«Мәңгілік ел» қайраткерлері. Мүсінші Әйнеков Марат және шәкірттері» құжаттық көркемөнер көрмесінің өткізілуі.

Алматы қ. 2015 ж.2 желтоқсан.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты

Кештің модераторы, Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Берістенов Жанарбек Таниғазыұлы сөз сөйледі.

Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатының директоры Жапаров Борис Әлікенұлы құттықтау сөз сөйледі.

Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулдығының өкілі Переверзева Ирина Владимировга сөз сөйледі.

Сыдықова Әйгерім Амангелдіқызы көрменің құжаттарымен таныстырды.

Сайд және  Жәмиля Әйнековтер көрменің көркемөнер экспонаттарымен таныстырды.

Дәгелек үстелді кештің модераторы Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Берістенов Жанарбек Таниғазыұлы жүргізді.

Сөз сөйлегендер Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Прокофьева Ольга Георгиевна,  Рахманов Вагиф Юсупович, кескіндемеші Киреев Владимир Андреевич, график Оспанов Балтас Санитасұлы мүсінші Марат Әйнековтің өмір мен шығармашылығы туралы құнды пікірлер айтты. Одан басқа балалары мүсінші Сайд Әйнеков пен Жәмиля Әйнекова, туыстары, достары сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында: Мүсінші Әйнеков Марат Өмірсерікұлының шығармашылығын жинастырып баспадан шығару үшін Қазақстан Суретшілер одағының басқармасына хат ұсыныс дайындалды.

Екінші: Астана қаласының Ұлттық өнер университетінде алғаш мүсін мамандығын ашып жұмыс істеген шеберханаға атын беру үшін, ректор А.Қ.Мұсақожаеваға ұсыныс хат дайындалды.

Үшінші: шығармашылығын еске алу мақсатында жыл сайын болатын халықаралық «Шабыт» фестивальінің мүсін номинациясына атын беру үшін ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігіне ұсыныс хат дайындалды.