«Евразия. Осы заманғы образдар» арт-симпозиумы
События

Қазақстан Республикасы суретшілер одағының 2010 жылғы жаңа жобасы – Арт-симпозиум республикалық болғанымен бес шетелдің суретшілерінің қатысуымен өтті. Симпозиум ерекше мәдени үштік шара ретінде қатысушылардың 10 күндік пленэрі, қорытынды көрме және дөңгелек стол (талқылау алаңы) басындағы ой түйіндеу шараларының басын қүрады.

 

Симпозиумды дайындау кезеңінде, әу баста жоспарлағанымыздай, халықаралық «Біртұтас кеңістік» атты жобаның жетекшісі, танымал суретші Мансурджон Қазақбаевпен келісіп бірге жұмыс істейтін болдық. «Біртұтас кеңістік» жобасының идеясы біздің симпозиумның тұжырымдамасына сәйкес: негізінде шығармашылық жолы нда өнерді дамыту үшін жақындасу мен рухани күштерді біріктіру.

Жобаға Қазақстанның 13 қаласынан 30 суретші (Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Көкшетау, Павлодар, Петропавл), сонымен қатар Алматыдан 40 адам қатынасты. Тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет Қазақстан суретшілері Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан суретшілерімен бірігіп, тізе қоса жұмыс істеді. Олар халықаралық «Біртұтас кеңістік» жобасының қатынасушылары. Арасында Қырғызстанның халық суретшісі Асаналы Бейшенов, Өзбекстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Әліқұлов бар, Австриядан халықаралық суретшілер қауымдастығына белгілі шебер Вольфганг Валькенштайнер келді. Алғашқы жұмыс пленэр болғандықтан қатынасушылардың алдына осы заманғы болып жатқан оқиғаларды шығармашылық көзқараспен пайымдау жасап, қалыптастырып, жаңа заманның ырғағына сай оның шешіміне жаңа образды – сұңғатлық амалдар табу талабы қойылды. Сонымен қатар, Евразиялық концепт Орталық Алия ұлттық көркемөнер мектептерінің ортақ діңгегі екенін ескеріп, ол тек европалық формат пен ұлттық мазмұнды ғана іске асырады емес, дәстүр мен заманауилықтың жемісті синтезіне қарай, постмодернизм жағдайында жаңаша көзқарас қалыптастырып, оның тенденцияларын тұрақты түрде ойластыра отырып алға жылжуды қамтамасыз етеді. Пленэрлік жұмыстардың қорытындысы ретінде бірлескен көрме болды, онда қойылған аяқталған картиналар емес, шығармашылық зертхана жағдайындағы жобаға қатынасушылардың іздеу тәжірибелік жұмыстары. Дөңгелек стол басында пленэр жұмыстары тілге тиек болып, осы уақыттағы шығармашылық процесске баға берілді. Жеке жұмыстар талқыланып, жалпы тенденцияларға талдау жасалды. Жоба Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің «Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын қолдау мен насихаттау үшін кешенді шаралар ұйымдастыру» тақырыбы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған конкурстық бағдарламасы бойынша қолдау тауып, іске асырылды. Ұйымдастыру комитеті. .

Ұйымдастырушылардың романтикалық ойы ерекше тарихи-мәдени-саяси мәнді кеңістік ретінде «Евразия» ұғымына байланыстыра отырып, суретшілерді осы заманғы образдарды сомдауда мүмкіндігінше жаңа бейнелеу тілімен сөйлеуге жұмылдыру болған.

Белгіленген мақсатқа жету үшін суретшілерді бір жерге жинау керек деп шешіп, картадағы кездейсоқ нүктеден (Алмаарасан шатқалы) шығармашылық мәслихат құрудың нәтижесінде ол ізденіс пен табыстың магнитикалы кеңістігіне айналуға тиіс болды. Экономикалық себеп-салдардың әсерінен мектеп оқушыларына арналған лагерде республиканың басқа облыстарынан келген және шетелдік суретшілерді ғана орналастырып, ал алматылықтар өз шеберханаларында жұмыс істейтін болды. Нәтижесінде таудағы лагерде тұрғандар негізінен белгіленген тақырыпқа жақын жұмыс істеді. Сонымен қатар, олардың бәрі де әсем күздің көріністерінен тамаша этюдтер жазды. Алматылық суретшілер болса бәрі бірдей үйреншікті мәнерлерінен шыға алмай, жекелей жұмыс істеп өз тақырыптары мен жанрларында қалып қойған.

Алматы қонақтарының 78 жұмысының 25-і белгіленген тақырыпқа тікелей байланыста. Ал алматылықтардың қойған 98 жұмысының тек 14 ғана сәйкес. Шет елден келген 10 суретші этюдке алаңдамастан осы заманғы образдарды аса сезімталдықпен шығармалады. Екі жеті бойы жазылған шығармалар үш жерде көрсетілді: Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті қоры Сарайының көрме залында, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының залында және «Art foglio» галереясында экспозицияланды.

Сонымен, жария болған «Евразия. Осы заманғы образдар» тақырыбына қарамастан Қазақстан суретшілерінің басым көпшілігі табиғат көріністерінің пленэрлік және шеберханада жасалған ландшафтық, болмаса қала көрінісі сияқты көркем жұмыстар жазды. Олардың кейбіреуінде табиғат аясындағы көріністің тылсын сырына меңзейтіндей қайбір символика да бар.

Пейзаждардың көпшілігі жақын таныс та сүйікті туған жердің нақты бейнесін аса бір құрметпен бейнелегендей. Өйткені, оған бүгінгі өмір кеңістігінде қалайда бір сенімділік табуға талпыныс жасаудың салдары ма дейсіз, өйткені табиғат оның бүгінгі катаклизмдеріне қарамастан тұрақтылық пен нық тұрудың үлгісіндей ғой. Ал ол болса экономикалық кризис пен әлеуметтік өзгерістерге өте бай планетамыздағы осы заманғы өмірде өте маңызды. Табиғаттың белгілі бір жағдайын «енді және осында» - деп бастан кешкен эмоционалдық импульстан туған пейзаждар бар. Олар түртүспен қылқалам ізінің экспрессиясымен белгіленген «сезімдік тебіреністі» ертедегі гректер «ғарыш» деген сөзбен анықтаса, ертедегі римляндар – декор деген, тәртіпке келтірілген, әшекейленген дүниені түр-түс пен сызықтардың ойынымен бейнеленген түрлері де бар.

Жанрлық полотноларсыз да болмады. Кейбіреулерінде күнделікті өмір кішкене ғана оқиғалардың поэзиясында көрініс тапқан; шындығында осындайдан барып өмірдің монументалды полотносы қалыптаспай ма? Басқаларында халықтық тұрмыстың қайталанбас тарихи және мәдени құрамдас құндылықтары көрініс тапқан. Кейбір картиналдар өмір тереңіне философиялық үңіліс жасауға талпынады. Қалай болғанда да шыдамды көрерменнің назарына ілінетін символикалық, ержүректілік және дәуірлік белгілері болмаса да осы заманғы бейне қалыптасатын сияқты. Қысқасы, суретшіні толғандыратын нәрсенің бәрі (туған жер, бүгінгі мен өткен күндер және, әрине, мәңгілік пен шығармашылықтың мәні) заманауи боп табылады.

Әлі күнге суретшілердің пайымдауында аса маңызды боп табылатын қазақтың дәстүрлі өмірінің сюжет- тері мен белгілеріне Аманқосов, Есдәулет пен Мағзұмов, Бажиров пен Тян, Бәйтенов, Тұрғанбаев пен Шпиев өз туындыларын арнаған. Калинин, Кененбаев, Нүгер және Шуранов өздерінің уақыт пен мәңгілікті сезіну әсерін заттандыруға мүмкіндік іздейді. Әбуов, Баяндин және Новоселов өткен мен осы уақыт шекарасында тұрған фигуралар мен белгілердің бірлігінен заманауилық пен дәуір образдарын жасайды. Әбдікәрім, Палымбетов, Усманов және Тарази да осы мақсатта символдар тілін пайдаланады. Символикалық образ жасауға Құлбаевқа мал жайылымының төрт бөліктен тұратын тұтас композициясын әсерлі жазып шығуға жеткілікті болған – онда көшпендінің жері дүниенің төрт бұрышына қарай жайылған.

Бургаев өзінің «Евразиялық параллелдер» картинасында ертедүниелік шығыс пен осы заманғы батыстың мүсін бейнесінің арасында өзіне-өзі сенімді тұрған туника киген жас қазақ қызын көрсеткен. Ыбыраев «КЭФ. Шығыс – Батыс» жұмысында Эйфель мұнарасы мен ерніне сезім үйірілген ерке азиат қызды айқын мысқылмен қатар салыстырады. Қалпағының жалпақ түрмесінен түскен көлеңке астынан сығырайған шәлкес көзді бет әлпет – шығыстың ашылмаған жан дүниесінің тылсым айнасы сияқты көрінеді.

Ким (Иль Су), Мамакова және Медешов өздерінің кескіндемелік жұмыстарының кейіпкері ретінде өмірөзенінің кедергілерінің символы, әлемдегі үнсіздік белгісі, тарихтың момақан куәгері – деп кәдімгі тасты алған. Қырғызстаннан келген Қамшыбеков өз ойын айтуға тау шатқалында жатқан нағыз тасты пайдаланған. Содан «Нега», «Құшақтасу», «Паранжа киген әйел» және басқа да метафоралық композициялар пайда болған.

Кишкис, Қалқабаев және Сауытбеков түр-түс пен сызықтар арқылы «Экология парадоксы», «Өмір өрнегі» және өмір кеңістігінің үйлесімді құрылымының образдарын жасауға абстракция тіліне жүгінген. Жұмаев (Түркменстан) су бояудың ағымдарымен материяның әлемдегі қозғалыс образын сомдаған. Қазақбаев (Австрия) болса тек тушпен сызылған сызықтардың қоюлығымен «Тұрмыстық хаосты» көрсеткен.

Макаров пен Мизанбаев өз полотноларын шеберханасы мен кермелерін қоса суретші образына арнаған. Диникеев суретші тұлғасын музалармен қоршап, шығармашылық жолындағы серік болған көптеген оқиғаларға мән береді. Ал Тұрғанбаевтың кейіпкері азан-қазан даңғыл бойына өзінің этюднигімен орналасуға тырысқан. Өзбек Әлімқұловтың «Мен кіммін?» және түркмен Чарывтың «Шығармашы дүниесі» картиналарында кейіпкер болған мынау дүниеде өзінің міндеті не екенін анықтауға өзіне өзі сұрақ қоятын – адам. Түркмен графигі Гурбановтың «Ұрпақтар» сериясында әрбір үш тұлға бірнеше сатылы адам қатары бір-бірін киімдерінің етегімен қымтай жауып жанашырлық көрсетуін қылқалам мен қаламұштың жеңіл, жүрдек ізімен метафоралық бейне түзілген.

Екі жүзге жуық шығармалардың ішінде көбірек айтуға тұрарлық та нұсқалары бар. Қырғызстаннан келген Асаналы Бейшенов екі жұмыс көрсетті: «10.06.2010. Ош» және Верещагиннің «Өлім триумфы» картинасына парафраз. Екеуі де осы жаздағы бүкіл әлемді тітіренткен қасіретті оқиғаға арнаған. Ақылға симайтын жан жарасын суретші екі рет ақтаруға тырысқан. Түр-түс пен сызықтар абстракты-деректі композициялардағы шашылып кеткен дүние мен тұрғын үйлердің қираған құрылымдарының мәні мен формуласына айналған. Орыс суретшісінің композициясындағы бас сүйектің орнына үйілген тас қойып, оларға қара бояумен ауыз, көз белгіленгеннен кейін өлтіру қаруы, өлермендердің жан дауысы мен ескерткіш монументіне айналған парадоксті байқаймыз. Шынайы суреткер өз Отанының азаматы болмауы мүмкін емес және өз елінің қасіретін жеке басының қасіреті ретінде қабылдайтыны да хақ.

Австриялық Вольфганг Валькенштайнердің алты полотнодан тұратын және әр қайсысы өз алдына жұмыс бола алатын, сонымен қатар көпқабатты образдардың бөлшегі ретінде қабылданатын жұмысы өте қызық полиптих. Сол жақтағы кенептің бетіне немісше және орысша мынандай жазу бар: «Марсель Дюшанның желкесінде шашын қырып бейнеленген жұлдыз жайлы ойлап жүріп автобус аялдамасының айналасында серуендедім». Жазудағы «жұлдыз» деген сөзден кейін кішкентай бесбұрышты жұлдызша салынған, бәлкім атақты суретшінің желкесін көрмегендердің күмәні болмасын деген болуы керек. Полиптихтың төрт полотносында жыртылған жүректі еске салатын үшөлшемді Мебиус лентасына ұқсаған қуыс сферадан тұратын суретшінің әдеттегі композициясы.

Бұл болса суретшінің өзімен ала келген оның шығармашылық бренді. Келесі екі полотнода жай ғана аялдаманың құрылымы бейнеленген. Сол жақтағы үстіңгіде аялдама вертикаль көрсетілген. Оң жақтағы астыңғы полотнода горизонталь көрінісі. Біріншіде үш түрлі рең, екіншісінде бес түрлі түс қолданылған. Осылай австриялық суретші аялдаманы айнала жүргенін (эврика!) белгілеп алған және Дюшанның желкесін еске алуы қалай дегенмен Алматыда болуымен байланысты екендігі оған келген жаңа композициялық оймен байланысты, өйткені автобус тосу және бүкіл қалада бірде бір коммунистік заманның символын таппағанына таңдануы себеп болған. Міне, осылай Валькенштайнер оның шығармашылығының «Мен»-і болатын тұрақты сюжеттері қысқа мерзімде осы жерде болған уақытында алған жаңа әсерлерімен байланыстыра алды. Жемісті шығармашылық импульс шын мәнінде белгілі бір географиялық нүктеге тәуелді емес сияқты, рухани тыныс алу жер таңдамайтын көрінеді.

Тәжікстаннан келген суретшілер Сулаймон Шарифи және Кәрім Нәжмеддинов картина не этюд жазбады. Олар өне бойы Қазақстан образын заттардан іздеді, оның себебі біздің мәдениетке жақын да маңызды дүниелер өмірде екенін олар сезген-ау. Сондағы тапқандары ескі бесіктер. Алдымен олар әрбір затты өзгертіп, біреуін әскери киімнің түсіне, екінішісін әдемілеп қағазға орады да үшінішісін түгел жауып тастады. Содан соң таңданарлық құрылым жасап «Made in...» деп атау берді. Ұшқыр ойға мүмкіндік беретін бұл дүниені пайымдаудың бірінші варианты: біз ескі дүниеге тым байланыстымыз. Екінші: біздің еліміз әлі өте жас. Үшінші: біз тарихи болашақтамыз. Түрін өгерткен заттар арқылы суретшілер әр түрлі уақыттың образын көрсеткен. Бәріміз қорғап-қоршайтын, анық біздің өткеніміз. Әлі барлық жағынан анықталмаған, дәстүрге сүйенуге шынайы ынтасы шамалы осы шақ. Таныс келбеті сезіліп тұрғанымен құпиясы мол болашақ. Міне, осылай өткеннен осы шақ арқылы келер болашаққа барар біздің өмір жолымыздың метафорасы анықталады. Сыртқы көз сыны әр уақытта пайдалырақ болады.

Симпозиум, көп болмаса да мәнді ұйымдастырылған және тақырыптық тапқырлығы бар (көрменің эстетикалық мәніне дауымыз жоқ) шығармашылық тұрақты идеялар алмасу кеңістігі ретінде тағы бір мәрте өте пайдалы екенін көрсетті. Осыған орай тастарды шашу емес жинау кезеңі келген сияқты. Баян Барманқұлова Тастарды жинау кезеңі