1960 – 1970-е годы.

 

1960-1970 жылдар
1960 жылы Қазақстанның 40 (қырық) жылдығына арналған Республикалық көрме республиканың мәдени өміріндегі аса бір елеулі оқиға болды. Экспозиция ретроспективтік сипатта ұйымдастырылды. Қазақ Мемлекеттік Көркем галереясында және темір жолшылардың мәдениет сарайында (Алма-Ата-1 станциясы), екі залда орналасқан көрме 200-ден астам авторлардың басын қосты.
1962 жылы 17 ақпанда «Қазақстан» кинотетраның кеңсесінде Қазақстан Суретшілер Одағының VI съезіне арналған Қазақстан суретшілері туындыларының көрмесі ашылды.
Қазақстан суретшілерінің VI съезі 1962 жылы 19-21 ақпанда Қазақ Мемлекеттік университетінің (Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің бұрынғы ғимараты) акт залында болды.
Суретшілер Одағының құрылымының маңызды бөлшегі Қазақ КСР Көркем қоры (КҚ) болып табылады. Осы ұйым өзінің шаруашылық-қаржылық қызмеін ҚСО басқармасының және КСРО Көркем Қорының жетекшілігімен жүзеге асыратын. ҚСО басқармасының шешімімен тағайындалатын, күнделікті шығармашылық және қаржылық-шаруашылық жұмысына Қордың Басқармасы жетекшілік ететін. КҚ жетекшілік етуші құрамы- Төрағасы, Қордың директоры, бас суретші. КСРО Көркем қоры КСРО Қазақстан Халық Комиссариатының 1940 жылғы 04 ақпандағы №186 Қаулысына сай құрылды. Оның міндеттеріне «суретшілердің шығармашылық қызметіне жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ, олардың материалдық және тұрмыстық, мәдени жағдайларын жақсарту» кірді. Осы 1940 жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Көркем Қорының негізі қаланған еді. Оның тұңғыш директоры А.Баумштейн болды. Іс жүзінде республиканың барлық облыстарында жергілікті жерлердегі қандай-да бір көркем жұмыстарды жүзеге асыратын, өндірістік-көркем шеберханалар –ӨКШ құрылды. Қордың мекемелері Қазақстанның Суретшілер Одағының шығармашылық және материалдық базасы болып табылды. Өндірістік жоспарлардың орындалуы Суретшілер Одағының мүшелерінің белсенді шығармашылық қызметі үшін қажетті материалдық жағдайлар жасады және жас маман-суретшілердің шығармашылық дамуына ықпал етуді көздеді. Көркем-өндірістік шеберханаларының барлық суретшілерінің және Қазақ КСР Көркем Қорының аппаратының барлық қызметкерлерінің міндеті – суретшілердің шығармашылық еңбегіне қолдау көрсету болды.
Қордың мекемелерінің қызметі негізінен бейнелеу өнерінің станоктық және монументалды-декорациялық үлгілерінің дамуына бағытталды. Жұмыстың мұндай бағыттылығы Суретшілер Одағының мүшелерінің шығармашылық-өндірістік міндеттерді атқаруына кең аяда тартылуына ықпалын тигізді. Сонымен қатар, Көркем Қор мүсіндеме, декоративтік-қолданбалы өнер, эстамптардың және сый-кәделердің өндірісінің табысты деңгейде дамуына ықпалын тигізбей қоймады. Бұдан былай үгіт-насихаттық плакаттары жетілдіріліп, олардың көркемдік маңызы мен техникалық сапасы жақсартылып, даналары көбейтіле берді. Көркем Қор өндірістік алаңдардың, суретшілердің шеберханаларының, бүкіл республика бойынша көрме залдарының құрылысын салумен айналысты. Көркем Қор ұдайы көркем кеңес жұмыс істеді, КСРО Суретшілер Одағы Басқармасының III Пленумымен 1969 жылы 26 қыркүйекте бекітілген «Көркем Кеңестердің жұмысы туралы» арнайы ережелері әзірленді. Осы құжатқа сай оның жұмысына тек Суретшілер Одағының мүшелері ғана қатысуға құқылы болды. Көркем кеңестердің қызметтері шығарылатын бейнелеу өнімдерінің сапасының жақсартылуына бағаттылған еді. Туындының бағалануы және оның күрделілігінің санаты осы Көркем Кеңестің қорытындысына тәуелді болды. Суретшілер Одағының мүшелерін тұрақты жалақымен және шығармашылық еңбектенуге берілетін материалдармен қамту міндеттері де осы Көркем Қордың мойынында болды. Одақтың барлық дерлік мүшелері мамандықтары бойынша өндірістік-шығармашылық қызметке барынша тартылды. Бұл суретшілердің шығармашылық өсіп-өркендеп, дамуына қажетті материалдық база мен жағымды жағдайлар жасады. КҚ суретшілермен болашақта өткізілетін көркем көрмелерге арналған туындылар сомдау бойынша шарттарға отырды. Көркем Қор суретшілердің және олардың жанұяларының демалысына және емделуін көздейтін іс-шараларды іске асырды. Осыған байланысты, Ыстық көлде суретшілер демалып, шығармашылық жұмыс істейтін база салынды. Онымен қоса, Көркем қор жүйесінің жарғылық міндеттемелеріне суретшілерді сурет салуға қажетті материалдармен және аспап-құралдармен қамту талаптары да белгіленді. Осы жағдайларға орай, Көркем Қор Одақтың мүшелеріне қайтарымды несие ретіндегі уақытша материалдық көмек беріп отырды. Бірақ, Көркем Қордың жұмыстарында кемшіліктер де болмай қоймады: суретшілердің тұрмыстық мұқтаждықтарының жеткілікті деңгейде қанағатандырылмауы, шығармашылық шеберханалардың жоқтығы, кейбір мекемелердегі жұмыстың кәсіби деңгейінің болмауы, жетекшілік етуші құрамының кадрларының тұрақсыздығы, өндірістік алаңдардың болмауы және жұмысшы мамандарының даярлықтардан өткізілмеуі (альфрейщиктердің, гранитшілердің, форматорлардың, чеканщиктердің, т.б.) суретшілердің шығармашылық екпініне кедергі етті. Көркем Қордың мекемелерінің мамандармен нығайтылуы біліктілік комиссиясының қызметіне орай, ішінара орынды шешімдерін тауып отырды. Оның жұмысының нәтижесінде аталмыш ұйымдағы кездейсоқ адамдар електен өткізілді, Одақтың мүшелері болып табылмайтын суретшілердің жауапкершілігі арттырылды. Бұл әрекеттердің барлығы, әрине өнімдердің сапасының артуына әкелді.
1962 жылы «Өнер» шығармашылық-өндірістік комбинаты пайдалануға берілді. Кейіннен- «Өнер» бейнелеу өнерінің Алма-Аталық комбинаты деп аталатын болды. Ол суретшілердің шеберханаларын, түрлі көркем жұмыстарды орындауға арналған өндірістік алаңдарын біріктірді. Комбинаттың жұмысы үнемі жетілдіріліп отырғанын адлын-ала айтып кетуді жөн көрдік. 1977 жылы мұнда сый-кәде учаскесінің ұйымдастырылуына байланысты, зергерлік бұйымдар шығарыла бастады. «Өнер» комбинаты даналық эстампты шығару бойынша да өндірістік базаға айналады. Мұнда суретші-графикшілердің негізгі күші шоғырланады. 1979 жылы комбинатта даналық эстампттың көрмесі ұйымдастырылды. 1980 жылы көркем-мүсіндемелік және тас қашау жұмыстарын жүргізу крпусының құрылысы аяқталды. 1981 жылдың соңында комбинатта графика бойынша тәжіірибелік шеберхана ашылды, бұл суретшілерге графиканың офорт, цинкография, монотипия сияқты майда-шүйде жұмыстарының іске асырылуын біршама жеңілдетті. Шығармашылық шеберханалары жоқ суретшілер материалда жұмыс істеу мүмкіншілігін алды.
Осылайша, «Өнер» комбинатында - монументалды-мүсіндік, шығармашылық-рәсімделемік, декоративтік-қолданбалы өнер мен даналық графика секілді үш бірдей цехы құрылды.
Уақыт зымырап өте берді. ҚСО құрамы саны жағынан ұлғая берді. Үнемі шығармашылық шеберханалардың, көрмелік кеңселердің тапшылығы байқалып отырды. Республиканың мәдениетінің дамуында маңызды орын алатын Қазақстанның Суретшілер Одағының шығармашылық ордасы ретіндегі беделі де арта берді. Бейнелеу өнері бұл үрдістің ажырамас біртұтас бөлшегіне айнала берді. 1962 жылы 17 тамызда ҚСО Басқармасының кеңейтілген мәжілісінде «Суретшілердің тұрғын үй тұрмыстық ахуалын жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 22 маусымдағы №649 Үкімет қаулысы және 1963-1965 жылғы суретшілерге арналған тұрғын үйлер, шығармашылық шеберханалар, көрмелік және өндірістік кеңселер салу бойынша КСРО Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 27 шілдедегі №2078-р өкімінің орындалуы жөніндегі талқылаулар болып өтті. Жан-жақты талқылаулардан кейін суретшілерге арналған тұрғын үй пәтерлерінен, шеберханалары мен көрмелік залдарынан тұратын, жаңа талаптарға сай келетін жаңа Суретшілер Үйін салу туралы шешім қабылданды. 1962 жылы 01 желтоқсанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 1963 жылы Алма-Атада көрмелік залы бар суретшілер Үйін салу туралы №2114-р өкімін қабылдады.
Тағы да деректемелер хронологиясын бұзуға тура келіп отыр. Шығармашылық шеберханалары мен көрмелік залдардың жеті қабаттық ғимаратының құрылысы 1966 жылғы сәуір айында ғана басталды. ҚКСО көрмелік залының құрылысы ғимаратының жобасын «Казгорстройпроект» әзірледі. Жобаның авторы В.И.Ищенок еді. Құрылыс 1972 жылы тамызда аяқталады деп жоспарланған болатын. Ең соңында, ҚСО Басқармасы Президиумының мәжілісінде 1973 жылы 06 шілдеде Қазақ КСР КҚ директоры Е.Б.Бахатов саны бойынша Алма-Атадағы үшінші Қазақ суретшілер Үйінің пайдалануға берілгенін жариялады. Оның жаңа мекен-жайы: Қазан көшесі, 92. ҚСО 81 шеберханасы болды: 16- ескі үйінде, 65- жаңа үйінде. Суретшілер Үйінің қөрме залының ашылуы 07 қарашаға жоспарланып отырған болатын. Бұл оқиғаны Қазақстан суретшілерінің соңғы төрт жылда орындаған үздік туындыларының көрмесімен ұштастыру көзделді. 1974 жылдан бастап Одақтың барлық көрмелік қызметтерінің жаңа Үйінің көрме залында өткізілуі ұйғарылды. Кейінірек, көрмелердің қарқынының көтерілуіне байланысты, ҚСО КСРО СО Басқармасының Хатшылығын ҚСО жанындағы өз бетінше балансындағы көрмелер дирекциясының ұйымдастырылуын сұрауға шешім қабылдады. ҚСО ККД (көркем көрмелер дирекциясы) 1976 жылдың соңында құрылды.
Үшінші Суретшілер Үйінің құрылысының тарихына осындай қысқаша саяхат жасалғаннан кейін, жалпы деректемелер хронологиясын қалпына келтірсек. Сонымен, 1962 жылы декадалық іс-шаралар науқаны болды десек те болады. 24 наурызда Ригадағы қазақ өнерінің апталығы болып өтті (80 суретші, 130 жұмыс). Оған жауап ретіндегі іс-шара Қазақ Мемлекеттік Көркем Галерея залдарында «Латвия суретшілерінің акварельдері» (115 жұмыс, 38 суретші) көрмесі 06 қазанда өтті. 20 мамырда Қазақстан суретшілері Фрунзеде өздерінің жұмыстарымен таныстырды. 1962 жылы 26 мамырда Қазақстандағы Қырғыз декадасына бағышталған вернисаж ұйымдастырылды (44 суретшінің 158 жұмысы).
Қазан айында Алма-Атада татар өнері мен мәдениетінің апталығы болып өтті. 25 қазанда Т.Шевченко атындағы ҚМКГ (44 суретшінің 117 жұмысы) көрмесі ашылды. 1962 жылғы желтоқсан айының соңында, атап айтатын болсақ, 20 желтоқсанда Татарияда Қазақ өнерінің апталығы басталды (60 автор, 150 туынды). 16 желтоқсанда азербайжан суретшілері өздерінің шығармашылығын Қазақстан көрермендерінің назарына ұсынды (106 жұмыс, 62 суретші).
Халықаралық байланыстар да қарқындай түсті. 1962 жылы 26 маусымда «Казахстанская правда» Алма-Атаға американдық атақты суретші, бейбітшілік жолындағы күрескер, америкалық-кеңес достастығы Ұлттық кеңесінің төрағасы Рокуэлл Кент пен жұбайы Сэлли Кенттің келетіндігі жайлы хабарлады. Қонақтарды әуежайда ҚКСО Төрағасы Н.С.Гаев, Төраға орынбасары Г.Исмаилова, Т.Шевченко атындағы ҚМКГ директоры Л.Г.Плахотнаялар қарсы алды. Оның келуінің қарсаңына 1962 жылы 24 маусымда ҚМКГ 134 туынды жинаған қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды. Р.Кент Қазақстанның астанасының жетістіктерімен танысты, Мәдениет министрлігінде қонақтарды қабылдау шарасы өткізілді. Қазақстандық суретшілерге америкалық кескіндеме өнерінің шеберімен бетпе-бет кездесу орасан зор әсер сыйлады. Бұл, негізінен шет елдік ұжымдаспен тұңғыш кездесу болатын.
Формализммен күресу жолындағы кезекті компания 1962-1963 жылдары басталып, Н.Хрущевтің 1962 жылы желтоқсан айында Кеңес Суретшілерінің Мәскеулік Бөілімінің 30 жылдығына бағышталған мәскеулік суретшілердің туындыларының көрмесін аралағаннан кейін айтқан ескертулеріне байланысты қарқынды етек алып кетеді. Қазақстанда мәскеулік көрмедегі туындыға ұқсас өнер шенеуніктерін тітіркендіріп, көңіліне жақпаған туынды ҚМКГ ашылған (107 суретшінің 252 жұмысы) «Біздің замандасымыз» экспозициясы болды. Көрермендер назарына ұсынылуға қабылданған туындылар тақырыбы жағынан кеңес өмірінің 1917 жылдан бергі «шынайылығын» көрсетуі керек еді. 1962 жылғы 01 желтоқсанда «Казахстанская правдада» Д.Горожанин деген лақап атпен жауапты хатшы Д.Чоботовтың «Суретшілер және заманауи өмір» деген мақаласы жарияланды. Онда автор «біздің суретшілер жаңа сапалы күш-қуат алуда» деп жазған екен. Ол көрмедегі К.Шаяхметовтың- «Тойға», К.Телжановтың – «Көсемнің нұсқауы», А.Дячкиннің офорттарын, К.Баранковтың линагравюраларын, Ә.Қастеевтің Панфилов ауданында орындалған акварельдер сериясын, И.Квачконың «Шығыс Қазақстан» гуашьпен жазылған сериясын, В.Крыловтың шопандардың кескінді портреттерін атап өткен. Автор: «А.Степановтың дүниелері көрерменнің назарын еріксіз өзіне аударады. Оның «Басқа ғарыш әлемдеріне» деген поэтикалық холсты қызықты көрінеді, кескіндік шешімі жағынан өте толымды. Бұл кенеп біздің ең асқақ армандарымыздың да орындалуының мүмкін екендігі туралы.» деп жазады. Кемшіліктерін атап көрсете келе, автор кейбір суретшілердің «менің замандасым» ұғымын тым кең аяда түсінетінін атап көрсетеді.
Бұл көрмеде пейзаждан бастап, ою-өрнекке дейін, барлығын көруге әкеліп соқтырды. Себебі, ҚКСО шығармашылық секцияларының көрме алдындағы жұмыстарының мақсаттық бағытсыздығынан» дейді.
Дәстүрлік мәнерде жазылған осы мақала дау-дамайға әкеліп соқтырмайтындай болып көрінеді. Бірақ, 04 желтоқсанда газет редакцияға «Бұл өнер ме?» деген айдармен телеграфистка Айтуғанова А.Степановтың суреттерін сынап-мінеген мақаласы жарқ етті. Осы хатқа түсініктеме бере келе, редакция Степановтың шығармашылығына таңылған сынмен келісетіндіктерін айтты және «Степановтың суреттерінің шошытарлық бағаланған» мақаласының жариялануы оның үлкен қателігі екеніне меңзеді. Мақалада Қазақ КСР Мәдениет министрлігі де, «Біздің замандасымыз» көрмесінің ұйымдастырушылары да аталмыш суретке галерея залынан орын беріп, көрермен назарына ұсынып, суретшінің формалистік дүниесіне еш талап қоймағанын айтты. Сонда не болды? Неліктен бар болғаны үш күн ішінде редакцияның Д.Чоботовтың мақаласына қатысты пікірі өзгере қалды? 01 желтоқсанда Н.Хрущев мәскеулік суретшілердің көрмесін тамашалап, ондағы көрген туындыларға деген ойы дереу мәлім болды.
ҚКСО Басқарма мәжілісінде 1963 жылы 04 қаңтарда Н.С.Гаев әдебиет пен өнер жұмыскерлерінің Үкімет жетекшілерімен Мәскеудегі қабылдау үйінде 1962 жылы 17 желтоқсандағы кездесулері туралы баяндама жасады. Кездесудің негізгі мақсаты- әрбіреуінің орынын дәлдеп, пысықтау, өткір идеологиялық мәселелер бойынша бағытты нақты айқындап алу: «жеке басқа табынушылықтың салдарларынан енді арылған XX-XXII партия съездерінен кейін бііздің өміріміз бен қызметіміз демократияланды. Біздің болашағымызға жетелейтін кең соқпақ жолды кейбір суретшілер тым бұрыс, бір жақты қабылдап, түсінеді. Олар шығармашылықтың еркіндігі, шығармашылық бостандығы қоғам алдындағы, халық алдындағы борыштарынан босатады деп түсініпті. Мәскеудегі Суретшілер Одағының көрмесі «Біздің замандасымыз» көрмесіне дәл келіпті. Кеңес Одақы Коммунистік Партиялары Орталық Комитетінің өнер жөнінде алға тартқан барлық мәселелері біздің көрмелердегі қоғаммен тексерілді. Осыған байланысты, бізде көрмелерде абстрактілік өнер жоқ, суретшілер нық ахуалда социалистік реализм бағытын ұстанған деп айтқан жөн болар еді» делінген.
Осыған орай, «Казахстанская правда» 1963 ылғы 06 қаңтарда «Халық үшін жасаймыз» деген мақаланы шығарды: «Біздің замандасымыз» көрмесінде абстракционисттік суреттердің болмағанын айту керек. Алайда, бірқатар туындыларда формализм элементтері айқын көрінеді. Енді бір суреттер натуралистік қанаттанбаған, фотографиялық және дарынсыз. Жас келіншек пен жасөспірім бейнеленген («Әкей келе жатыр!» деген жұмыс болса керек, сірә (1960)) Н.Нұрмұхамедовтың суретінің натурализмі ебедейсіз. Авторларының аты-жөндері мен тексерін атамастан, талқылау кезінде айтылған бірнеше пікірлерді келтірелік. Олардың көпшілігі біраз уақыт өткеннен кейін не деп былжырағандары естеріне түсіп, ыңғайсызданатын болар. «Суретшілер басқа адамдарға ұқсап көрмейді», «Егер ғылымда тәжірибелер өткізуге болатын болса, кескіндеу өнерінде неге тәжірибелер өткізбеске?», «Суретші өзін айнала қоршаған әлемді, ортаны өзінің көруіне қарай бейнелеуге құқылы, тіпті ол осы ортаны нәресте көзімен көрген күнде де»... Бізде осы «субъективтік талғамдардың «диктатын» белгілеуге барынша талпынып бағатын, таяз сыншылар мен теорияшылардың» ролін бір топ өнертанушылар- ӨСО өнертанушылар секциясының мүшелері атқарады... осы өнертанушылар ауызбен сайрағанға тым құмар. Олар Т.Шевченко атындағы галереяда болған пікірталастарда да тамақтарын жыртып дауласты. Өнертанушы Е.Микульская «Казахстанская паравда» газетінің Ғабитова, Жүсіпова, Рыбакова, Сарықұловалардың қолдары қойылған ашық хатын оқып шықты. Егер түрлі демографиялық фиоритурлаға мән бермейтін болсақ, бұл хаттың мазмұны оның авторларының саяси таяздығын айдан-анық көре аламыз: «Біздер үшін формализм- Сталиннің жеке басқа табынушылық дәуірінің жабыстырған таңбасы мен термині».... Екіге екіні қоссаң- бес болады деген пікірмен дауласқан іспетті, мұндай көзқараспен дауласудың еш пайда бермейтіні хақ. - ҚКСО Тек өнертану секциясында орнаған жағдайды талқылап, ойдағыдай шешімін табу –ҚКСО және оның партиялық ұйымының жетекшілігінің алдындағы бірінші кезектегі мәселе екені анық».
Әңгіме 1963 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Суретшілер Одағының Басқармасы мәжілісінде, Кеңес Социалистік Республикалары Одағы Суретшілер Одағының Басқармасы Хатшылығының «Социалистік реализм өнері қағидаларының тазалығы үшін күрес» жөніндегі қаулысын талқылауда жалғасты. Қазақстанның Суретшілер Одағының Басқармасы «біздің суретшілердің социалистік реализм бағытын нық ұстанғанын, барлық формалистік бағыттармен бет қаратпай күресетінін» айтып ақталды».
Формализм туралы пікірталастардың соңғы нүктесі 1964 жылы қаңтар айында КСРО СО және РФ СО бірлескен пленумында қойылды. Онда шығармашылық ұйымдардың қызметінің бағыт-бағдарын белгілеген және партияның идеологиялық жұмысының кезекті міндеттерін талқылаған КОКП ОК Пленумының 1963 жылы 18 маусымда Үлкен Кремль Сарайында болған өткен жылғы қызметі қорытындыланды.
Осыған орай, Н.С.Гаев 1964 жылы 20 наурызда ҚСО Басқармасының кеңейтілген мәжілісінде баяндама жасады: «Үкімет пен партия жетекшілерінің өнер өкілдерімен тарихи кездесулеріндегі қызу пікірталастарға толы жылы аяқталды. Кездесулерге Н.Хрущевтің және өзге де партия мен билік жетекшілерінің МСО көрмесін аралауына байланысты өнер жөніндегі қағидалық ережелері айтылып, жекелеген суретшілердің шығармашылығындағы бұрыс бағыттары өткір сынға алынған болатын. Біздің Қазақстандық суретшілердің шығармашылығында абстракционистік бағыт болмағанымен, алайда, немқұрайлылық, салғырттық, сұр, күреңдік пен сұлбалылық болған, қазір де бар. Бұл жайлы біз айтқанбыз да, айта береміз де.
Республиканың көркем өміріндегі ееулі оқиға – америкалық графика көрмесі идеялық күш сынасу болған секілді. Бір айдан астам уақыт бойы біздер халық арасында осы көрмеде қыруар зор жұмыс атқаруымызға тура келді. Өнер мәселелері бойынша қағидалық әңгімелер қозғалған, америкалық суретшілермен бірқатар кездесулер болып өтті.».
ҚСО қандай-да бір себептермен өзінің сапалық қыры жағынан артта қалып қойған, бейнелеу өнерінің жекелеген түрлерінің дамуына барынша қолдау көрсетуге талпынып бақты.
1960 жылдары Қазақстанның графикалық өнерінің қарқынды дамуы көзге ұрады. ҚКСО суретші-графикшілерге қолдау көрсету үшін данын салады. Қазақстанның графикші-суретшілерінің алғашқы көрмесі 1960 жылы 01 маусымда өткізіледі. Түрлі техникалардағы 743 туынды. Үш жылдан соң, 1963 жылы Қазақстанның графикші-суретшілерінің екінші көрмесі өткізілді. Ол Т.Шевченко атындағы ҚМКГ залдарында 1963 жылғы 06 қарашадан 1964 жылғы 08 қаңтарға дейін созылды: станокты графиканың 440 туындылары, кітаптардың нақыштаулары, сатира және карикатура, республиканың 83 суретшілерінің плакаттары, олардың 25-і – облыстардың суретшілері. Графикалық техниканың барлық дерлік түрлері- линогравюра, офорт, сурет, гуашь, пастель, акварель жарияланған. Көрменің хронологииялық диапазоны- Қазақстанның қария суретшілері – Р.Великановадан, А.Черкасскийден, Ә.Қастеевтен бастап, графикші жас ұрпақ –Е.Сидоркинге, А.А.Дячкинге, Н.Гаевқа, Ч.Кенжебаевқа дейін.
1964 жылғы 10-19 қазанда Қазақстандағы орыс өнері мен әдебиетінің декадасы болып өтті. Республикаға арасында Л.Соболев, С,Лемешев, З.Долуханова, А.Ларионова, В.Соловьев-Седой, Б.Полевойлар бар тамаша жазушы, әртістер келді. Суретшілердің тобын КСРО Халық суретшісі, КСРО СО бірінші хатшысының міндеттерін атқарушы Е.Белашова басқарды. 23 қазанда галереяда РФ суретшілерінің көрмесі ашылды. Біздің республикамыздың тарихындағы ең үлкен көрме десе де болады: 80 автордың 140 туындылары: П.Оссовскийдің, С.Моисеенконың, С.Коненковтың, Н.Никогосянның, Е.Кибриканың, т.б. Онан басқа, галереяда Мемлекеттік орыс мұражайының қорынан XVIII-XX ғасырлардағы орыс суретшілерінің ақиқи туындыларының жылжымалы көрмесі жұмыс істеді. «Казахстанская правданың» хабарлауы бойынша Ботаникалық бақтан алыс емес, астананың оңтүстік-батыс ауданында Достық саябағы кірпішін қалады. Қазақ және орыс өнер қайраткерлері жас көшеттерді отырғызды.
1964 жылдың соңында ҚСО кезекті VII съезіне даярлық бойынша ұйымдастыру жұмысы басталды. 1965 жылы 15 наурызда съезд алды көрмені ашу туралы шешім қабылданды. Ал, съездің кеңсесінде Алма-Ата мен Қарағандылық шығармашылық-өндірістік шеберханаларының плакаттары мен нысандарының суреттерінің көрмесін ұйымдастыру туралы ұйғарылды. М.Ержанов афишалардың эскиздерін, каталогтардың мұқабаларын, мандатарды, шақыру билеттерін әзірледі. Облыстарға суретшілерге съездге 22 наурыздан қалмай келу керектігі туралы телеграммалар жөнелтілді.
Қазақстанның Суретшілер Одағының VII съезі 1965 жылы 23, 24, 25 наурыз күндері Облыстық Партиялық Ағарту Үйінің кеңсесінде болды.
1965 жылы көктемде тұңғыш республикалық плакатар көрмесі ұйымдастырылды: «Бұл республикада таратылатын плакаттардың сапасы туралы түсінік беретін тұңғыш, салиқалы көрме еді». Оған қатысушылар- С.Сухов, В.Тканко, Р.Юлдашев, В.Гусаков, Н.Александров, Б.Ненахов, М.Ержанов, Ш.Кенжебаев, К.Плюхин, А.Хайдаров, М.Храпковский, Б.Чекалин, Н.Цивчинскийлер. Көрме түрлі буын ұрпақтарын біріктірді. Оны талқылауға Мәскеудің суретшілері де ат салысты. 1981 жылы болған плакаттың үшінші республикалық көрмесі 50-ден астам авторлардың жұмысын назарға ұсынды.
1966 жылы сәуірде Алма-Атада халық шаруашылығы жетістіктерінің басты павильонында тағы быр тамаша эскпозиция- Қазақстанның театр және кино өнерінің суретшілерінің тұңғыш көрмесі ашылды. Ауқымы және сипаты жағынан ол- Кеңес Одағындағы ең ірі көрмелердің бірі болды: «Оған 670 туынды ұсынған 40-тан астам шеберлер қатысты. Көрменің ерекшелігі декорация макеттері мен эскиздерімен, жейделер мен гримдердің эскиздерімен қатар, натуралық кескіндермен, суретермен қатар, онда көріністік этюдтер, портреттер, нақыштау циклдары, станокты кескіндеме және графика туындылары берілді. Кемде-кем көркем көрме ммұндай шығармашылық диапазонды, суретшінің бет-әлпетінің мұндай толымды бейнесін, әрбір автордың мұндай санқилы дербестік сипаттамысн бере алады. Жалпы, бұл Қазақстанның театралдық және кинематографиялық мәдениетінің тым биік деңгейін, қазақстандық шеберлердің үлкен отрядының тым қызықты іздестірулерін дәлелдейді». Театр және кино саласында жұмыс істейтін жетекші суретшілер танылды- И.Бальхозин, Ю.Вайншток, М.Ержанов, П.Зальцман, П.Захаров (Өскемен), Б.Золотов (Қарағанды), Г.Исмаилова, И.Карагодин, И.Қарсақбаев, В.Колоденко, Ю.Мингазитинов, А.Ненашев, К.Пак (ұйғыр музыкалық-драма театрының бас суретшісі), Сахи Романов, А.Сыдыханов, В.Семизоров, Л.Столярова (Павлодар), Д.Сүлеев, В.Теляковский, А.Хайдаров, Қ.Қожықов, Э.Чарномский, т.б. Көрмеде ұсынылған туындылар театралдық және кинематографиялық шеберліктің биік мәдениетін көрсетті.
1967 жылы ҚСО тұңғыш рет «Қазақстанның суретшілері мен кітаптары» деген мамандандырылған көрмесі даярланды. Ол 12 адамды біріктірді. Бұл бір реттік акция емес еді. 1974 жылы А.С.Пушкин атындағы Қазақ Мемлекеттік кітапанасының кесесінде 22 сәуірден 13 мамырға дейін кітап кестесінің екінші республикалық көрмесі өткізілді. Көрермендер оны республиканың түрлі қалаларынан көре алды- Балқашта, Теміртауда, Қарағндыда. 1979 жылы – осындай үшінші көрменің өткізілу кезі, ал, кітап кестесінің төртінші республикалық көрмесі 1981 жылы болды.
1968 жылы 24 қаңтарда Құрманғазы атындағы консерваторияның концерттік залында Қазақстан Суретшілер Одағының VIII съезі өзінің жұмысын бастады.
Өнертанушы Е.Вандровская «Ізденістер мен құлшыныстар уақыты» деген мақаласында сездің көркем галереяның екі қабатын алатын, тиімді көрме аясында өтіп жатқанын баяндады. Бұл көрмені ұйымдастырушылар өткен кезеңдердегі тундыларды ұсыну дәстүрінен бас тартты. Көрме Кеңес билігінің жарты ғасырлық ғұмырында жүріп өткен жолын ғана емес, бүгінгі жетістіктер мен кемшіліктер туралы ашық сырласуды басты назарға алды.
1970-1972 жылдардағы ірі көрмелер: «Кеңестік Қазақстанға 50 жыл» 1970 жылы 20-23 тамызда Шевченко атындағы ҚМКГ залында өтті. Республиканың барлық дерлік аймақтарынан 260 автор қатысты. Расында да еліміздің сурет өнерінің көрмесі боды. Лениннің 100 жасқа толуына арналған көрме 1970 жылы 17 сәуірде ашылды. Эскпозиция екі бөлімді қамтыды: тарихи-революциялық және заманауи. Ол енді болайын деп отырған бүкіл одақтас республикалардың суретшілерінің 1050 туындысын бір экспозицияға біріктіретін (кескіндеу- 350, кесте- 500, мүсін- 200) орасан зор көрменің бастамасы іспетті өткізілді. Қазақстаннан квота -39 жұмыс. Абайдың 125 жылдығына арналған «Қазақстандағы бейнелеу өнері» көрмесі Т.Г.Шевченко атындағы ҚМКГ 1971 жылы 25 маусымнан 01 шілде аралығында өтті.
Бейнелеу өнерінің түрлі жанрлары мен түрлерінің дамыту саясатын жалғастыра отырып, ҚСО 1971 жылы 08 маусымнан 01 шілде аралығында Т.Г.Шевченко атындағы ҚМКГ жұмыс істеген қарындашпен, үкімен, фломастермен, шарик сиямен, қылқаламмен салынған суреттердің бірінші республикалық көрмесін ұйымдастырды. Суретшілер сурет салудың барлық материалдарымен барлық жанрларын- портреттер, көріністер, пейзаждар, композициялар, кітап нақыштаулары, техникалық түрлі әдіс-тәсілдер (жағып бояу, жолақтық сурет, штрихтік, нүктелік әдістер) көрермендердің назарына ақтарып жайып салды. Бұл мұндай сипаттағы тұңғыш өткізіліп отырған көрме болғандықтан, онда жаңа суреттер ғана емес, өткен жылғы суреттер де ұсынылды. Бұл бірінші кезекте суретші Ә.Қастеевтің, А.Исмаиловтың, Л.Гербановскийдің, В.Каптеревтің 30-шы жылдардағы жұмастары».
Сахи Романов, П.Зальцман, Е.Говоров, Р.Великанова, Ш.Сариев, С.Калмыков, Е.Сидоркин, Н.Гаев, Ю.Мингазитинов, А.Гурьев 1950-1960 жылдардағы өздерінің аға буын ұжымдастарының дәстүрлерін жалғастырды. Эскпозицияшылар республикадағы айрықша графика өнерінің жалғату тарихының толық кескінін беруге талпынды.
Кітап таңбасының алғашқы республикалық көрмесі 1971 жылы өтті. 1983 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің орталық көрме залында кітап таңбасының екінші республикалық көрмесі өткізілді. Егер тұңғыш көрмесінде үш облыстан келген барлығы 19 суретші қатысқан болса, екінші көрмеде- тоғыз облыстан келген 41 автор қатысты.
Қазақ өнерінің Өзбекстандағы декадасы 1971 жылы қыркүйекте Ташкентте өтті. Экспозиция Лениннің 100 жылдығына және Қазақ КСР 50- жылдығына арналған 1970 жылы аталған мерейтойына даярлығына орай сомдалған дүниелерден тұрды.
КСРО Мәдениет министрлігі және КСРО СО 1972 жылы КСРО-ның құрылғанына 60 жыл қарсаңына Мәскеуде барлық республикалардың бейнелеу өнерінің көрмесін аймақтарына қарай біріктіріп өткізуді ұйғарды. Олардың біріншісі Кавказ елдерінің көрмесін 1972 жылдың басында өткізу жоспарланды. Ақпан айына Украина, Белоруссия, Молдавия республикаларының көрмесі кезекте тұрды. Сәуір мен мамыр айларында Орта Азия және Қазақстан республикаларының көрмесі белгіленді. Жыл соңында, үлкен мереке қарсаңында, Мәскеуде, Орталық көрме залында «КСРО-біздің Отанымыз» Бүкілодақтық көркем көрмесі» кешенделді. КСРО СО КСРО Халық суретшісінің, КСРО Көркем Академиясының мүшесі А.М.Грицайдың төрағалық етуімен, Ұйымдастыру комитеті құрылды. Оған әрбір республикадан екі уәкіл қабылданды. Жыл басынан Қазақстанның СО бүкіл жұмысы осы көрмеге байланысты мәселелерді шешуге бағытталды. Өткен 1971 жылғы мамыр айында ҚКСО Пленумында бірқатар шешімдер қабылданды. «КСРО-біздің Отанымыз» Бүкілодақтық көркем көрмесінің Орта Азия және Қазақстан өнерінің көрмесіне даярлық жұмыстарының жүзеге асырылуына байланысты «Қазақстан суретшілерінің міндеттері жөніндегі» баяндаманы ҚКСО Басқарма Төрағасы С.Мамбеев жасады. ҚСО заманауи өзекті тақырыптарына жаңа туындыларды сомдау үшін бірнеше шығармашылық бағыттарын белгілеп алды: Маңғышлақ ауданы, Орталық Қазақстан, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Ертіс-Қарағанды каналы, тың өлкесі- Қостанай, Рудный, Алтай, Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіптік және мал шаруашылығы аудандары. Тек Алма-Атадағы суретшілердің өзі 31 іссапар алды. Олардың 10-ы КСРО СО арнасы бойынша.
Алма-Атадағы КСРО-ның құрылғанына 50- жылдығына бағышталған «КСРО- біздің Отанымыз» көрмесі 1972 жылдың 08 желтоқсанына 1973 жылғы 05 ақпанға дейін созылып, ҚМКГ залында (160 авторданастам) болды.
ҚСО өзінің 1960-1970 жылдардағы қызметінде жастар өнерінің дамуына айрықша мән берумен болды. 1949 жылдың өзінде-ақ, жас суретшілермен жасалатын жұмыстарды жақсарту мақсатында жастар комиссиясы құрылды. Іс мұнымен біте қойған жоқ. Алматының көркем училищесі жыл сайын өзінің өнер білімі қабырғасынан мамандандырылған жастар көрмелерінің біріктірілуіне қажетті талантты жастарды өнер саласындағы саналуан салаларына ұшырып отырды. Бұл төрағасы етіп А.Ф.Подковыров сайланған жас суретшілермен жқмыс жасау жөніндегі комиссияның құрылуына алып келді. 1952 жылы комиссия құрамы жаңартылды: А.Мартова төрағасы болып тағайындалды, А.Ғалымбаева- хатшысы болып, оларға көмек ретінде С.Я.Сухов, З.Береговая, А.Ф.Подковыровтар сайланды. 1956 жылы 1957 жылғы Бүкілодақтық жастар фестивалінің жұмысы басталды. А.М.Степанов фестивальді өткізу жөніндегі мәжіліске қатысуға жөнелтілді. КСРО СО Ұйымдастыру комитеті 1957 жылғы 01 ақпанға дейін көрмеге арналған жұмыстарды қабылдап отырды. Фестивальдік көрмеге барлығы қатыса алатын: Суретшілер Одағының мүшелері де, оған мүше емес суретшілер де. Тек 35- ке дейінгі жас ерекшеліктері ескерілді. Жас суретшілерді біріктіріп, туындыларды жинауды ұйымдастыру үшін құрамы А.М.Степанов (төраға), А.Черкасский, Л.Леонтьевтерден тұратын «ұштік» құрылды.
Тұңғыш рет Қазақстанның жас суретшілері өздерінің шығармашылығын осындай биік деңгейде көрермен назарына ұсыну мүмкіншілігіне қол жеткізген болуы керек, сірә!
1958 жылы КЖБОЛК (Кеңес Жастарының Бүкіл Одақтық Лениндік Комитеті) 40- жылдығына орай, Бүкіл Одақтық көрмесі болып өтті. Мәскеуге 22 қазақстандық суретшілердің 31 жұмысы жөнелтілді.
Комиссия біртіндеп жас суретшілер секциясы болып құрылды. ҚСО Басқармасының мәжілісінде 1963 жылы 19 шілдеде жастар секциясын құру тиімді деп табылып, секцияның бюросы ұйымдастырылсын. Оның басшысы етіп- К.Баранов және Н.Нұрмұхамедовтар сайлансын. Секцияның қызметінің талаптары әзірленсін. Секцияға жұмыс берілумен өтініштер арқылы қабылдансын. Жас авторлардың шығармашылық қабілетіне қолдау көрсету үшін Қазақстанның Жастар Комитетнің ОК Бюросы, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің алқасы, Қазақстанның Жазушылар Одағының Президиумы «Жастардың ең үздік шығармашылық туындыларының жыл сайын сыйлықақымен марапатталуы жөнінде» қаулысы қабылданды. 1963 жылғы 29 қарашада оның талқылаулары болып өтті. Жастар саясатына байланысты ҚКСО барлық іс-шаралары орта оқу орынын аяқтаған жас суретшілерге материалдық қолдау көрсетуге, шығармашылық сипатта жұмыс істеулеріне барлық мүмкіншіліктерді беруге, болашақта Одақтың құрамына қабылдауға арналған жағдайларды жасауға бағытталды.
1963 жылы 28 желтоқсанда «Алатау» кинотеатрының жоғарғы фойесінде шамамен 33-35 жасар суретшілердің көрмелері ұйымдастырылды. Мұнда А.Жүсіповтың, А.Дячкиннің, А.Исаевтың, С.Мамбеевтің, А.Мотузконың, В.Поляковтың, В.Семизоровтың, Е.Сидоркиннің, Е.Умысковтың, П.Усачевтің, К.Шаяхметовтың, Р.Юлдашевтің туындылары көрермен талқысына салынды. 1964 жылы 14 қаңтарда оның қоғамдық, билік деңгейіндегі талқылаулары да басталды.
1966 жылғы 20 қаңтарда КСРО Мәдениет Министрілігі алқасының, КСРО СО Хатшылығының, ОК Жастар комитетінің «1966 жылы Бүкілодақтық жас суретшілердің туындыларының көрмесін ұйымдастыру жөніндегі» қаулысы қабылданды. ҚСО алдымен республикалық көрмені- Қазақстанның жас суретшілерінің бірінші республикалық көрмесін өткізу туралы шешім қабылдады. Ол 87 авторларды біріктіріп, Қазақстанның бейнелеу өнерінің әлеуетін паш етіп, республика суретшілерінің лайықты үшінші буын ұрпағының сомдаған дүниелерін елге жариялады. Үздік туындылар Қазақстанның Орталық Комитет Бүкіл Одақтық Лениндік Жастар Комитетінің дипломдарымен марапатталды. Бірінші дәрежелі дипломдарды А.Гордеев, В.Рахманов, А.Гурьев, Т.Досмағамбетовтер алды, екінші дәрежелі дипломдарын- С.Айтбаевтың, М.Поруниннің, И.Исабаевтың, Л.Колотилинаның, М.Терімғалиевтің, Е.Мхитарянның жұмыстары иеленді. Үшінші дәрежелі дипломдар М.Қалымовтың, Ш.Сариевтің еншілеріне тиді. Республикалық көрме үздік туындылардың авторларына Мәскеуде өтетін жас суретшілердің Бүкілодақтық көрмесіне жол ашты. Онда С.Айтбаевтың «Бақыт» атты жұмысы үшінші дәрежелі дипломын алды. Енді тағы бір суретші О.Нұржұмаевтың туындысын өнертанушылар ерекше атап өтіп, орталық журналдарда басып шығарды.
1967 жылғы 06-15 шілде күндері ҚСО салонында жас суретшілер секциясының көрмесі ашылды. Ол өзінің төрт жылдық жұмысының қорытындыларын жасады. Оған жетекшілік етуді республиканың қария суретшілерінің бірі К.Я.Баранов жалғастыра берді. Секция бұл кезде Одақтың мүшелері болып табылмайтын, шамамен 200-ге жуық жас суретшілердің басын қосып отыр еді. Бұл көрме- саны жағынан төртінші (бұл көрмелер тек Алматылық суретшілердің басын қосуы да мүмкін).
Жас суретшілердің туындыларының екінші республикалық көрмесі көп күттірмей, Т.Г.Шевченко атындағы ҚМКГ залында 1970 жылғы 03 желтоқсанда, 1971 жылғы 11 қаңтарда ашылды. Кескіндеу өнерінің 71 туындылары, 32- мүсіндер, 97- графика, 72- декоративтік өнер туындылары ұсынылды: «Мұнда Суретшілер Одағының мүшелерімен қатар, көркем училищенің студенттері және Қазақ педагогикалық институтының көркем-графика факультетінің студенттері, Одаққа мүше емес жастар қатысып отыр. Алдыңғы өткен жас суретшілердің көрмесінде монументалдық және қолданбалы өнер бөлімдері болмаған еді. Мұнда қабырғалық жазу эскиздері, мозаикалар, ағашты кесіп-жонып өнер бұйымдарын жасау, чеканка, металлдан қаланған бұйымдар да бар». С.Айтбаев, А.Ақанаев, Д.Алиев, А.Бақтығалиев, Г.Завизионный, И.Исабаев, В.Киреев, М.Кисамединов, Т.Нұржұмаев, Т.Ордабеков, А.Рахманов, В.Рахманов, Б.Табиев, В.Твердохлебов, М.Темірғалиев, Т.Тоғысбаев, А.Сыдыханов, С.Сариевтер, т.б. көптеген авторлар қатысты- барлығы 128 автор.
Қазақстанның - жас суретшілерінің туындыларының үшінші республикалық көрмесі Т.Г.Шевченко атындағы ҚМКГ залында 1972 жылғы маусым-шілде айларында болған еді (63 қатысушы).
Съездердің өткізілуіне даярлық және олардың өткізілуі- Суретшілер Одағының қызметіндегі аса бір маңызды және жауапты сәттері.
Қазақстанның Суретшілер Одағының IX съезді 1973 жылы 12-13 қаңтар күндері болып өтті.
«Қарағанды суретшілерінің шығармашылығындағы шахтерлер» деп аталатын керемет облыстық көрме 1973 жылы болды. Бұл қарағанды суретшілерінің тарихындағы ең бір ірі тақырыптық көрме. Мұндай көрмелер тіпті республика көлемінде де бұрын-соңғы болмаған еді. Алпыс автордың шамамен 120 туындылары екі залда жайғастырылды – Республиканың Мәдениет министрлігінің көрме залында және суретшілер Одағының облыстық ұйымында. Бұл КСРО Суретшілер Одағының мүшелері басқарған қарағандылық Суретшілер Одағының ұйымымен қалыптастырылған шығармашылық топтардың атқарған қызметтерінің қорытындылары. Әрбір топ белгілі бір шахтаға бекітіліп қойылған еді. Шахтаның түбіне түсу әрекеттері ұйымдастырылды, суретшілерге жұмыс істеуге арналған кеңселер арнайы бөлініп берілді.
1973 жылы мамыр айында болған Кеңес Социалистік Республикалар Одағы суретшілерінің IV съездінде «КСРО СО жас суретшілерінің бірлестігін» құру туралы шешім қабылданды. Осы съездегі өзінің есеп беру баяндамасында Суретшілер Одағының бірінші хатшысы Н.А.Пономарев «Суретшілер Одағы өнердегі шығармашылық талпыныстары бірдей жас суретшілердің бірлестігін қалыптастырудағы өзіндік бір бастамашысы бола алады. Мұндай ұжымның қызметіне жас суретшілер алдында беделді және сыйлы өнер шеберлерінің жетекшілік етуі жас суретшілердің тәжірибе жинақтап, шығармашылық шыңдалуына тек оң әсер еткен болар еді... біздің үздік шеберлеріміздің шығармашылық өмірден жинақтаған мол тәжірибесі, кеңес өнерінің бүкіл тарихының тәжірибесі жас суретшілерді қоректендіретін ортасына айналуы тиіс». Осындай негіздемелерге сай бірлестік жөніндегі ережелер мен оның бағдарламасы әзірленді. Бірлестіктердің жұмысына жетекшілік ету үшін жас суретгілермен жұмыс істеу жөніндегі бүкілодақтық және республикалық комиссиялар құрылды. Қазақстанның Суретшілер Одағының жас суретшілерінің бірлестігі өздерінің эскпозициясын 1974 жылы 15 ақпаннан Абай атындағы Академиялық опера және балет театрының кеңсесінде бастап жіберген жас суретшілердің IV республикалық көрмесінің негізінде қалыптастырылды. Қысқартылған күйінде оны: Кемеровқа, Омбыға, Павлодарға, Новосібірге жіберді. Бұл көрме 20-30 жасар аралығындағы жас суретшілердің көрмесі болатын. Көпшілігі көркем училищені немесе институттарды жаңа ғана аяқтап шыққан, ал, енді біреулері әлі де арнайы/жоғары шығармашылық білім нәрімен сусындап жүрген жастар еді. Олардың арасында – М.Хитахунов, Е.Мергенов, Е.Төлепбаев, Х.Абаев, Д.Әлиев, М.Айнеков, А.Андрущенколар болды. КОКП ОК «Шғармашылық жастармен жұмыс істеу жөнідегі» 1976 жылы қазанда қабылданған қаулысы да жастардың қөнерінің өсіп-өркендеуіне оң ықпалын тигізді. 1974 жылғы мамыр айынан 1977 жылғы 01 қаңтар аралығында Қазақстанның Суретшілер Одағының шығармашылық секцияларының ағыл-кеңесімен және көрмелік қызметінің негізінде – 71 жас қабылданды. Олардың қатарынан 21-і Одақтың мүшелігіне өтті, ал, 9-ы жас ерекшелігіне қарай шығып қалды. Шығармашылық базаларға 55 жас суретшілер іссапарға жөнелтілді. Олардың 40-ы Суретшілер Одағының мүшелері емес еді. Ондаған суретшілерге шығармашылық көмек көрсетілді.
1975 жылдың ең ірі көрмелері- «Жасасын Еңбек!», «Жеңіске 30 жыл». Жаңа көрме залында болып өткен Қазақстанның Суретшілер Одағының күзгі пленумындағы есеп берулерінде: Осы жылы (1975) Қазақстанның суретшілерінің туындылары Ленинградтағы Орыс мұражайында, Балтық елдерінде, Белорусь КСР қойылды. Мәскеуде А.П.Степановтың көрмесі табысты өтті. Республикалық эстамп графикасының бүкілодақтық көрмесінде мәртебелі орындардың бірін иелендік. Ал, кітап графикасы бойынша ткізілген Орта Азия және Қазақстан республикаларының көрмесінде бірінші орынды қанжығамызға байладық.
V республикалық жастар көрмесінің нәтижелері бойынша (1976 ж.) жас суретшілердің бір қатары Қазақстанның Орталық Комитеті Лениндік Жастар Комсомол Комитетінің мақтау грамотасымен марапатталды. Олардың арасында- М.Байтенов, В.Тимофеев, Ж.Молдабаев, К.Тыныбеков, А.Андрущенко, М.Жүнісов, Н.денисов, К.Зәкіров, Р.Омарханов, Б.Зәуірбекова, В.Киреевтер бар.
1976 жылы Мәскеуде бессуретші- М.Кисамединовтың, Е.Мергеновтың, В.Рахмановтың, Табиевтің, Т.Досмағамбетовтың көрмелері қойылды. Бұл бес бірдей жас суретшінің, жас өнер уәкілдерінің қосылып, өздерінің шығармашылығын бүкілодақтық аренада бірігіп, көрермендер назарына ұсынғаны еді. 1976 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Коммунистері Партиясының Орталық Комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі Есеналиевтің қатысуымен Қазақстанның Суретшілер Одағының Президиумындағы болашақта өткізілетін көрмелерінің талқылаулары болып өтті. Әрбір суретші өзінің ойындағысын айтуға құқық алды. Е.Мергенов ақиқат іздейтін әрбір суретшінің кредосын қысқаша дәйектеп берді: «Меніңше, суретші құбылыстың мәнін бейнелей алуы тиіс, ол қатынастардың ішкі парасатын, зердесін іздеуі керек деп санаймын». М.Кисамединов отырғандарға топтың бірігу қағидасын түсіндіріп берді: «Аты-жөніміз бен тегіміз кездейсоқ іріктелген жоқ, әрқайсымыз бір-бірімізге рухани жақынбыз. Барлығымыз Мәскеуде оқығанбыз».
Қазақстанның Суретшілер Одағының мерейтойлық X съезді 1977 жылы 23-24 ақпанда Үкімет Үйінде өтті. Съездге Қазақстанның Суретшілер Одағының барлық 233 мүшелері шақырылды.
Суретшілер Одағының құрылыс саласындағы қызметі жайлы осыған дейін бірнеше рет айтылып кеткен болатын. 1975 жылы 03 қыркүйекте Көктем көлшігінің бойында Қазақстанның Суретшілер Одағының 56 пәтерлік тұрғын үйінің құрылысын көтері жобасы бекітілді.
Қазақстанның Суретшілер Одағының Басқармасы Президиумының мәжілісінде 1978 жылы 20 желтоқсанда осы тұрғын үйге жататын учаскеде шеберханалардың құрылысын салу (жобаның авторы С.Н.Мартимьянов) жобасы қабылданды. Бірінші қабатта мүсіндеу өнерінің шеберханалары жобаластырылды, олардың жетеуі 1981 жылы пайдалануға берілді. Нысанның берілуін жеделдету мақсатында, құрылысшылардың алдына шеберханалардың келе жатқан 1982 жылға, Қазақстанның Суретшілер Одағының XI съездіне орай тапсырылуы міндеттелді.
1966 жылы сәуір айында болып өткен театр және кино суретшілерінің бірінші көрмесінің өткізілуінен бері он жыл шамасы зымырап өтіп кетті. Осы саладағы суретшілердің жетістіктерін кең ауқымда паш еткен екінші көрме Қазақстанның Суретшілер Одағының көрме залында 1977 жылы 22 тамыздан 18 қыркүйек аралығында болды. Декорациялар мен театр киім-кешегінің эскиздері, фильмдерге арналған көріністік көркейтулер, қуыршақтар, макеттер, афишалар, телеқойылымдардың беттері – жетпіс шақты авторлардың бес жүзге жуық жұмыстары. Көрме ретроспективтік сипатта болды және Қазақстанның театралдық-декорациялық өнерінің негізін қалаушыларының туындыларын ғана емес, Алма-Атада Ұлы Отан соғысы жылдары жұмыс істеген суретшілердің де жұмыстарын қамтыды. Осы экспозицияға теледидар мен цирк суретшілерінің жұмыстары да кірді. Көрме бүкіл республикамыздың жалпы театралдық мәдениетін сипаттады, Алма-Ата, Целиноград (В.Степнов, Г.Гришанов), Қызыл-Орда (С.Пірмаханов, Ж.Әбіров), Арқалық (К.Жапарғалиев, Г.Мұстафинов), Семей (Р.Ахметов), кең байтақ республикамыздың т.б. көптеген облыстарының суретшілерінің шеберлік деңгейін көрсетті. Ол Қазақстанда А.Хайдаров, Ж.Дәненов, М.Мерқасымов, А. және Е.Бейсембиновтардың, т.б.- қызықты мультипликатор суретшілердің еңбек ететінін көрсетті. Эскпозиция Қазақстанның театралдық-декорациялық өнерінің заманауи ахуалын беріп, театр, кино, теледидар және цирк салаларындағы суретшілердің осы шығармашылық саласында қызықты да, күрделі ізденістер жолында екендіктерін білдірді.
1977 жылғы желтоқсанда КСРО КҚ мекемелерінің көркем кеңстерінің – жұмыс деңгейлерін көтеру мақсатында Алма-Атада Қазақстанның, Қырғыздардың, Өзбектер мен Тәжік және Түркмендердің Көркем Қорлары мекемелерінің бас суретшілерінің, көркем кеңестерінің уәкілдеріне арналған аймақтық семинары өткізілді.
Акварельдің үшінші республикалық көрмесі 1977 жылғы 13 желтоқсаннан 1978 жылғы 10 қаңтар аралығында Қазақстанның Суретшілер Одағының көрмелік залында өткізілді. Ол Қазақстандық акварельшілер қатарының соңғы жылдары біршама өскенін көрсетті. Көрмеде 102 авторлардың 250-ден астам туындылары көрермендердің назарларына ұсынылды. Оған қатысушылардың жартысынан басымы – Алма-Атаның суретшілері екен. Ал, төрттен бірі- Қарағандыдан, қалғандары- он бір облыс орталықтарынан (42) келіпті.
1978 жылы қазан айында бір топ жас суретшілер «Кеңес елдерінің жас сарбаздары» республикалық көрмесіне қатысқандары үшін ақшалай сыйақылармен марапатталды. А.Ақанаев- бірінші сыйақы; М.Аманжолов пен Д.Әлиев- екінші сыйақы; Ботвин мен Астахов – үшінші сыйақыны иеленді.
Қазақстанның Суретшілер Одағы ұйымдастырған мамандандырылған көрмелер әрдайым суретшілердің де, көрермендердің де аса үлкен назарында болған. Қазақстанның Суретшілер Одағының Орталық көрме залында 1979 жылы 19 қыркүйектен 15 қазан аралығында «Пейзаж және натюрморт» деп аталған республикалық көрме өткізілді. ««Пейзаж және натюрморт» көрмесінің өткізілуі жақсы дәстүрге айналып барады. Ол әдетте 3-4 жылда бір рет болады. Бұл көрменің ерекшелігі... соңғы жылдары байқалып жүрген пейзаж бен натюрморт жанрларының шекараларының күрделіленіп, кеңейіп бара жатқанын дәлелдейді. Бұл ерекшелік мұнда тым толымды және кезекпелі сипатта туындауда... Бұл көрмеде қазақстандық бейнелеу өнерінің суретшілерінің барлық үш буын ұрпақтарының туындылары берілген». Осы жанрға деген көзқарастарын 175-тен астам суретшілер білдірген.
Теміртаудағы көрме залында 1979 жылғы 22 қарашадан бастап 20 желтоқсан күндері «Қазақстандық Магнит» деген облыстық көрмесі өткізілді. Бұл экспозиция – Қазақстан Магниті тақырыбына бағышталған көрмелердің бұрын-соңды болмаған ең ірі көрмелерінің бірі еді. Оның құрамында 53 автордың жүзден астам туындылары берілді. Қатысушылардың арасында- көпшілігі жергілікті суретшілер, бірақ, Алма-Атаның, Мәскеудің, Одессаның, Орынбордың, т.б. қалалардың кескіндеуші және графикші (кестеші) суретшілерінің жұмыстары да берілді. Ұйымдастырушылар: Қазақстанның суретшілер Одағының Қарағандыдағы ұйымы, Қарағанды металлургиялық комбинаты.
1979 жылы қыркүйек-қазан айларында Алма-Атада, Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Суретшілер Одағының оқу-тәжірибелік студиясы өткізген, Орта Азия және Қазақстан республикаларының екі айлық семинары рәсімдеуші- суретшілерге айтарлықтай маңызды тәжірибелік көмегін көрсетті. Семинар оның қатысушыларының жұмыстарының көрмелерімен және суретшілер Одағында болған қорытындылық жиналысының өткізілуімен аяқталды. Бұл жиналысқа монументалшы-суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер, жобалаушылар және астананың қоғамдық уәкілеттіктері қатысты.
1977-1979 жылдары республикалық ауқымдағы анағұрлым ірі көрмелер: Ұлы қазан төңкерісінің 60 жылдығына бағышталған «Лениннің жолымен» (1977), монументалдық үгіт-насихаттаудың Лениндік жоспарының 60 жылдығына бағышталған «Монументалдық өнер және мүсін» (1978), «Комсомол Жастардың Бүкіл Одақтық Лениндік Комитетіне 60 жыл» (1978), тың және тыңайған жерлердің игерілуінің 25 жылдығына арналған көрмелер (1979) болып өтті.