Хабарлама

Хабарлама

2015 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 16.00-де Алматы қаласының  Метрополитенінде Қазақстанның монументалды өнерінің 2015 – Көркем витраждағы және мозаикадағы заманауи тенденциялар «Нұрлы жол – өнер жолы» атты тақырыбында ҚР-ның суретшілер Одағының ұйымдастыруымен үлкен көрме өтеді.

Бірегей монументальды өнердің тарихи жүмыстардың жиынтығы қанық экспозицияны, Қазақстандағы өнердің даму жолы туралы сыр шертеді, ағымы мен бағыты, белсенді даму жолдары түрлі техникамен стильдің дамуы туралы түсінік береді.

Тақырыбы: көрмеде ұсынылатын жұмыстар кескіндеме, гобелен, сграффито, фреска, мозайка мен витраждардың орындалуы, көрермендерге жаңаша, классикалық стильде болады.

Экспозиция «Жібек жолы» бекетінде өтеді.

Экспозиция өту мақсаты Қазақстанның монументальды өнер шеберлерінің бас қосып, жас өнерпаздармен танысу, витраж суретшілерімен кездесу, Қазақстанда витраж өнеріне жеке өнер ретінде ерекше назар аудару.

Экспозицияның бекетте өтуі екі кезеңнен тұрады.

1 кезең: Қазақстанда кәсіби монументальды өнердің құрылған кезеңін ашады.

2 кезең: 1990 жылдан-қазіргі кезге дейін  жас шеберлердің одан әрі дамуына, қазіргі өнердің ашық түсті контрастты яғни ғасыр межесінен қалмай отыруы туралы.

Экспозицияны құру принциптері:

  1. 1. Қазақстандағы монументалды өнердің біртұтас кезеңдігі.
  2. 2. Негізгі ұстанымның және үрдістің байқалуы, көрініс пен жанрлары, бағыт пен стилі. Қазақстандағы монументалды өнердің кәсіби мектебінің даму кезеңдерін көрсету, яғни және жұмыстардың техникалық аспектілерімен таныстыру.

Экспозиция мақсаты:

  1. 1. Қазақстанның кәсіби монументалды өнер мектебінің негізін қалаушыларды  біздің ел үшін аса қадірлі, құрметті тұлға ретінде таныстыру.
  2. 2. Монументальды өнердің  хронологиялық кезеңі, оның кәсіби өнер ретіндегі тарихымен таныстыру.
  3. 3. Көрме тақырыбы бойынша  Қазақстанның кәсіби монументалды өнерінің  даму-жолдарының тарихи кезеңдеріне сай көрме кеңістіген орналастыру.

Шешім

Негізгі кезеңдер мен тақырыптарға сүйене отырып, және залдың жоспарын еске ала отырып, экспозиция екі секторға бөлінді.

  1. 1. сектор: Қазақстандағы монументальды өнердің кәсіби мектебінің құрылғаны жайлы айтады.
  2. 2. сектор: 1990 жыл яғни бүгінгі күнге дейін жаңаша өнер үлгісі, жастардың жаңа үлгіде, қанық контрасты ғасыр межесінен қалмауды айқындайды.

Жұмыс тізімі, суретшілердің толық аты-жөні: жұмыстың аты, жеке номірі жылы, көлемі, материалы, жұмыстың фотосуреті.

 

Байланыс телефоны: 2735553

8701- 2- 807- 708

8707- 105- 06- 06 Жанна e-mail: zhanna.tynybekova@mail.ru