«Метрополитен» МКМ-сі, «Жібек Жолы» бекеті

Алматы қаласы, Гоголь, Панфилов көшелерінің қиылысы.

 

Пресс-релиз

2015 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 16.00-де Алматы қаласының  Метрополитенінде Қазақстанның монументалды өнерінің 2015 – Көркемвитраждағы және мозаикадағы заманауи тенденциялар«Нұрлы жол – өнер жолы»атты тақырыбында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының, Алматы қаласындағы Мәдениет басқармасының, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің,«Метрополитен»МКМ-сінің, ҚМКК «Алматы қаласы тарих музейінің»,Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының,Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен үлкен көрме өтеді.

Монументалды өнердің тарихын жинастыру жұмыстары көрерменге Қазақстандағы монументалды өнердің дамуы, оның түрлі кезеңдерде белсенді дамыған бағыттары, сонымен қатар түрлі стильдер мен техникалар туралы түсінік қалыптастырып, толықтырылған экспозицияны жарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

Монументалды өнерге ескерткіштер мен монументтерді, мүсіндерді, бейнелеу өнерін, ғимараттардағы мозаикалық жұмыстарды, витраждарды,т.б. жатқызуға болады.

Зал экспозициясы Алматы қаласының метрополитеніндегі «Жібек Жолы» бекетінде өтеді.

Экспозицияның бекетте өтуі екі кезеңнен тұрады.

1 кезең: Қазақстанда кәсіби монументальды өнердің құрылған кезеңін ашады.

2 кезең: 1990 жылдан-қазіргі кезге дейін  жас шеберлердің одан әрі дамуына, қазіргі өнердің ашық түсті контрастты яғни ғасыр межесінен қалмай отыруы туралы.

VI«2015 – Көркем витраждағы және мозаикадағы заманауи тенденциялар» көрмесі Қазақстанның монументалдық өнеріндегі шеберлердің шығармашылығын көрсету, жас, талантты суретшілермен таныстыру. Қазақстандағы витражды өнердің айрықша бір түрі деп, оны дамыту мақсатында ұйымдастырып отыр.

Техникалық орындалуы бойынша көрмеге қатысушылардың жұмыстары жылдан жылға түрленіп және күрделеніп келеді. Олар қазақша ұлттық нақышта орындалып, орасан түстер түрлерімен ерекшеленеді. Бұл жұмыстардың әрқайсысы өнер туындыларының бірігуіне алып келетін керемет ой толғаныстарына тән.

Жылдан жылға витражға сұраныстың өсуіне байланысты бұл өнер түрінің дамуы белсенді жүріп келеді.

Біздің Республикамыздың  шығармашылық  орталығы болып саналатын Қазақстанның оңтүстік астанасы үшін, бұндай мәдени шаралардың маңыздылығы көпшілік үшін зор қызығушылық тудырып, классикалық витраж өнерінің калыптасуына, витраждарды түрлітехникада оның ішінде классикалық және жаңа технологиялық үдерісте орындауына алып келеді.Көрермендер оның бәріне айтылған көрме барысында ақысыз өткізілетін шеберлік класста үйрене алады.

Бұндай әрбір іс-шара  шығармашылықтың  дамуына үлкен ықпал тигізеді.

 

Пресс-анонстар

2015 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 16.00-де Алматы қаласының  Метрополитенінде Қазақстанның монументалды өнерінің VI 2015 – Көркем витраждағы және мозаикадағы заманауи тенденциялар «Нұрлы жол – өнер жолы» атты тақырыбында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының, Алматы қаласындағы Мәдениет басқармасының, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің, «Метрополитен»МКМ-сінің, ҚМКК «Алматы қаласы тарих музейінің»,Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен үлкен көрме өтеді.

Бірегей монументалды өнердің тарихи жұмыстардың жиынтығы қанық экспозицияны, Қазақстандағы өнердің даму жолы туралы сыр шертеді, ағымы мен бағыты, белсенді даму жолдары түрлі техникамен стильдің дамуы туралы түсінік береді.

Экспозиция «Жібек жолы» бекетінде өтеді.

Экспозицияның өту мақсаты Қазақстанның монументалды өнер шеберлерінің бас қосып, жас өнерпаздарымен танысу, витраж суретшілерімен кездесу, Қазақстанда витраж өнеріне жеке өнер ретінде ерекше назар аудару. Көрмеде кескіндеме, гобелен, сграффито, фреска, мозайка мен витраждардың орындалуы, көрермендерге жаңаша, классикалық стильдерді ұсынады.

Экспозицияның бекетте өтуі екі кезеңнен тұрады.

1 кезең: Қазақстанда кәсіби монументалды өнердің құрылған кезеңін ашады.

2 кезең: 1990 жылдан қазіргі кезге дейін  жас шеберлердің одан әрі дамуына, қазіргі өнердің ашық түсті контрастты яғни ғасыр межесінен қалмай отыруы туралы.

Көрменің ашылуы:  2015жылы 14 қыркүйекте, сағат: 16 00-де

Мерзімі: 14.09.2015 – 30.09.2015

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, «Метрополитен» МКМ-сі «Жібек Жолы» бекеті, Гоголь, Панфилов көшелерінің қиылысы.

Көрмеге қатысушылар:

Монументалдық өнер суретшілері, шығармашылық топтар.