түскен.Колоритінен бастап тіпті багетінен шейін ерек талғаммен таңдалған. Тек біз кестенің жіптерін сәл жуандау алғанда суреттер нақтылай көрінер еді.Суретші үшін көрерменнің назарын ұстай білу өте маңызды дегенді осы жерде айтуға болады.

Оразбекова А."Тарих тегершігі"(кесте) Сәндік панно

Бейнелеу өнері тарихында пішін өзіндік даму тарихын абстрактілі өнердің аясынан тапты.Тақырыпқа сай бірден петроглифтегі арбалы суреттер алынған.Әрине арбаның отаны көшпелілер болғандықтан идея тура табылған. Яғни дөңгелек адамзат мәдениетінің символдық қозғаушысы. Панноның шетін ала сия көк түсті тор көзделіп тоқылған біз кестенің өзіғарыштық кеңістік беріп, философиясына тереңдік беріп тұр. Жұмыс тақырыпқа сай өте сәтті орындалған.

Құлбатырова Ж. «Көкпар». гоболен.

Орындалу шеберлігі жоғары деңгейде орындалған. Гоббеленнің кескіндемелік сипатпен шешілгенін ізденіс ретінде бағалап сәндік сипатының жоқтығын кемшілік ретінде де айтуға да болады. Алғы пландар жақсы шешілгенмен артқы планда бос кеңістік көп қалған. Ең аз дегенде тау жоталардың сілемін бұлыңғырлатып көрсетуге болар еді.Суреттегі бейнелер сауатты орындалған.Колориті жұмсақ-салқын Импрессионистік түспен орындалған жұмыстың өзіндік эстетикасы бар.

Бақырданова А. «Әуенді Астана». Ши.Сәндік панно.

Идея табылғанмен көркемдік дұрыс табылмаған. Сәндік мәнерде орындалғанда көркемдік шешілер еді. Астаның сипатын шынайы көрсете отырып , әуенділігін нотамен көрсеткен. Егерде шынайы көрсеткенде электр сымның үстіне қарлығаш құсты қондырса, нотадан кем болмас еді. Қарлығаш қасиетті құс ретінде философиясында көтерер еді. Ал сәндік мәнерде орындағанда нота үйлесед. Осы жерде қайшылық бар.

Маметова А.»Уақыт байланысы» Батик. Сәндік панно.

Жұмыс көлеміне қарамай өте нәзік орындалған. Тақырыпты шешу үшін ислам мешіттерін асқақтата беинелеп, ақ жол сызыққа адамдарды шағын бейнелеген.Уақыт пен тарихтың ортасын ақжолақ жалпақ сызықпен сызып, өзіндік философиясын көркемдікпен бере білген.Уақыттық кеңістік шекара дай әсер беред.Бірінші пландағы тұңғйық өзеннің бояу түсінің салмағы композицияда басымдау шықсада гармониялық түзіліміне нұқсан келтіріп тұрған жоқ.

Бегімбетов Н. «Мезгіл толқыны» сәндік панно.(жетекші. аға оқытушы Баширов С)

Ағаш, метал, былғарыны түйіндеген дипломант шебер өте сәтті шешім тапқан. Табиғаттағы жан жануардың көшін петроглифтердің бейнесімен алған.Ағаштың бедерін былғарымен қапталуы, аңдардың түсті металдармен бейнелуі бәрі де жоғары шеберлікпен орындалған.

Жетпісалиев Б. «Керуен» Сәндік панно. (жетекші. аға оқытушы Баширов С)

Зергерлік өнеріндегі пішін мен мазмұн арасындағы түрлі мәселелер мен олардың басқа материалдармен өзара сабақтастығын қарастыру барысына көз жүгіртіп өткеніміз абзал. Идея дұрыс шешілген. Фонында қанықты бояу жетіспегендіктен,  тауарлық эстетикасы барма деген сұрақ туатыны заңды. Кез келген шығарма тауар ретінде өту үшін өзінің бір әсерлілігі болу керек. Бұл жұмысқа осы мәселе жетіспейді. Сынан көрі баға деген ұғымның мағынасы терең екенін ұмытпағанымыз жөн.

Қару жарақ тарихына қатысты екі дипломдық жұмыс қорғалды. (Хасенов А. «Қайқы қылыш», Халиев Б. «Ерлік» жетекшілері аға оқытушылар Баширов с., және Құмаров А) Екеуінің де зерттеулері де тамаша сәтті шыққан. Қайқы қылыштың өлшемдері дәл берілген. Шеберге қойылатын талап жұмыстың шеберлігі жоғары әліде жоғары болу керек. Осы екі жұмыста сол шеберлік мәселесі төмендеу.

Толғамбаев Ә, «Томирис» Зергерлік бұйымдар жинағы.(жетекші аға оқытушы А.Құмаров)

Жұмыс таза күмістен соғылған, эмальмен, таспен көмкерілген.Көркем туындының қиюуластырылған сансыз бөлшектерінің бір-бірімен үйлесе, бітісіп кетуін және олардың бір-біріне, бүтін бір дүниеге бағына келе, оған ұласып кетуін ұйымдастыруы, сол туындыға бірлік, бүтіндік сыйлайтын және оның түпкілікті аяқталуын мүмкін еткен.Өте шеберлікпен орындалған.

Біздің еліміз елдігімізді таныту мен таныстыру барысында барлықөнер адамдарының алдындағы мәселе бұл ұлттық тағылымдарымызды жаңғырту,  ұлттық рухты көтеру болып табылады. Әйтсе де бұл суретші мен мүсіншінің ой  елегінен түрлі жолдар арқылы өтеді. "Көркем ағаш" бойынша қорғаған  дипломант О.Алимкулов теріден жасалған этнографиялық бұйым "Жағланды" жаңғыртып жасаса, дипломант Е.Рысмаханов эргономикалық жағынан тиімді бесіктің жаңа түрін жасады. Бұлда бір ізденістің түрі ретінде атап өтуіміз керек.

Сонымен диплом жұмыстарынан бейнелеу өнерінің жалпы кемшіліктері мен жетістігі да көрініп тұр. Бұны оқу үдерісіндегі нақты ақиқи мысал ретінде жалпы мәселелермен қортындыласақ.

1.Менің ойымша, дипломанттың да, оның жетекшісінің де қатесі осы бір тақырып таңдау, соның ішіндегі пластикалықшешіміқызықты сәтті таңдауы және іріктеп ала білуде.  Көзге көрінетін санқилы дүниенің ішінен суретшінің пластикалық деп аталатын анағұрлым текті дүниені іріктеп ала білуі тиіс. Осылайша, дипломант қызықты пластикалық мақамды тапқан күнде ғана эскизді дамытуды жалғастыруға болады. Мен оған белгілі бір композициалық шешімді айтып беру мүмкін емес деп санаймын, себебі, бұл ол үшін негізгі жұмысты жасау болған болар еді.Тақырып  дұрыс қойылу керек. «Шығарма тақырыбы сауалы болса, идеясы жауабы деген сөз" –осындайда айтылған.

2. Еліміздің әлеуметтік дамуы да бейнелеу өнерінің жалпы ахуалына, жастардың диплом жұмыстарына да таңбасын түсіргені анық. Сәндік қолданбалы өнер мамандықтары диплом үшін 40мыңнан 80мыңға деиін өз ақшаларын шығарады.Бұған академиядан қосымша ақша бөлінгені дұрыс.

3. Үшінші мәселе қорғалған дипломдардың қоры  және  жұмыстарының көрмесі болу керек. Ең аз дегенде суретке түсіріліп жыл сайын жеке католог альбом шығарылып республикаға жаппай танытып отыру керек.Жинақ жыл сайынғы  диплом қорғаушылардың даму дәрежісін көрсетеді. Осы мақаланы жазу үшін бәрін түсіруге тура келді. Станокты графиканың жұмыстарын таба алмадық. Не қорғағыны туралы айта алмаймыз. Сәндік қолданбалы өнер кафедрасында ғана дипломның ішінде фотосуреттері сақтаулы.

4. Ендігі мәселе диплом  жұмысының көлеміне байланысты. Мысалы биыл Абай ат.ҚҰПУ да кескіндемеден қорғаған дипломант Иманбакиев Е. (жетекшісі М.Қайдаров) "Абылай хан жорығы" атты ұзындығы үш жарым  метрлік зор жұмыс жасаған. Жұмыс аяқталмаған. Уақыт та, күші де жетпеген. Мазмұн жағынанда көркемдік жағынан да көп қателік кеткен. Талант бар, бірақ білім, эрудиция осындайда керек. Жалғыз талант аздық етеді. Бұндай гигантаманиялық психологияны тоқтату керек. Мұндай есікке сыймай қалатын зор жұмыстар  аракідік өнер академиясында болады. Диплом жұмыстар туралы арнайы ережеге бағыну керек. Тек дарындыларға артықшылық беруге болады.

5.Жоғары көркемөнер білімін беру орындарының жас тәрбиеленушілері көркемөнер білім беру орындарының дамуын тежеп отырған, даму міндеттерінің аяғынан шалып, идеялық-көркем мәнін шектейтін теріс күш ол ішімізде, басқаруда.

Біздің бүгінгі жоғары білім беру орындарына енді қандай мұғалімдер қажет? Бейнелеу сауатының жақсы мұғалімі ме, әлде, көркемөнер шығармашылығының күрделі үрдісін игеріп алып кете алатын, жас студентті көркемөнер туындысын ақиқи өмірдің бейнесінен суреттеп, бүтін бір көркемөнер туындысын сомдау құпиясына үйрете алатын шебер ме? Мұнда шығармашылық тәжірибесі мол жетекшінің атқаратын ролі зор. Суреткер өмір шындығын көркем образдарға жинақтап, шығармасының негізіне көрсете алу керек.Негізі ұзтаздардың өздері де көрме жасап тұрғаны әбзел. Академияның атына лайық болу керек.

Өкінішке орай, арнайы пәндердің кейбір мұғалімдерінің өздерінің міндетін тар түйсініп, оқыту барысында көркемөнер білімінің биік мақсаттарын мүлдем ұмытып, алға ұмтылмайтындары ешкімге құпия емес.

Ең бастысы студентке, әсіресе, сенімсіз жас студентке абстрактілік өнердің бірнеше жылдар бойы жұмыс жасауды қажет ететін тақырыпқа «жабысуына» жол бермеу керек.Академиялық білім керек. Біз бейнелеу өнерінің мүмкіншіліктері мен міндеттерінің мұншалықты жұпынылануына қарсымыз.Немесе  тақырыптарды жалған баяндап,  өмірден мүлдем бөлек, күмәнді бағытқа бет алуы.Әсіресе О.Таңсықбаев өнер колледжінен келген студенттердің осы жолмен айналысуы өте қынжылтарлық және өнер колледжі үшін ауыр сын.

Сондықтан да, жоғары идеялық мазмұнға қол жеткізе отырып, біз туындыны тартымды, өзіне тән ерекшелігімен әсерлі, көрерменнің көзіне жағымды және терең тылмысты туындататын ерекше құралдарымен эмоциялық әсер етуге деген талаптарымызды титтей де болса төмендете алмаймыз.

Бүгінгі жаһандану заманында жұтылып бара жатқан қазақтың, елдің рухын көтерер  туындылар біздің қоғамға керек дүние. Рухани байлықты қоғамдық ортада тұрған көркем өнерінен алып азық етсе, бүгінгі және келер ұрпақтың өз елдігімен болашағын болжауына күмән келтіре алмаспыз.Ең бастысы қазақ көркемөнерінің табалдырығында тұрған жас буыннан ой өрісінің биіктігін, эстетикалық көзқарасын, ұлттық рухты, өзіндік даралық дағдысын, әдіс, шеберлікпен қоса жауапкершілікті көргіміз келеді.