БҮГІНГІ ҚАЗАҚ КӨРКЕМӨНЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Жанарбек Берістен., профессор, философия ғ.к, Қазақстан Суретшілер Одағының жауапты хатшысы

БҮГІНГІ ҚАЗАҚ КӨРКЕМӨНЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАР, ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Біз бір сәт арғы тарихқа бармай ақ  Суретшілер одағының құрылғанына 80 жылдық межесімен шартты түрде қарасақ та, өнеріміздің кещегісі мен бүгінгісінің ара салмағын оймен таразылағанда, дәрежесі мен деңгейі әлемдік өнерде өз орына бар деп қуаныш сезіммен айта аламыз. Осы уақытқа дейінгі жазылған өнер тарихын шын мәніндегі тарих ретінде қарау жеткіліксіз, ол әлі замана биігінен қайта қаралуы тиіс мұра. Қазақ елінің тәуелсіздігі бұрынғы қажетті мұрасын қайта қалпына келтіру мүмкіндігін туғызды. Соның нәтижесінде өнерді жаңаша бағамдауға тура келеді. Көркемөнер атты рухани реальдық құбылыс көп жағдайда стильдер арқылы бағаланады. Солай бола бермек те. Өнердің ілгерлігі де, іргелігі де осы өлшеммен таразыланады. Бұл жәй ғана масаттану емес, көркемдік даму эволюциясын басынан өткерген күрделі шығармашылық үрдіс.

Бұған  өнеріміздің даму қарқыны, кәсіби маман суретшілердің өсу, кемелдену эволюциясын талдау қажеттілігі анық сезіледі. Бүгінгі қазақ өнері әлемдік ортада өзіндік ерекшелігімен, стильдік байлығымен иық теңестіре алады. Бұл мәселе осы уақытқа дейін сөз болмаған және болашақта талқылаудың жаңа нысаны ретінде баяндап өтпекпін.

Өнер тарихы шын мәнінде стильдер тарихы. Мәдениетті зерттеу ісін де өнер тарихы стилімен біте қайнасып жатқанын көреміз. Біз шағын зерттеу барысында осы стиль мәселесі арқылы пікір айтып күрделі өнер тарихы мәселесін шешіп тастау деуден аулақпыз, бірақ өзіндік пікір айтуда философиялық деңгейдің жаңа қырынан көрсетуге ұмтылатынымыз анық. Өнер тарихы мен стиль ұғымының бірлігін, байланысын қарастыру мәдениет стилін анықтаудағы ролі әрқашанда маңызды. Бұның бәрі стильдің ұлттық ойлау мүмкіндігіне негізделмек. Стил алуандығы өнер мұқитын байытатын толтыратын кәусәр бұлақтар.

Егерді хроникамен өлшесек өнерді тарихи  маңызы артпақ, ал стильдік өлшеммен өлшесек тарихи эстетикалық маңыз артпақ. Сонымен қазақ жерінде бейнелеу өнерінің қалай дамығанына назар аударсақ және қандай стильмен дамыды. Әрине ең алғашқы суретші ретінде Н.Хлудов пен Ә. Қастеевті айтамыз. Ойымызды нақтылай түйіндеп аитсақ. Примитивизм (англ.primitism-ең бірінші деген мағынаны білдіреді) 19-20 ғ.ғ. соңындағы бейнелеу өнеріндегі бағыт. Көркемдік бейнелердің сезімталдығын жеңілдету және қарапайым аңқаулау өнердің формасындағы сазды қатынастарды бағамдап бейнелеу. Бұл бағытта өздігінен талпынып үйренетін суретшілер, примитивизмнің әуені мен тақырыптарын, алғашқы өнер ретінде өздерінің жұмыстарында кеңінен қолданды. Сол үшін де примитизм қандайда бір настальгияның жетістігі, өмірдегі мәдениеттің образы.

Алғаш қазақстанда бағытты Николай Хлудов пен Әбілхан Қастеевті кеин қосылған Сергей Калмыковты, қазіргі заманғы Нейлэ Бубені айтуға болады.

Натурализм (фр. naturalisme, от лат. natura табиғат) - Европа мен АҚШ-та ХІХ ғасыр  соңында қалыптасқан, әдебиет пен өнердегі бағыт.

Өнер саласында натурализм ең алдымен француз жазушылары аитқандай : "суретшілер ең алдымен айнала қоршаған әлемді ешқандай да қоспасыз шынайы түрде салуы керек" деді. Олардың адам туралы шындықты айтуынан өмірдің биологиялық жағына қызығушылықтары арта түсті. Дәл осы сипаттама Николай  Хлудовта, Әбілхан Қастеевте  анық байқалды. Бұл екі суретші де осы жолды бастан кешті. Олар  байқағыштық пен бояуды терең сезіну позициясы шектелген таза натуралист еді.Сол кезеңнің қоспасыз өмірі тарихи этнографиялық жағынанда, стильдік жағынан да сондықтан құнды болып қала бермек.

Біртіндеп қоғам дамып әлеуметтік жағдай мүлде өзгерді. 1930-1970 жылдары  Кеңестік  сыншылдар  натурализмді, көркемдік  әдіс  ретінде  қарастырып,  реализмге  қарама- қарсы  бағыт  деген  сын айтты. Кеңестік реализм болмыс пен қоғам дамуының иделогиялық эстетикалық көрінісі ретінде насихатталды. Ал Әбілхан Кастеев өз шеберлігін шыңдай отыра артынан нағыз реалист суретшіге айналды.

Реализм (Фр. realisme – нағыз, заттық ) - өнердің функцияларын, түсінігін сезіне бейнелейтін: өнердің арнайы құралдарын өмір шындығында бейнелеу, оның көркемөнердегі реалдылыққа енуінің өлшемін, тереңдігіне толық енуін тану болып табылады.

Реализм өнердің дамуындағы негізгі тарихи тенденция ретінде түсіндіріледі. Реализм өнердегі әлеуметтік ащы шындық мәселеге қоғамдық өмірдегі талаптарына баға беру. 19ғ. басқарушы реализмнің принциптері болып өмірдегі объективті бар заттарды бейнелеу, автордың шындықты жоғары қойып, типті мінездерді қайта тудыру; бейнелеудің әдістерін құрметтеу «қоғам мен тұлға» мәселелеріне қызығушылықпен қарау болып табылады. Қазіргі уақыттағы реализм нақтылықпен жаңа тарихи байланыстарды іздестірумен мінезделеді, негізгі түбіртекті шығармашылық шешімдерді және көркемдік мәнерлілікті обрыздайды. 1930жылдары Қазақстан Суретшілер одағының іргетасын қалаған ұмытылмас есімдер  Әубәкір Исмайлов, Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Әбілхан Қастеевтер. А.Черкасский, Л.Лизогуб, Б.Орманшы. К.Баранов, В.Антощенко Оленов, Л.П. Леонтьевтар дамытса. Қазақ өнеріндегі 1950-70 жылдар Қ.Телжанов, Сабыр Мамбеев  сынды кемел таланттардың шабытты жемісті еңбек еткен жылдары болды. Сол жылдары Молдахмет Кенбаев, Камил Шаяхметов, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Исмайлова, Хакимжан Наурызбаев, Бек Түлеков, Николай Гаев, Нағымбек Нұрмұхамедов, Евгений Сидоркин, Алексей Степанов,Үкі Әжиев, А.Школьный, Әмен Қайдаров,Н.Таңсықбаев,А.Юлдашев, 80 жылдардағы  Камил Муллашов, Төлеген Досмағамбетов, Ескен Сергебаев, Бақыт Әбішев, 90- 2000 жылдардағы Жұмақын Қайраңбаев, Зейнекүл Түсіпова, Талғат Искаков, Бақытқан Мырзахметов, Досбол Қасым, Манат Қаспақ, Талғат Тілеужан,Тоққожа Қожағұлов, Максим Ведерников сияқты суретшілер бүгінгі күндері дамытуда. Тарихи мүсін ескерткштердің дені осы реализм бағытында орындалды.

Сонымен бірге кеңес заманында Әлеуметтік реализм-ресми көркем бағыт және теориялық принцип,1930ж. ортасынан 1980ж. басына дейін үстем болған. Ол практикада идеологиямен саясат принциптеріне әдебиет пен өнерді бағындырды. Соған қарамастан оның өмір сүру уақтында маңызды көптеген шығармалар дүниеге келді. 1980 жылдардың соңына қарай әлеуметтік релизм саяси жағдайлардың өзгеруіне байланысты тарихи-әдеби терминге айналды.

Қазақ өнеріндегі жаңа бетбұрыс жасаған ағым ол Импрессионизм ағымы. Осы импрессионизм арқылы ұлттық эстетиканың сапасын көрсеткен  ол Сабыр Мәмбаев ағамыз. Қазақ өнеріндегі 50 жылдардың аяғында келген Импрессионизм(фр.impressionisme, impression - әсер ) өнердегi XIX ғасырдың екiншi жартысындағы Франция пайда болған көркем бағыт.

Жаңа ағым  сол реализмнiң жылдарындағы қазақ өнеріне жаңа көкжиектер ашып өнердiң дамуына және жаңа тұжырымдамалар, ағымдар және формалардың пайда болуына қозғау салды. Ол өз кезегiнде жаңа көркем эстетикалар және бағыттардың пайда болуына ықпал етті. Бұдан басқа Жанатай Шарденов,Сахи Романов, Зейнекүл Түсипова, Өркен Мамакова, Бүгінгі күндері Жұмаш Кененбай, Гүлжамал Тагенова, Құрманғазы Ақашев, Фридлин сияқты таланттар жалғастыруда.

Постимпрессионизм (импрессионизмнен кейін) 19ғ. аяғы – 20ғ.басында француздық өнердің жиналмалы бірнеше бағыттардың бірі импрессионизмнің жалғаушысы болып табылады. Постимпрессионистік суретшілерді бір ғана нәрсе біріктіреді ол – импрессионизмнен белгілілерін көркем-шығармашылық эстетикалық ізденістерге итермелеу, кенепке лезде орындалатын жұмыс емес ұзақтау уақытта бейнеленетін, өмірде кездесетін жағдайларды материалды түрде, жандүниеде кездесетін бейнелерді кескіндеу болып табылады. Ең таң қалатын құбылыс әлемдегі үдерістің қазақ топырағында  кеш басталса импрессионизмнен кеин постимпрессионизмнің келуі.Ұлттық мектептің пластикалық тілін қалыптастырамыз деп мақсат қоймаса да өнер формасы бойынша да мазмұны бойынша ұлттық болуы тиісті деген тұжырым идея болды. Бұл ізденістер әр түрлі жолдармен жүрді Салихиддин Айтбаев, Әли Жүсіпов, Ш.Сариев, Әбдрашит Сыдыханов,Тоқболат Тоғысбаев, Кенжебай Дүйсенбаев, Амандос Ақанаев, Графиктер Мақұм Қисамединов, Ә.Смағұлов, М.Табылдиев, бүгінгі күндері Бақытқан Мырзахметов, Жеңісбек Әбдраман және графикадағы жалғастырушы Темірхан  Ордабеков, Мағауия Канленовтер ең жарқын өкілдері. Постимпрессионизм әдісінің қазақ суретшілерінің арасында кең тарағаны ол сезанизм.

Сезанизм-постимпрессионизм өкілі, көрнекі кескіндемеші Поль Сезан есімімен аталған -ХХғ.1-ші жартысындағы кескіндеме ағымы, - П.Сезанның әдісіне бағытталған, түстердің кереғарлық құрылымы арқылы берік, тұрақты көлемді форма;оның көркем түйінделуі мен геометриялылығы. Сезанның пікірі бойынша, суретшінің міндеті бір мезеттік шындықты фиксациялау емес, оны терең зерттеп, негізгі қасиеттерін- көлемін, құрылымын, мәңгілік мәнін, әлемнің монументтік сипатын, оның тұрақтылығын, өзгермейтін сызығын бере білу керектігінде деген.

Өзінің ''іске асыру'' деп атаған шығармашылық принципін, Сезанн''Пуссен секілді  тікелей заттың өзіне қарап жазу'', дәлірек айтқанда табиғатты бақылау мен зерттеу арқылы тікелей заттың өзімен жұмыс жасау арқылы жаратушының құрылымдық ойын түсіну.

Сезандық кескіндеменің негізі- сурет, түс және кереғарлық. Түс – бұл басты форма жасаушы бастау. Ал кереғарлық арқылы суретші заттарға ерекше маңыз бере отырып оның толық екенін сездіретін көлемдер жасайды. Сезанн, кеңістікке аса мән бермеген, барлық бейнені бірге бір кеңістік аумағына тартады. Сезанды ''таза кескіндеменің'' өкілі, кейде әлемнің өзіндік философиялық концепциясы мен өнерін  жасаушы деп те айтатын. Қазақ суретшілерінің 60 -80жылдары келген үлкен шоғырлы топтың дені сезанистер. Сезанизм мәселесі қазақ өнерінің үлкен бір тарауы, ол әлі қалам тартылмаған,  әлі зерттелмеген тың саласы.

Кубизм ( фр.Cubizme, куб ) - 20 ғасыр басындағы француз өнерінің  көркемдік бағыты. Кубизмнің мәні - бұл примитивизм, әлемді, геометриялық фигураларды тура қабылдау  формасы.

Кубизм өзінің шарықтау шыңында 3 кезеңнен өтеді: Сезандық, аналитикалық, синтетикалық. Алғашқы кезең (1909) үшін көлемді, бірнеше өрескел формалар, түзу және сынық  сызықтар  сипатта болды. Екінші кезең (1909-1912) бейнелеуінде ұсақ детальды затармен ерекшеленетін. Тұтас форманы бөлшектей отырып, суретші затың анализін жасау үшін оның құрылымына енуге  ұмтылады. Бұл бейнеленетін  заттардың және жанрдың шектелуіне әкелді (натюрморт, пейзаж, және портрет ), синтезге негізделген кезең (1913-1914 ) коллаж болды. Картиналар әртекті материалдар мен көріністерден жинақталған (киім газеттердің қиындылары, түсқағаз қиқымдары, сіріңке қораптары, жапсырмалар). Дәстүрлі кескіндемені қабылдамай, өздігінше, тәуелсіз кескіндеме жанрын құрады. Қазақ өнеріндегі көшбасшылары С. Айтбаев,Ш.Сариев, Ә.Жүсіпов т.б.

Традиционализм. Дәстүршілдік. Дәл осы кезеңде қазақ монументалды өнерімен сәндік қолданбалы өнерде дәстүр бояуларын ізденістер кең қанат жайды. Идеологиялық ережелердің таптаурын жолына түскісі келмегендіктен, көркемөнер мектебінің ұлттық принциптеріне деген ізденістер басталды. Сол кезеңде жұмыс істеген монументалистер Молдахмет Кенбаев, Цивчинский, Құрас Тыныбеков, Қанапия Оспанов, сәндік өнердегі Сәуле Бөлтірікова, Бәтима Зәуірбековалардың ізденістерімен белгілі. Бұл суретшілердің шығармалары рухани эстетикалық бағытымызды айқындап қана қоймай дүниетаным қалыптастыруда үлкен рол атқарды және ой санамыздың бір адым ілгерілегендігінің айғағы. Рыстан Өмірзақ, Зейнелхан Мұхамеджан.

Сексенінші жылдардың аяғындағы Кеңестік қоғамдағы «Қайта құру» реформаларының басталуы мен суретшілер арасында ұлы еркіндік атты  жағдай пайда болуына жағдай жасалды. Оның артынша табиғи таланттардың лықсыған шығармашылық энергиясының ұлы арнасына айналдырған сондай бақытты сәт Тәуелсіздікте келді. Дәл сол кезде Әбдрашит Сыдыхановтың «Таңбалық кескіндемесі» реформатрлық табысмен стилдік ағымдардың жаппай дамуына бастамашы болды. Мұнан соң шығармашылық потенциалдың жаппай еселей артуының бір ағымы авангардизм келді.

Авангардизм (фран.avantgard- алдыңғы қатар), авангард-XX ғ. новаторлық, бунтарлық қозғалыстар мен көркемдік мәдениеттегі бағыттардың жиынтығы. Авангардтық ағымның шығармашылық бағдарламасы, идеялары мен әдістерінің түрлілігі бойынша онда жалпы сипаттарды бөлуге болады: ең алдымен «формадан босатуға», толық еркіндік пен басыбайлықтан босатуға талпыну. Бұл бірінші дәстүрлік өнерге теріс қатынас көрсетуде, бейнелеу мен сұлулықтың классикалық нормаларынан бас тартуда көрінеді; сонымен бірге өзінің туындыларын көрсетудегі ойлаудың ассоциативтілігі мен эпатажды сипаты.

Суретші-авангардистердің негізгі мақсаты өмірдегі «екінші шындықтың» сипатын, әлемнің субъективті моделін құру болды. Сондықтан да олар өнермен шындықтың арасындағы шекарасын жоюға, өнер туындыларын адамдарды қоршаған ортаға енгізуді ұйғарды. Ол инсталляция, энвайронтмент, хэппининг сияқты формаларда кең өріс алып дамыды.  Дәстүрлік өнердің ережелерін , көркемдік және антикөркемдік шығармалардың әдіс- тәсілдері, формаларын құра отырып, авангардистер фотография, кино, электрондық музыка секілді өнердің жаңа түрлерін пайда болып, олардың дамуына мүмкіндік берді.

Модернизм - (фр. modernisme, от moderne -замандас, жаңа ) ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған көркемдік өнердің жиынтық бағыты. Бұл шығармашылықтың жаңа түрін жасайтын шебер, әр шығармасын өз көзқарасы бойынша өзгертіп, өзіндік алған әсеріне сүйене  отырып  жасаған. модернистік тенденцияның ерекшелейтін бағыты - импрессионизм, символизм және модерн болды, дегенмен бұл қозғалысқа экспрессионизм, нео және постимрессионизм, фовизм, кубизм, футуризм және кешірек пайда болған  бағыты - абстрактылы өнер, дадаизм, сюрреализм бағыттары жатады.

Ал басқаша айтқанда модернизм - авангардизмнің алғашқы баспалдағы ретінде қаралады. Кең түрде бұл бағыт " басқа өнер" мағынасында түсінуге болады. Бұл қозғалыстың басты мақсаты, нағыз ерекше туындыларды өмірге деген ерекше, өзіндік көзқарас, бейнелеу өнерінің жаңа бағытын тудыру. Бақыт Бапішев, Асқар Есдәулетов, Ақтоты Смағұлова, Асқар Есенбаев, т.б.

Қазақстан көркем өнерінде бүгінгі күнде дамып жатқан көптеген стильдік ағымдар бұл күнде мәдениеттің - ашық заманауи қоғамның бағыт-бағдарларын білдіреді. Стилистік сантүрлілік, сондай-ақ, жаңа заман тарихына  да өз мөртаңбасын басты. Олар заманауи өнер деп аталатын дүниені құрайды. Әрине, барлық айырмашылықтарына қарамастан, эстетика тұрғысында олар белгілі бір ішкі туыстыққа ие.        Бүгінгі заманауи қоғамда бірегей стандарттар жоқ, әрбір топ өзінің құндылықтарына, тілі мен стиліне ие. Сондықтан плюралистік қоғамда бір уақытта көптеген стильдер қабаттаса, қосарласа бір тіршілік етуі тиіс. Осы жаңа кезеңде бейнелеу өнері өзіндік үлгілік нәтижелерге де қол жеткізді. Өзінің таза концептуалдық  үлгілерімен және өзінің келіскен үйлесімділігімен маңызды қоғамдық резонанс құрып қана қоймай, бізді қызықтыратын мәселелер үшін маңызды теориялық тұжырымдамаларды ортақтастыра да білген туындылар дүниеге келе бастады.

Неоклассицизм. (лат. Classicus –үлгі) бұл ежелгі грек және рим, ренесансс суретшілерінің негізгі принциптерін басшылыққа алады. Классицизм әдісінің дамуына біріншіден нарықтық экономиканың сұранысы ықпал етті.  К.Муллашевтің ескі шеберлер стилінде салған шығармалары өте табысты болды. К.Муллашевтің Е.Теё.

Постмодернизм (соңғы модернизм ) – постмодерн термині  XX ғ. соңындағы көркемөнердің реалды емес бағытын біріктіруде, көркемөнер қозғалысын ортақ өмірдегі және жаңа дамыған елдің мәдениетіне ұқсас болып келуін білдіреді. Көбін белгілі стильдік тақырыпта ыңғайда ғана қарастыруға келе бермейді.авангардистік тәжрибелердің дендеуі. Постмодернизмнің қазақстан өнертанушылары аитып жүрген атауы актуалды өнер. Өнердің барлық түрі актуалды және бұл термин атаумен келіспеймін.

Сонымен Постмодернистік өнердегі стильдердің санқилылығы,  бүгінгі заманның әлеуметтік өмір салтының көрінісі. Постмодернистік өнер әуел бастан-ақ көпқырлы, ыдыраңқы, қарама-қайшылықты құбылыс еді. Кейде оған «бағыттан кейінгі өнер» деген атауды да таңып жатады. Оның мұндай санқилы сипаттары бүгінгі заман өнерінің қарапайым ағымдарының тізілімін де көрсете алады: видео арт өнері; перформанс; боди-арт; тұжырымдамалық өнер(инсталлияция); кескіндеме өнеріндегі шынайы суреттер; мүсіндеу өнеріндегі гиперреализм; монументалдық абстрактілік мүсіндеме өнері (ленд-арт, топырақпен жұмыс істеп, өнер туындысын дүниеге әкелу); бүгінде басты сипаттамасы қаталдық пен нақтылық емес, эклектикаға меңзеу болып табылатын абстрактілі кескіндеу өнері.

Постмодернистік өнердің жоғарыда аталған ерекшеліктерін жалғастыра беруге болар еді. Дегенмен, осы айтылғандардың өзінен постмодернизмнің өнердегі қалған барлық түрлерінен қаншалықты айрықшаланатыны және ең алдымен, өзінің тікелей алдыңғы аға буыны- реализммен модернизмнен қаншалықты айрықшаланытыны түсінікті. Қазақстан постмодернистері Америка мен Еуропадағы ірі бинналдарға қатысып үлкен жетістіктерге жетті. Батыстық өнер сүйер қауымды  қайран қардырған суретшілердің ой еркіндігін кеңістікті шығармашылық призмасы арқылы көрсетудегі дүниетаным кеңдігін шетелдік өнертанушылар атап көрсетті. Қазақстандағы бұл бағыттағы суретшілер Кенжебай Дүйсенбаев, Амандос Ақанаев, Мұқатов Табылды, Рашид Нүрекеев, Асия және Қадыржан Хайруллиндер, Алма Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Руслан Халфин, Елена  және В.Воробьевалар, Валерий Рупель, Вячеслав Ахунов, Қанат  Ибрагимов, Молдағұл Нарымбет, Саид Атабеков, Виталий Симаков, Ербол Мелдібеков, Андрей Нода т.б .Модернизмнің суретшінің жеке тұлғасын пір тұтатыны анық болса, бұл адамды тобырға айналдырудың өнердегі көрінісі.Ең бастысы постмодернизм өнері ұлтсыздану ұраның бір тармағы десе болады. Постмодернизм өнеріне аса сақ болуымыз керек. Ал көп болған жағдайда өнердің құнын түсіріп, ортаны маңгүрттендіреді.

Өнердің жаңа түрінің даму процесі әлі жалғасуда. Ол Қазақстандық суретшілердің шығармшылығындағы әлі де терең талқылауды керек ететін көркемөнерлік ақпараттармен байыуда. Шығармашылық еңбектің табыстарын алқалы топтың алдына тартып, талғамшыл көрерменнің сарабына салып отыру –ол уақыт талабы болып қала бермек.

Абстрактілі экспрессионизм. Суретшілер кенеп бетін ірі жағындылармен бояды. Жазудың бұл экспрессивті тәсілі туындының өзіне қарағанда маңызды болып табылады, сондықтан да картина құру процесі үнемі жарияланып отырды. Көрермендер алдында бүкіл қойылым ойналды, онда суретшінің жесті мен қозғалыстары кенеп бойымен төгіліп жатқан бояу секілді белсенді роль ойнайды. Мұнда сыншыл Харольд Розенбергтің абстрактілі экспрессионализмінің берген екінші атауы- «іс-әрекет кескіндемесі» атауға болады. Ол картина салудың физикалық актін нақты көрсететін анықтама. М.Нарымбетов.

Пуантилизм «фр.Pointel-нүктелі хат» кескіндемедегі шығармашылық тәсіл, өзімен бірге бөлінген жеке нүктелер анықталған мазоктарды ұсақ нүктелі және төртбұрышты түрде таныстырылған.

Түстерді табуы, араласуы және көп түсті ғажайыптың пайда болуы политрада емес, кенепте емес ол – көрерменнің көзінде және қабылдау сезімінде болады. Осы үшін арнайы жазу техникасы – пуантилизм ойлап табылды. Нүктелі жағыстар кенепте таза түстерді физикалық және математикалық заңдылықтарының өзара қатынастарының орналасуының сәйкестігін кенепте көрсетті.      Пуантилизм ретсіз импрессионистік ұйымдастыру манераларын нақты және жүйелілік картинаға белгілі бір тақырыптағы тұрақтылық берді. Жазудың жаңа техникасы өте қиын, суретшілердің көп уақытын және көп еңбектенуді, адамның күшін, еркіндік эмоцияларын қажет етеді. Дегенмен де шығармашылық тәсіл ретінде қазір кескіндемедегі ерекше техника болып қалды. Қазақ өнеріндегілер Қалиолла Ахметжан. Болат Тұрғынбай.

Видео-арт (ағылшын. video-art – видеоөнер) –XX ғ. соңындағы видеотехника, компюьтерлік  және телевизионды бейнелердің мүмкіндіктерін көркемдік концепцияда көрсету үшін пайдаланылатын бейнелеу өнеріндегі бағыт.

Боди-арт (ағыл. body-art-дене өнері)- авангардтық өнер түрлерінің бірі, мұнда негізі объект суретшінің өзінің денесі болып, ал мазмұны тұрған тұрысы, жест және денеге салынған белгілер көмегімен ашылады. Дене манипуляциялаудың заты ретінде қарастырылып, суретшілер экзистенциалды  жағдайда қызығушылығын білдіреді: өмір-ажал, эрос-танатос, сана-бейсана; боди-арттың келесі  доминанты-садомазохисттік мотивтер, фрейдтік символика, сексуалдық  өзіндік идентификация.

Боди-арт композициясы тірі бейнелер принципінде туындайды. Олар көрермен алдында тұрып және түсіріледі, көрме залдарында демонстрацияланады.

Медиум суретшілер Виталий Симаков, Саид Атабеков, Молдағұл Нарымбетов, Ғали Мырзаш. Оп-арт (анг.ор.art.қысқартқанда optikal art-оптикалық өнер)-өнердегі бұл бағыт көрермен иллюзиясынада әр-түрлі қолданылады,тегіс және кеңістіктегі фигуралардың ерекше қабылдауының негізінде болады.Оп-арт бағыты 1950ж қозғалыс ретінде туындады. Оп-арт 1960ж тек кескіндеме өнерінде ғана емес,сонмен қатар сәндік қолдану өнерде,графикада, дизайнда сән әлемінде, сәнді бояуда ұзақ болмасада ,кең көлемде етек алды. Бақытқан Аңсапберген.

Поп-арт (анг.рор art.кеңінен тараған өнер)-өнердегі 1950-1960жылдардағы бағыт,белгілі обектілердің өнімдерін жарнамалау және бұқаралық мәдениеттердің символды преработкаларды мінезді түрде характерік пайдалануға қолданды. Поп-арт, абстрактылы өнердің күштеуіндегі байланыс ретінде туындауы,реалдылыққа қайта оралу өзінің мақсаты деп саналды. өнердің осындай формасында хеппенинг, инсталляция, энвайромент сияқты талапты болған.

Инсталляция (агыл.installation - қою, орналастыру, монтаж ) - тұжырымдамалық өнер мәтiндiк және көретiн мәлiметтiң тұрмыстық заттар, өнеркәсiптiк бұйымдар және материалдар, табиғи объекттер, бөлiктердiң әр түрлi элементтерден суретшi жасалған кеңiстiктiң композициялығы.

Бұл ерекше ойын-сауық өнердiң - Көшедегi экспозициялық залдарға  босаға аттаған видеотехниктер, компъютер технологияларының мүмкiндiктерiмен жайғастыру.

Посткескіндемелік абстракция (англ.post-painter abstraction) 1960ж. Америка құрама штатында түрлі геометриялық абстракцияның абсракты кескіндеме бағытында пайда болды. Посткескіндемелік абстракция абстрактылы экспрессионизмдегі кескіндеме техникасына қысқартылған сызықты нақты тура контурлар бейнеленді. Қарапайым кескін үйлесімдері композициялы қойылымдарда қайталанды. Кейде геометриялық фигуралар бір кескіндемелік белгіге дейін азайған(үстінен тең бояуға бөлінген жолдар) немесе геометриялық аскетизмнің пайда болуынан – кенеп толығымен бір түсті бояулармен жағылған болды Армад Бектас.

Геометриялық абстракция басқа атаулары суық абстракционизм, логикалық, ақыл-ой абстракционизмі- әр түрлі геометриялық  формалар, түрлі-түсті жазықтар, түзу мен қисық сызықтарды үйлестіру жолымен көркемдік кеңістікті негізіндегі және абстрактілі өнердегі ағымды айтамыз.

Геометриялық абстракция заманауи сәулет өнері, дизайнның дамуы, өнеркәсіптік, сәндік-қолданбалы өнердің дамуна үлкен ықпал етті. Бақыт Шилдерханов.

Анахронизм (грек.ana- кері, қарсы және chronos –уақыт, екінші аты- гиперманьеризм)- өткен өмірдегі авторлық баяндауды ұсынатын постмодернистік кескіндеме ағымы болып табылады. Өнердегі авангардтық бағыт модернизмнің терістеуші нәтижесі бола отырып, постмодернизм өзінің мақсатын ескіге оралу, ілкі формаға, тарихи дәстүрлер мен өткен ғасырлардағы мәдени стилдеріне қайта оралуды жариялады. Өзінің гиперманьеристік мәні бойынша, стилизаторлар концептуализм позициясымен өнер тарихын талдауға жүгінеді. Ой, концепция, көркемдік цитата-суретшінің өткен өмірмен болатын диалаог негізі. Оның нәтижесінде жеке тарихи әлем мен қызметтік стильдер, туындылар пайда болады. Бұл туындыларда өткен мен болашақтың бейнелері көрініс табады Қанат Ибрагимов.

Аналитикалық өнер –жеке кескіндемелік  шығармашылығында негізделген шығармашылық әдіс. Суретші табиғат атом мен молекулалардан  едәуір ірі нәрселер қалай  жасаса, ол да өз шығармассын солай жасайды.  Кез келген объектіде форма мен түсі ғана маңызды болмай, онда көрінетін және көрінбейтін жағдайлар әлемі, олардың эманациясы,реакциясы енгізілуі, генезисі, белгілі және құпия қасиеттері бар екендігін  түсіне отырып, көптеген әртүрлі қасиеттер кескіндемеде көрсетілуі мүмкін екендігін пайымдады. Туынды жасау кезінде суретші анық көрініп тұрған жағдайларға ғана емес, сонымен бірге көрінбейтін, жасырын орналасқан көрініске сүйену керек. Бұл бейнеленіп отырған заттың құрылуы мен қызмет етуінің ішкі заңдылықтары. Заттың ішкі көрінісін табиғатқа негізделген «форманың органикалық даму заңына» сүйенетін графикалық- кескіндемелік конструкцияда деп түсіндіреді. Қазақ өнеріндегілер Сакен Ғумаров, Рахман Бертлеу.

Абстракционизм (лат.abstractus –дерексіз) XX- ғ. негізгі шығармашылық бағыттарының бірі. Мұнда туынды құрылымы формальды  элементтерде –түзу, түрлі-түсті даққа негізделеді. Абстракционизм туындылары өмірдің формаларынан негіз алады: затсыз композициялар суретшінің субъективті көзқарастары мен қиялын толықтырады, оның санасы бос ассоциацияларды, ой қозғалысын және эмоционалды сезімдерді туғызады.

Абстракционизм бағыт ретінде XXғ. басында  бірнеше еуропалық елдерде пайда болды. Абстракционизм пайда болғаннан бастап екі негізгі жолдар туындады. Біріншісі –геометриялық немесе логикалық  абстракция, ол геометриялық формаларды, түрлі-түсті жазықтарды, түзу мен қисық сызықтарды үйлестіру жолымен кеңістікті  құрады. Екіншісі- лирикалық- эмоционалды  абстракция, онда композициялар ағымдағы бос формалармен  ритммен ұйымдастырылады, Асия және Қадыржан Хайрулиндер шығармашылығында, жұмысында көрсетілген.

Лирикалық абстракция (екінші атауы - лирикалық-эмоциялық, психологиялық абстракционизм) - абстрактылы өнердің бір бағыты, суретшінің эмоциялық - психикалық көңіл-күйін тура  сипаттауға  талпынады. Лирикалық абстракционизм - суретшінің фантазиясы мен адамның жан дүниесінің түстерден алған  әсерінен пайда болады. Кенжебай Дүисенбаев және оның шәкірттері. Фовизм (фр: fauve - жабайы) «жабайылар» - ХХғ басындағы француз өнеріндегі бағыт лидерлері Анри Матисс болған, жас суретшілер тобының шығармашылығымен көрсеткен.

Бұл қозғалыс нақты формаға келтірілген программасы мен теориясы болған жоқ, оның қатысушыларын тек қарқынды бейнелерді тудыру идеясы біріктірді. Постимпрессионистердің қол жеткізгендігіне негізделе отырып, фовистер кескіндемеде түстердің максималды мөлшерін қолдануды көздеді. Түс суретінің сезімімен көңл күйін беретін негізгі затқа айналды. Түстік көлеңке моделировкасы  мен сызықтық перспективадан бас тарту фовизмнің сипатты белгісі. Кенжебай Дүисенбаев және оның шәкірттері.

Лучизм (rayonismus, от франц. rayon- луч) - Орыс өнеріндегі 1910 жылы көркем - сурет мектебі. Кескіндеменің мақсаты - кескіндеменің ерекше заңдары мен қолданыстарын беретін төртінші өлшемі болатын. Суретші кенеп бетіне заттардың өзін емес, оған шағылысқан сәулелерді бейнелеуі тиіс еді: кеңістік бетінде түстер мен энергетикалық сәулелердің әр түрлі заттармен шағылысқанда пайда болған әсерін бейнелейді. Ларионовтың пікірінше," жазықтықта заттың өзін емес, одан шағылысқан сәулені бейнелеу оның характерін жақсы табуға көмектеседі "дейді. Бұдан басқа, мұндай бейнелеу арқылы біз затты " көзге көрінуі "бойынша бейнелейміз. Бірақ суретші картина жазғанда тек қана сәулелерді хаотикалық тәртіпте ғана жазып қоймай, оның формасын табуда одан алған эстетикалық әсерін де бейнелеуі керек. Бірақ  бұл бағыт А.Қазғұловта анық байқалады.

Минимальное  искусство - ( англ. minimal art от лат. minimus-кішкентай; мини-арт), минимализм - авангардизмнің көркемдік бағыты. Минималисттердің шығармалары  геометриялық көлемдер мен кескіндер, олар- пластмасса мен металдардан жасалған қораптар, торлы құрылым, конустар, тікбұрышты планшеттер, өндірістік орындардағы авторлық нұсқалар мен сызбалардан орындалған. Суретшілердің табиғи материалдар - ағаш, тас қолданғаны аз емес, олардан артық заттың барлығын алып тастап, қарапайым мүсіндік формалар жасаған. Минималдық өнер - механикалық бағыт, оның туындылары имперсоналды. Қазақстандағы негізгі айырықшаланатын Сакен Нарынов.

Символизм (грекше symbolon-белгі, символ)- XIXғ. Аяғы мен) XXғ. Басындағы Европадағы әдебиет пен бейнелеу өнеріндегі бағыт. Қазақ поэзиясында символизм М.Жұмабаевтан басталады. Оның әлемтану тұжымдамасының негізінде көрініп тұрған әлемнен басқа бұлыңғыр болып көрінетін біздің шынайы әлемімізді көрсету,бейнелеу.Суретші біздің қиял әлемімізбен жоғары сезімдік шынайы өміріміздің арасындағы делдал болады. Ол көру бейнесіндегі ‘’сезім формасындағы идеяны’’ көрсетеді.

Бейнелеу өнеріндегі символизм – бұл бір система бойынша құрылмаған және суреттік тілі қалыптаспаған. Суретшілер ақын-символистер секілді өлім,махаббат,күнә,ауру мен қайғы, эротикадан шабыт іздеді. Суретші –символистер көбіне аллегорияға, мифологиялық және діни желіге көңілін аударды.

Осы бағыттың барлық өкілдеріне тән бұл өзіндік бейнелеу тілі: біреулері сәндікке, экзотикалық бөлшектерге, басқалары бейненің қарапайымдылығына, нақты фигуралар контуры жуылған тұман буында жоғалатын силуеттер салуға әуестенген. Айбар Тазиев пен Нұрлан Килибаев,

Супрематизм (латын тілінде supremus-ең биік)- 1910 жж.негізі қаланған. Ресейдегі авангарттық өнер бағыты. Супрематикалық композициялар түрлі-түсті жазықтықтардан, тіктөртбұрыш,төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, құрастырылады.

Сюрреализм (фр: surrealisme – жоғарғы реализм) – ХХғ. Бірінші жартысындағы әлемдік өнердегі көркемдік бағыт. Онда сюрреализмнің, керемет, бейсаналық, «ессіз махаббат», еркіндік революциясы.

Қиялда білінтін, түс көру,  галюционацияларда, автоматтық түйсіктерде, күтпеген ойлауларда пайда болады.

Картиналарда шешілмейтін жұмбақтарды шешуге шақырады.  фантастикасы, формалардың парадокстық үйлесуі және бейнелердің өзгергіштігі – бұл сюрреализм өнерінің ортақ ерекшеліктері.

Символизмнің дадаизмнің, метофизикалық кескіндеменің  ойының мұрагері болып, жаңа бағыттардың әлемдәк өнерде пайда болуына түрткі болды – магиялық реолизм, фантастикалық реализм, абстрактілі экспрессионизм, поп – арт, сонымен бірге әсәппенинг, перформанс және консептуалдық өнер. Есімғали Жұманов, Аибек Бегалин, Айбар Тазиев, Лю Ко, Елена Шангина, Петр Белов.

Трансавангард (лат: trans – ішінен, арасынан және фр: avant – garde - авангард) – 1970жж. Аяғында Италияда пайда болды.     Суретшілердің  мақсаты «жаңарған тіл» табу. Бұл ізденістерде екпін архетиптілікке қойылады, мәдениет «кодты», яғни көркемдік ой мен сезімдердің «археологиясына».

Трансавангардтың ортасындағы көңіл – денелік проблемасына, халық нанымдарына, кубизмнің заманға сай  интерпритациясына, футуризмге және сюрреолизмге, «бейресми» кескіндемедегі әдет – ғұрыптарға аударылады.

Қозғалыс мүшелерін, жазу мәнері мен жұмыстың сапасының әртүрлілігімен  өткен өнерге деген қызығушылықтары  біріктірді, суретшілерді қазіргі өмір реалдылығы аз қызықтырады. Өздерінің картиналарында олар уақыттан тыс, мәңгілік тақырыптарға көңіл бөлді, адам жанының ең жасырын бұрыштарын н зерттеді. Сержан Баширов, Өмірзақ Рыстан, Зейнелхан  Мұхамеджан.

Футуризм (лат: futurum – болашақ ) – ХХғ Италияда туған әдеби көркем бағыт. Өткенді итере отырып, салттық мәдениетті оның барлық байқалуымен футуристер өзінің көзқарасын болашаққа аударды, келе жатқан индустриализм, техника мен жоғары жылдамдықтар мен өмір ритімдерін қолдады.Көркемдік кредоның негігі принципі – жылдамдық, қозғалыс, энергия, футуристер ең қарапайым әдістер арқылы беруге тырысқан. Олардың  кескіндемесіне энергиялық композициялар тән. Негізгі көш басшы Сакен Нарынов.

Гиппереализм (ағылш. hyperrealism – асқын реализм, басқа атаулар – суперреализм; фотореализм, суық реализм, батыл реализм) –Пішіңді көркемөнердің формасы, гипперреализм бола тура фотосуреттік ерекшелікке еліктейтін шындыққа айқын дәлдікпен ерекшеленеді. Елена Тё.

Граффитзм (ағылш.graffitism, басқаша итал.graffiti – соз. «тырналған»), «жер асттары өнер» - 1970-1980-шi жж. постмодернизмнiң кескiндемесiнiң американдық ағым.

- бояуы бар тозаң баллондар көмегiмен ғимараттың қабырғасына салынатын үлкен форматты суретті шығармалар.

Кең қозғалыс қалай метро, қоғамдық ғимараттар және дүкендердiң қабырғаларында вагондарда әртүрлi жазуларды жаппай пайда болды.    Қазiргi граффити - бұл урбанизацияның нышаны. Онда екi бағыт ерекшелеуге болады - сюжеттi және шрифттiк.   Күрделi суреттер қазiргi өмiрде әлемнiң өзi әртүрлi елдерiндегi қалалардың ажырамас бөлiктерi граффити болды. Көбіне жастар аиналысады. Олар қиялмен салынатын еркiн өнердiң рухы. Жастардың ішінде бұл бағытта айналысатын Ержан Танаев.

Қазақ көркемөнері еліміз  тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда да кең тыныс ашып, жаңа ырғақ, үйлесім тауып, рухани байлығымыз толықтыруда.

Ең бастысы бұл мектептерге егемен ел болған да жеттік.

Енді Қазақстан көркем өнерінде қазіргі күндегі негізгі көркем мектептерді атап өтсек:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Кескіндеме кафедрасының профессоры Қанафия Телжанов пен профессор Жұмақын Қайрамбаевтың кескіндеме саласы бойынша көркемдік-шеберлік мектебі бар;

Профессор Сәуле және Әлібай Бапановтардың көркем киіз және гобелен саласы бойынша көркемдік –технологиялық мектебі бар;

Осы академиядағы Сәндік – қолданбалы өнер кафедрасының профессор Раушан Базарбаева басқарап отырған тоқыма мамандығының көркем –технологиялық мектебі бар.  Өнер сарапшыларының айтуынша тоқыма мамандығы бойынша бітірген мамандардың шеберлік деңгейінің жоғарлығы, ТМД елдері арасында  мойындалған ақиқат.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің профессоры Жолаушы Тұрдығұловтың музыкалық аспаптар жасау мектебі бар; монументалды өнер саласы бойынша Ғазиз Ешкеновтің шығармашылық тобының біріккен мектебі бар. Бұлардың көркемдік – технологиялық жағынан кеңес замандағы монументалшылардан әлдеқайда озық кетті. Олар жасаған соңғы Алматы метрополитені қазақ монументалды өнерінің мақтанышы айналды; Өмірзақ Рыстан кесте өнер мектебі қазіргі жай халық өнерінен көркем шығармашылық дәрежеге дейін көтерілді; Мүсінші Тоқтарбек Рахиевтің мүсін құю технеолгиялық мектебі бар. Барлық жас маман мүсіншілер осы жерде шеберліктерін шыңдайтын база осы; Сондай ақ О.Таңсықбаев атындағы Сәндік қолданбалы өнер колледжінің профессоры кескіндемеші Кенжебай Дүйсенбаевтің және кескіндемеші Амандос Ақанаевтің мектебі бар.

Өнертану саласында профессор Б.Байжігітовтің өнертану мектебі бар. Қазіргі Қазақстан өнертану ғылымындағы ең жетекші ғалымдар осы мектеп өкілдерінен тұрады.

Енді өнер қасиеттін ардақтаған Тәуелсіз елдің тұтас сол буынның жан сезім бұлқынысы бай палитрасы хақында. Бұл аты аталатындардың қай қайсысының творчествосы да қазіргі өнеріміздің білгілі бір қырын танытатын есімдер; музасының эпикалық алапат тегеурінді Ағымсалы Дүзелханов, болмыс бояуларын жазбай танып, салалай сараптаған суреткелік жіті жанары кең Қайрамбаев Жұмақынның, сезім оттылығы тарихи рухпен үндесіп жатқан, Есімғали Жұманов, бейнелі философиядан бейнесіз түстік пластикаға өтіп кеткен шығармашылық бітімі күрделі, Ерболат Төлепбай, адамның жан дүниесімен көңілдің нәзік сырларын өрнектеудегі стильдік пуанталистік мәнер бояуы сазы ешкімге ұқсамайтын Қалиолла Ахметжан, стиль айшықтығы, жинақылық, философиялық талдауға бейім Дулат Әлиев, психологиялық деталь дәлдігін сурет шымырлығына дәлел еткен Камил Муллашев, кескіндеменің монументалды пластикасын түйіндеген Николай Аштема, публицистикалық темперамент иесі Бақытқан Мырзахметов, импрессионизмнің жаңа кемелденуін анықтай алатын Өсербай Шоранов, бояу сезімінің тереңдігі импресионистік бастаулардан реализмге өткен творчествасымен бедерлі Зейнекүл Түсіпова, қазақ зиялыларының портреттерін ұлан асыр поэтикалық тебірініс аренасына айналдырған Әбдімәлік Бұқарбаев, фактіге рәміздік философиялық астар беруге ұмтылатын Асхат Диникеев, публицистикалық экспресивтік арнасы  айқын көрінетін Алпысбай Қазғұлов, үнемі жалқыдан жалпылық көркемдік мән іздейтін Ғалым Қаражасов, қазақ өнерін құшкен технологиясы арқылы жарқырата көрсеткен шырайлы ізденістер иесі Алмагүл Ильханова мен Жәңгір Үмбетовтің, суреткерлік тегеуріні мол Қазақбай Әжібек, академиялық лиризм модернистік бастау оның қалыптасқан қолтаңбасындағы табиғи өрімге айналған Өмірбек Жұбаниязов, романтикалық, әуенді екпінмен бейнелейтін Әсет Жакыпбек, ұлттық бояуын көркемдік жағынан қанықтыра түскен Нұрлан Қилыбаев, шиыршық атқан мінезді творчесвосымен ерекшеленетін Айбек Бегалин, миниатюра мен пуанталистік қоспаны творчестволық принципіне айналдырған Болат Тұрғынбай, салмақтап саралап, салиқалы жазуымен  жазатын Досбол Қасым, реалистік сипаттарға бір жолата ден қойған Талғат Тілеужан мен Максим Ведерников, монументалды суреткерлік көру дүниесі көп қырлы Ғазиз Ешкенов пен Жамхан Айдар, уақыт тынысын бояулармен кең қамтуға бейім Жеңісбек Әбдраман, сыршыл мінезді бояуы мен майда леппен бейнелейтін Ғани Баян, өмірдің өзін образбен көрсететін байыпты философиясы бар Ербол Мелдібеков,сарказмге құраған терең интеллектуализмді Шамил Гулиев, сәндік кескіндемеге деген түйінді концепциясы бар Владимир Шеге, Жан дүние иіріміндегі психологизмді эстетикалық позициясы бар Ботагөз Аканаева, Түстік үйлесімнің интеллектуалды қасиетіне жүгінетін Андрей Нода, әйел табиғатына сай бояулармен өрнектеген сезімді шығармашылықты Гүлжамал Тагенова, ұлттық бояуды модернистік ұғымынын іздеген Ақтоты Смағұлова бар. Еліміздің Тәуелсіздігімен бірге мүсін ескерткіштерде тарихи тақырыптың кең тынысты панарамасы жасалды. Енді жеке суретшілерді атап өтсек.

Психологиялық философиялық мінездеулерімен ерекшеленетін Еркін Мергенов, кескін дәлелдігін баса көрсетін мінезді творчествосы бар Ескен Сергебаев, көркемдік тылсымын іздеген прасат пайымы бар Вагиф Рахманов, өзіндік эстетикалық талғаммен көркемдік мән іздеген Өмірзақ Шанов, мүсіннің әр құбылысынан әсемдік іздеген Павел Шорохов, Тақырыптың сырын композициялық жағынан парықтауға бейім Қадырхан Какимов, мифологиялық әуенді шығармашылығында қасиет етіп көрсететін Бақытжан Әбішов,шеберлік жағынан жаңа реалистік сипаттарға ден қойған Нұрлан Далбай, композициялық эксперссивті әсердің үдеуін көрсететін Шоқан Төлеш, тарихи поэтикалық ішкі диапозаны айқын Әділет Жұмабай, футуристік эстетикалық сындарлы позициясы бар Сәкен Нарынов бар, сюрреалды шығармашылық концепциясы бар Серік Ишанов.

Сәндік қолданбалы өнер бойынша: шығармашылық диапозоның кеңдігімен ерекшеленетін Сауле және Әлібай Бапановтар. Тектоникалық композиция құрудың шебері, тұңғиық ассоцияға жетелейтін поэтикалық сезім тілі, түстік қуаты мол Раушан Базарбаева, архетиптік бастауларды авнгардистік тәжірибемен ұштастырған Сержан Баширов, ұлттық графикалық шешімдерімен ерекшеленетін Өмірзақ Рыстан мен Зейнелхан Мұхамеджан.

Графика бойынша: тарихпен уақыттың байыпты философиясын көрсеткен Қадырбек Каметов. Шеңбердің ішін композициялық бірлікпен тұтас өмірді көрсеткен Ералы Оспан.Тұтас бір дәуірдің портреттік шарждар жарасымын өзекті тақырып еткен Еркін Нұразхан, бүгінгі өнеріміздегі жауынгер сатиралық плакатисі Сағи Ахтанов.

Сценография бойынша: күрделі интеллектуалды гармонияны шешудің шебері Орынбасар Жаңбыршиев, заманауй технологияны эстетикалық ансамбль дәрежесіне көтерген Есенгелді Тұяқовтарды ерекше бөліп атағым келеді. Бұл есімдер бүгінде өнердің тынымсыз күрес рухында, өзінің шығармашылық бетін айқындауға, жарқырата ашуға талпынған жанкешті ізденіс, мазасыздық күйді басынан өткеріп жатқан қазақ өнерінің сардарлары. Біздің санымыз мыңға жетті, мың қолға айналдық. Бұл үлкен күш.

Бейнені құнттаған қай қайсының даралықтары өзіндік ізденіс шеңбері қолтаңбалары айқын екені дау тудырмауға тиіс. Бұл жеклеген суретшілердің даралығынан бұрын, туған өнеріміздің көркемдік көпқырлығымен, кемелділігінің белгісі. Бұлардың шығармашылығынсыз бүгінгі қазақ көркемөнерін елестету мүмкін емес.

Бүгінгі мерейтойда аитатын тағы бір мәселе ол тұлға мәселесі. Мен Тәуелсіз елдің, Тәуелсіздікпен бірге көтерілген суретшілер туралы аитпақпын. Тұлға кеше де болған, Бүгінде бар. Тұлға мәселесі, қазақ өнерінің дамуының рухани эстетикалық ізденістер арнасында қарастыру, арнайы өз алдына тоқталуды қажет ететін үлкен мәселе. Өнер үшін жүрегінде көтерген жүгі, жаны дертті, ақыл ойында маздаған ой кешкен, мағыналы рухани ғұмыры бар, өнер жолына арналған тағдыры бар суретшілер туралы. Олар Еркін Мергенов, Ағымсалы Дүзелханов, Қадырбек Каметов, Жұмақын Қайраңбаев, Сәуле және Әлібай Бапановтардың есімін сеніммен атай алам. Бұларда талант та, дарын табиғатыда, көрсететін шығармалары бар, кез келген ортада өнерімен ықпал ете алатын, қазіргі заман өнерінің тұлғалары. Аталған суретшілердің өнер алдындағы биік мәдениеті, өлшеусіз өскен талғам мен өнер  иесінің жоғары кәсіби өресі бар.

Елбасының тапсырмасымен «Қазақ халқы тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламаны басқарып жатқан Мемлекеттік хатшыға  ықласымыз шексіз бола, суретшілер не үн қоса аламыз деген сұрақ. Қазіргі өнерімізде әсіресе мәдениетіміздің өскен, эстетикалық ой қырын қанық көрсетерлік тарихи көркем шығармалардың аздығы бәрімізді ойлантуға тиіс. Неге тарихи шығармалар. Ал тарихи тақырыпта сурет салатын Ағымсалы Дүзелханов, Бақытқан Мырзахметов, Есімғали Жұманов, Әбдімәлік Бұқарбаев, Досбол Қасым, Қазақбай Әжібек, Өмірбек Жұбаниязов, Талғат Тілеужан сияқты саусақпен санаулы ақ суретшілер.Тағы  да салатын біраз суретшілер бар, бірақ олардың өзінің көру аясы, таным шеңбері тар. Тарихи тақырып деген өткен дүние тамырларын қуалап сыр шалар суретшінің терең рухани кеңістіккке енуі емеспе. Осы жағынан алып қарағанда жабайы капитализмнің шылауына оралып суретшілер жоғалып бара жатыр. Шындық осы.

1992 жылы марқұм Рысбек Ахметов тұңғыш желтоқсанға арнап мүсіндік композиция жасаса, кескіндемеде Бақытқан Мырзахметов Қайрат Рысқұлбековке арнап сурет салды, ал кескіндемеші Әбдімәлік Бұқарбаев бүкіл қазақ зиялыларын жаңғыртып салды. Бұларға бірде бір құзырлы органдар заказ берген емес. Қашан Микеланджело Рим Папасынан ақыл сұрап еді. Бұл жердегі шешуші фактор сіздің азаматтық сана сезіміңіз. Сондықтан сіздердің суреттеріңізге қарап елдің тұлға сымбатын көреміз.

Менің таңқалатыным суретшілердің көбі 70 жылдардағы өнердің стилінде салатыны. Бұлардың бәрін жинасаң бір кісі салған екен деп қаласың. Көп суретшілер тоқтап қалған. Жақсы шеберлік, көркем тілі бар, бірақ айтатын ой тұжырым жоқ. Ал өнер мамандықтарын бітіріп жатқан, қым қуат заманның экономикалық қыспағына түскен, жастар рухы ирімге жұтылып жатыр.

Мен енді сонда соңғы он жылда шығармашылық темпераменттерімен әр қилылығымен шырайлы көрінетін жастарды, болашақ өнерді айқындап жатқан ұзтаздарымен қоса атағым келеді. Өиткені білікті ұзтаздар да жоғалып бара жатыр.

Кескіндеме саласы бойынша бүгінгі жас суретшілерді атап айтсақ: Анар Әбжанова, Бейбіт Әсемқұл, Нұрбол Нұрахмет профессор марқұм Қанафия Телжановтың шәкірті, Құмар Омархан мен Анар Әубәкірова профессор Жұмақын Қайраңбаевтің шәкірті, Бақыт Сейсенханұлы мен Алмас Нұрғожаев доцент Өмірбек Жұбаниязовтың шәкірті,  Жалын Бауырхан суретші Сембіғали Смағұловтың шәкірті, графика саласы бойынша Толқын Табысбек профессор Қадырбек Каметовтің шәкірті, Айгерим Тазабекова доцент Қанат Шүкірбековтің шәкірті. Сәндік қолданбалы өнер бойынша Бауыржан Досжанова мен Айжан Аязбаева профессор Сәуле Бапанова мен профессор Раушан Базарбаеваның шәкірттері. Алмас Мұстафаев профессор Жолаушы Тұрдығұловтың шәкірті, Гулназым Рыстан доцент Өмірзақ Рыстанның шәкірті,

Мүсін саласы бойынша: Жұмағұл Талғат Ескен Сергебаевтың шәкірті,

Асем Абдуллаева Мәлік Жүнісбаевтың шәкірті. Бұлардың дені мұхит асып, әлемдік конкурстардың жеңімпаз сыйлығын алғаны қазақ өнері үшін үлкен мақтаныш. Осы тізімге жеке жеке тоқталуды болашақта ел сенім ақтап жатса, парасат атты уақыт еншісіне қалдырамыз. Бұлардың әрқайсының өздерінің айтар дауысы бар, оқшау естілетін, өмірдің сұлулығын, болмыстың ирім тұңғиығын көрсетуге деген беймаза іңкәрлік бар. Осы сезім болашақта солай болады деп сенгім келеді.  Биыл суретшілер одағына мүшелікке қабылдауда сегіз өнертанушыға орын бердік. Сексен жыл үлкен тарих. Көптеген суретшілер бағаланбай жатыр. Кеше ғана академияда сабақ берген Камил Шаяхметовті, Молдахмет Кенбаевты т,б ұмыттық. Өнертанушылар осындай тұлғалардың жоқтаушылары болу керек, әр суретшіні көз тірісінде баға беруді үирену керек.

Айта берсе сауал көп, және менің айтқаным қатып қалған бағалау емес. Өнерге әр түрлі көзқарас қилы қилы баға болуы мүмкін. Біз тек мәселеге 80 жылдық мерейтойға орай жалпылама сараптамалық тұрғыдан ғана келуді мақсат тұттық.

Күрестің бәрі болашақ үшін күрес. Біздің алдымызда Саяси көркем ойдың одан әрі өрісін кеңейтуге дамытуға жол ашу міндеті тұр. Суретшілер одағы қоғамдық ұйым. Мемлекеттің Конституциялық нормаларына сәйкес қоғамдық ұйым биліктің жұмысына араласа алмайды. Мемлекеттің ішкі шаруаларына арасласуына құқы жоқ. Мемлекеттік мекемелерде қоғамдық ұйымның ішкі ісіне араласуға құқылы емес. Ата заңымызда осылай жазылған. Бірақ мемлекеттің  тұтастығы үшін екеуі де мүдделі. Жиырма жылда мемлекеттік идеологияны жасай алмаған үкімет қырық жылда да жасай алмауы мүмкін. Бірақ біз мемлекеттік идеологияны жасауға, елдің рухани бәсекеге қабілетті болуына ат салысуымыз керек. Кеңес заманында да, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізіп тұрған осы заманда барлық ТМД елдері өз сурет академияларын ашты, біз сурет академиясын аша алмадық. Бірақ заман жылайтын заман емес, істің заманы. Осыдан сексен жыл бұрын көркемөнер  алыптарының басы Әубәкір Исмайлов сияқты тұлғалар басқарып бүгінде  Байтұрсын Есжанұлы басқарып отырған, кеше ғана  дау дамай болып ренжісетін, бүгінде суретшілердің басын біріктіріп тұрған рухани орта осы  қара шаңырақ суретшілер одағы. Ендігі жерде Рухани жағынан бірігетін де орта осы одақ. Барымызды бағалай отыра барлықтарыңызға суреткерлік парасат, шығармашылық табыстар тілеймін!