О союзе

Общественное объединение (ОО) «Союз художников РК» одна из первых творческих организаций в Казахстане была организована в 1933 году. В соответствие с учредительными документами ОО «Союз художников Республики Казахстан» основной миссией организации является: поддержка и развитие изобразительного, декоративно-прикладного искусства в Казахстане и национальной культуры в целом; защищать и сохранять художественное наследие, являющееся достоянием национальной и мировой культуры


содействовать развитию профессионального искусства и искусствознания, объединению художников и искусствоведов по творческим интересам; защищать права и интересы творческих личностей, по возможности создавать условия для полной реализации творческих задач и проектов; широко информировать и пропагандировать отечественное искусство, создавать условия для повышения профессионального мастерства молодых талантов.

 

 

1997 жылдың 22 шілдесіндегі
Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының
ХIII Съезі бекіткен
өзгертулермен және толықтырулармен бірге

1998 жылдың 9 қазанындағы
Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының
ХIV Съезі бекіткен
өзгертулермен және толықтырулармен бірге

2004 жылдың 30 маусымындағы
Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының
ХV Съезі бекіткен
өзгертулермен және толықтырулармен бірге

2004 жылдың 27 тамызындағы
Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының
15-1 Съезі бекіткен
өзгертулермен және толықтырулармен бірге

2009 жылдың 23 сәуіріндегі
Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының
ХVI Съезі бекіткен
өзгертулермен және толықтырулармен бірге


« ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫ»
ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ
ЖАРҒЫСЫ



Алматы қ.
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Қазақстан Республикасының суретшілер одағы» Қоғамдық Бірлестігі (мәтін бойынша әрі қарай - «Одақ») – мүдделердің бірлігі және мүшелердің тең құқықтығы, жариялылық және өзін-өзі басқару қағидаларының негізінде құрылған кәсіби суретшілер мен өнер зерттеушілерінің ерікті қоғамдық бірлестігі.
1.2. Одақ заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлікке ие болады, дербес балансы, мөрі және басқа да деректемелері бар. Жарғының, ҚР Конституциясының және заңнамасының негізінде әрекет етеді.
1.3. Ресми толық атауы:
- қазақ тілінде «Қазақстан Республикасының суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі.
- орыс тілінде: Общественное Объединение «Союз художников Республики Казахстан».
1.4. Одақтың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында таралады.
1.5. Одақтың орналасқан жері: 050091, Алматы қ., Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 92.

2. ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МӘНІ

2.1. Одақтың мақсаты – Қазақстанның көпұлттық мәдениетінің жалпы аясында бейнелеу өнерін дамыту, Одақтың мүшелерінің шығармашылық құқықтарын қорғау, олардың рухани деңгейін және материалдық әл-ауқатын көтеру.
2.2. Қызметтің негізгі мәні:
♦ Ұлттық және әлемдік мәдениеттің игілігі болып табылатын көркем мұраны қорғау және сақтау;
♦ Кәсіби өнер мен өнерді зерттеудің дамуына, суретшілер мен өнер зерттеушілерінің мүдделерін біріктіруге көмек көрсету.

3. ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР

3.1. Қолданыстағы заңнаманың аясында Одақтың келесілерге құқығы бар:
♦ Баспа қызметін іске асыруға;
♦ Қазақстан Республикасында да, шетелде де жылжитын және жылжымайтын мүлікті салуға, сатып алуға, иеліктен шығаруға, жалға алуға және беруге;
♦ Даму, материалдық көтермелеу қорын және басқа да қорларды құруға;
♦ Несие-банк мекемелерінен және жеке тұлғалардан қаржылық көмек, соның ішінде валюталық көмек және несиелер алуға;
♦ Одақтың ішінде атақтар, сыйақылар, лауреаттықтар және өзге де номинациялар құруға, Одақтың мүшелерін ҚР-ның атақтарына, мемлекеттік сыйақыларға және наградаларына ұсынуға;
♦ Халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдарға кіруге;
♦ Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлік қызметтерді іске асыруға;
3.2. Одақтың міндеттері:
♦ ҚР заңнамасы мен Одақтың Жарғысын орындау.



4. ОДАҚТАҒЫ МҮШЕЛІК

4.1. Суретшілер одағының Жарғысын мойындайтын, дербес шығармашылық маңызы бар және көпшілік таныған жоғары кәсіби көркем шебер туындылар жасаған суретшілер мен өнер зерттеушілері Суретшілер одағының мүшелері бола алады.
Ерекшелік ретінде, өзінің шығармашылығында ұлттық мәдениеттердің шынайы халық дәстүрлерін сақтайтын және дамытатын көрнекті халық шеберлері Суретшілер одағының мүшелері қатарына қабылдана алады.
4.2. Суретшілер одағы мүшелерінің қатарына қабылдауды Суретшілер одағының Басқармасы жылына бір рет іске асырады, оның шешімі түбегейлі шешім болып табылады:

а) суретшіер үшін - Суретшілер одағы шығармаларды көрсету мақсатында ұйымдастыратын үміткерлердің көрмесінде олардың шығармаларын көрсетудің негізінде және республикалық, шетелдік көрмелерге қатысудың табысты нәтижелерін ескеру негізінде;

б) негізгі шығармалары үміткерлердің көрмелеріне қойыла алмайтын суретшілер үшін (монументалдық өнер, театр және кино суретшілерінің өнері, сәндік-қолданбалы өнердің сәулет-көркем және мұражай-көрме ансамбльдеріне, өнеркәсіпке байланысты бірқатар түрлері және т.б.) - шығармашылық еңбектің нәтижелерін олардың тұрған жерінде қарау және бағалаудың негізінде;

в) өнер зерттеушілері үшін - олардың өнер зерттеу еңбектерін зерттеудің, рецензиялаудың және талқылаудың негізінде.
ҚР Суретшілер одағына қабылдаудан бас тартақаны үшін Суретшілер одағының кезекті Съезінде шағымдануға болады.

4.3. Қабылдаған кезде суретші Одақтың өтілі бес жылдан кем емес үш мүшесінің ұсыныстарын береді. Одақтың ұсыныстарды беретін мүшелеріне өздері ұсынатын тұлға үшін моральдық жауапкершілік жүктеледі.
4.4. Суретшілер одағына қабылданған тұлғалар кіру жарнасын төлейді және жүйелі түрде, көлемін Суретшілер одағының Басқармасы белгілейтін, мүшелік жарналарды төлейді.
4.5. Одақ мүшелерінің келесілерге құқығы бар:
♦ Одақтың басшы органдарын сайлауға және сайлануға;
♦ Өздерінің еңбектерін қазылар алқасыз қоюға, жариялауға және сатуға;
♦ Одақтың қызметі туралы толық ақпарат алуға. Шешім қабылдағанға дейін, мәселелерді қоюға және талқылауға;
♦ Одақтан көрсететін шығармашылық, заң және әлеуметтік көмектің барлық түрлерін пайдалануға;
♦ Өзінің шығармашылығын және Одақтағы қызметін талқылаған кезде қатысуға.
4.6. Одақтың мүшелері келесілерге міндетті:
♦ Одақтың Жарғысын орындауға;
♦ Одаққа моральдық және материалдық зиян келтірген жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес жауап беруге.
4.7. Суретшілер одағының мүшелігінен шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:
а) Суретшілер одағының мүшесі Суретшілер одағының Жарғысында тұжырымдалған қағидаларды бұзған және оның қызметі Суретшілер одағының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда;

б) Суретшілер одағына материалдық және моральдық зиян келтіретін және беделіне дақ түсіретін қоғамға қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді жасаған жағдайда, ҚР баспасөз бетінде және құқық қорғау органдарында Суретшілер одағының сайланған органдарын құқық бұзушылықтарды жасады деп негізсіз айыптағаны үшін;

в) 1 (бір) жылдан астам уақыт ішінде мүшелік жарналарды төлемеген жағдайда;

г) өз тілегі бойынша.

Суретшілер одағынан шығару туралы шешімді облыстық филиалдың суретшілер жиналысының немесе Суретшілер одағы Секретариатының, Суретшілер одағының Ардагерлер кеңесімен келісілген шешімі ұсынылғаннан кейін, Суретшілер одағының Басқармасы қабылдайды.
Суретшілер одағынан шығару туралы шешімге Суретшілер одағының кезекті Съезінде шағымдануға болады.

5. ОДАҚТЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

5.1. Одақтың ұйымдық құрылымын құрылымдық бөлімшелер (филиалдар) құрайды.
Құрылымдық бөлімше Одақтың кем дегенде он мүшесінің бастамасы бойынша құрылады.
Филиалдарда заңды тұлғаның құқығы жоқ, Одақтың мүлкінен бөлек мүлкі жоқ.
Филиалдар Филиалдар туралы ереженің негізінде әрекет етеді.
Филиалдардың басшылары филиалдың жалпы жиналысында Ережеде белгіленген мерзімге сайланады.
Одақ пен оның құрылымдық бөлімшесінің арасындағы өзара қарым-қатынастар Одақтың Жарғысына және Филиалдар туралы ережеге сәйкес құралады. Филиалдың құқықтары мен міндеттерін, басқару органдарын қалыптастырудың тәртібін, олардың уәкілеттерінің мерзімдерін және құзіреттерін Филиалдар туралы ереже анықтайды.
Мүдделердің бірлігіне байланысты Суретшілер одағының заңды тұлға ретінде тіркелген құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынастарды Одақ шарттық негізде қалыптастырады.
5.2. Одақтың жоғарғы органы Съезд болып табылады және ол, қажет болған жағдайда, бірақ төрт жылда бір реттен кем емес шақырылады. Съезде өкілдік ету Басқарма бекіткен тәртіпте және мерзімде Одақ мүшелері сайлаған делегаттармен жүзеге асырылады. Кезектен тыс Съезд Басқарма бастамасымен немесе Одақ мүшелерінің 1/3 бөлігінің талап етуімен екі айдан кем емес уақытта шақырылуы керек.
5.3. Делегаттардың саны 2/3 бөлігі бар болған кезде, Съезд құқықты болады. Шешім қатысып отырғандардың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыс беру түрін Съезд анықтайды.
5.4. Съездің ерекше құзіретіне келесілер жатады:
♦ Одақтың құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шешімді қабылдау;
♦ Одақты еркін түрде қайта құру мен тарату туралы шешімді қабылдау;
♦ Одақтың құзыретін, ұйымдық құрылымын, құру тәртібін және басқарушы органының өкілетін тоқтатуды анықтау;
♦ Атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртібі мен мерзімін, сонымен қатар бақылау органының тексеруін өткізу тәртібін және оның нәтижелерін бекітуді анықтау;
♦ Одақтың заң актілерінде белгіленген шекте басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілдіктерін құруы немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
5.5. Съезд аралығында Одақтың басқарушы органы болып 4 (төрт) жыл мерзімге сайланатын Басқарма танылады, ол:
♦ Одақтың және атқарушы органның (Секретариат) қызметін жүзеге асырады, Секретариат және Басқарма мүшелерінің есептерін тыңдап, бекітеді;
♦ Съезд шақырымының тәртібін және мерзімін бекітеді;
♦ Басқарма Төрағасы мерзімінен бұрын қызметін босатқан жағдайда Басқарма Төрағасының құзіреті Төрағаның бірінші орынбасарына өтеді, ол қызметін келесі съезге дейін орындайды;
♦ Басқарманың Пленумы (отырысы) қажет жағдайда, бірақ бір жылда екі реттен кем емес шақырылады.
♦ Суретшілер одағы Басқармасының жанында кеңесші орган – Суретшілер одағының Ардагерлер кеңесі құрылады.
5.6. Одақтың атқарушы органы Секретариат болып табылады, оның құрамы Одақ Төрағасының ұсынысы бойынша қалыптастырылады және Басқарма бекітеді.
5.7. Одақтың Төрағасын Съезд Басқарманың уәкілеттер мерзіміне сайлайды, ол:
♦ Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда Одаққа өкілдік етеді;
♦ Бірінші қол қою құқығына ие болады және бұйрықтар шығарады;
♦ тек Секретариаттың және бақылау- тексеру комиссиясының жазбаша келісімімен ғана Одақтың ақша қаражаттарына билік жүргізеді;
♦ Басқарманың әрбір Пленумында және Съезде есеп береді;
♦ Одаққа келтірілген материалдық және моральдық зиян үшін заңнамаға және Одақтың Жарғысына сәйкес жауап береді.
Жер, жылжымайтын мүлік, несиелер, жалдау және т.б. туралы барлық ірі сұрақтарды тек Суретшілер одағы Басқармасының Пленумының келісімімен ғана, мүліктік сұрақтарды тек Съездің келісімімен ғана шешеді.
5.8. Бақылау-тексеру комиссиясы - Одақтың тәуелсіз органы, тек Съезге ғана есеп береді. Одақ басшылығының шешімдерінің Жарғыға сәйкес болуы үшін жауап береді, Одақтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді іске асырады.

6. ОДАҚТЫҢ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН МҮЛКІ

6.1. Одақтың қаражаттары келесілерден құралады:
♦ Кіру және ерікті жарналардан, жеке және заңды тұлғалардың жәрдем ақыларынан;
♦ Көрме-сатулардан, бәсеке саудалардан, лотереялардан, өндірістік-шаруашылық және баспа қызметінен түскен түсімдерден;
♦ Заңнама тыйым салмаған өзге де қызмет түрлерінен.
6.2. Одақ оның балансында тұрған не заңды түрде түскен және Жарғы қарастырған қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Одақтың мүлкі және қаражаттары жарғылық мақсаттар үшін пайдаланылады және ҚР заңнамасымен қорғалады

7. ОДАҚТЫҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ

7.1. Одақтың Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар Одақтың мүшелері мен Басқарманың ұсынысы бойынша, Басқармаға өтініш беру арқылы енгізіледі және кезекті (кезектен тыс) Съезд бекітеді не бас тартады.
7.2. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Съездің ерекше құзіреті болып табылады.

8. ОДАҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ

8.1. Одақтың қызметі Съездің не сот органдарының шешімі бойынша Одақты қайта ұйымдастыру не тарату арқылы тоқтатылады.
8.2. Тарату туралы шешімді Съезд делегаттардың 2/3 бөлігін құрайтын басым көпшілікпен қабылдайды. Қайта ұйымдастырған кезде баланстық, ал таратқан кезде тарату комиссиясы құрылады.
Қайта ұйымдастыру ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.
8.3. Одақтың мүлкі мен қаражаттары барлық есеп айырысулардан кейін жарғылық мақсаттарға бағытталады.




«Қазақстан Республикасының суретшілер одағы»
Қоғамдық Бірлестігінің Төрағасы _______________________ Уморбеков Б.Е.
Өмірбеков Б.К.