1980 - 1991 годы.

 

1980-1991 жылдар

1980 жылғы 17 сәуірден 17 мамырға дейін қазақстанның Суретшілер Одағының көрмелік залында «Жігер» фестивалінің шеңберінде жастар өнерінің кезекті тоғызыншы республикалық көрмесі өткізілді. Аталмыш көрме «өнерге тек жасы әлі 35-ке (көрмелерге қатысуға жіберілетін жас ерекшелігі) тола қоймаған жас суретшілердің жаңа буын ұрпағының келіп қойғанын ғана емес, сондай-ақ, қазақ өнеріне жаңа идеялық-көркем өміртанымға ие, тың ойлы, жарқын және заманауи бейнедегі жаңаша тыныс лебінің соға бастағанын» көрсетті. Оған қатысушылар: М.Аманжолов, А.Ахатбакиев, Г.Баянов, А.Бақтығалиев, А.Болюх, Н.Бубэ, Д.Зульфукаров, А.Қазығұлов, К.Кәкімов, Л.Қалымова, С.Ким, А.Нақысбеков, М.Нарымбетов, С.Маслов, М.Рапопорт, А.Ророкин, Е.Төлепбаев, З.Түсіпова, П.Шорохов, т.б.- республиканың он екі блысынан келген барлығы 158 автор.
Сәулет пен монументалды өнердің синтезі мәселесімен Қазақстандағы декоративтік-рәсімдеу өнерінің заманауи ахуалының сапалы деңгейін қайта қарау қажеттілігі жөніндегі мәселе тығыз байланысты болды. Осы мақсатта КСРО Көркем Қоры жүйесінде 1980 жылғы қараша айында Алма-Атада тұңғыш рет «Заманауи рәсімдеу өнерінің мәселелері» атты республикалық теориялық семинары өткізілді. Ол суретшілер мен өнертанушылар үшін ұйымдастырылды. Семинардың жұмысына қатысу үшін КСРО Көркем Қорының, Эстон республикасы Көркем Қорының, Украина республикасы Көркем Қорының рәсімдеу өнері саласының жетекші мамандары шақырылды.
Рәсімдеу өнерінің тақырыбын жалғастыра келе, 1981 жылғы қазан айында Қазақстанның Суретшілер Одағының және Көркем Қорының монументалдық және рәсімдеу өнерінің көрмелерінің өткізілгенін айтып кету керек.
Аталмыш көрме республикамыздың монументады өнерінің жоғары кәсіби деңгейде екендгін, шығармашылық әлеуетінің жоғарылығын көрсетті. Сонымен қатар, оның кемшіліктері де жоқ емес, әрине: композициялық және колориттік шаблондылық, қызықты және маңызды тақырыптардың жоқтығы, ұлттық мәдени салт-дәстүрлердің жеткілікті деңгейде игерілмеуі, техникалық әдіс-тәсілдердің шектеулілігі. Мұндай көрмелер Қазақстанның Суретшілер Одағының бір-ақ рет өткізіліп қоя салатын акциясы емес, бұл өнердің жекелеген түрлерінің дамуына қолдау көрсетудің кезекпелі саясаты. Кейінгі жылдары жүзеге асырылатын іс-шаралар осыны растайды. Мысалы, 1984 жылғы көктемде монументалды өнердің республикалық көрмесі өткізілді. Онда соңғы бес жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындылары жасалды. КСРО монументалды өнер саласының комиссиясы, Казарянецтің басшылығымен республикадағы монументалды өнердің өсіп-өркендеуін жоғары бағалады. Монументалшылар үшін КСРО Министрлер Кеңесінің 1984 жылғы 06 қазандағы құрылыс сметасынан көркем жұмыстарды жүзеге асыруға 20-пайыздың бөлінуі турлы қаулысының маңызы жоғары еді. Суретшілер бұл қаулыны мемлекет тарапынан көркем өнерге деген аса жоғары ыждағат ретінде қабылдады. 1981 жылы анағұрлым ірі көрмелер ретінде: Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының XXVI съезіне арналған «Біз коммунизмді қалаймыз», Қазақстан коммунистік партиясының XV съезіне арналған және «Кіші пішіндердің мүсіндемесі» деп аталатын Бүкілодақтық көрмелерін атауға болады.
Қазақстан Суретшілерінің Одағы – республиканың бейнелеу өнерінің ірі танытушысы. 1982 жылы Суретшілер Одағының көрмелер дирекциясының көрмелік қоры жалпы құны 484,3 мың рубльді құрайтын көркем туындыларын иеленетін. Мұндай туындылардың үлкен қоры жылжымалы көрмелер өткізуге мол мүмкіншіліктер берді. Кеңес Социалистік Республикалары Одағының Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 22 маусымда қабылдаған №649 қаулысына сай, суретшілердің туындыларының түрлі ұйымдарға – Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Министрлер Кеңесінен бастап, қарапайым мектептерге, емханаларға, әскери бөлімшелерге қайтарымсыз таратылып берілуін Қазақстанның Суретшілер Одағы арқылы жүзеге асырылды. Бүкіл ел бойынша көптеген кеңес мұражайлары қазақстандықтардың жұмыстарын сыйға алды.
1982 жылғы 15 маусымда Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуына 250 жылдығына орай, РФКСР Қазақстандағы әдебиеті мен өнерінің күндері басталды. Бір ай бұрын Ресейде осыған ұқсас іс-шаралар өткізілген болатын. Алма-Атаға Ресей Федерациясы Социалистік Республикаларының Мәдениет министрі Ю.С.Мелентьев, РФКСР суретшілер Одағы Басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Суретшілер Одағы басқармасының хатшысы, КСРО Халық суретшісі, КСРО Көркем Академиясы Ресей Федерациясы Социалистік Республикаларының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Е.И.Зверьков, т.б. ресми тұлғалар келді. Алма-Атада осы оқиғаға арналған республикалық көре жұмысына кірісіп кетті (500-ден астам жұмыс). Оның негізінде Қазақстанның Суретшілер Одағы өзінің баяндамасында С.Мамбеев қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасуындағы орыстың реалистік мектебінің тигізген ықпалын баса көрсетіп кеткен орыс делегациясымен кездесулері болып өтті.
Ресей Федерациясы Республикаларының әдебиеті мен өнері күндері: «Мемлекеттік Орыс мұражайының жинақтарынан орыс және кеңес кескіндемесі» (Алма-Ата), «Ресей Федерациясы Кеңес Социалистік Республикалары халықтарының көркем қолөнері» (Жамбыл), «Ресей Федерациясы Кеңес Социалистік Республикаларының бейнелеу өнері» (Қарағанды), «Кеңес Якутиясының өнері» (Целиноград) көрмелері ұйымдастырылды.
18 маусымда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиумында республиканың жетекші шығармашылық ұжымдары Қазақ КСР әдебиет және өнер күндерінің РФКСР өткізілуіне белсене атсалысқандары үшін марапатталды. РФКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Мақтау Қағазымен Қазақстанның суретшілер Одағының ұжымы да марапатталды. Марапаттаушы РФКСР Министрлер кКеңесі төрағасының орынбасары В.И.Кочемасов болды.
1982 жылы 22 маусымда «Казахстанская правда» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының РФКСР шығармашылық ұжымдары мен көркем ұйымдарының Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Мақтау қағазымен марапатталуы туралы Жарғысын жариялады. Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдығына арналған мерекесінде Ресей Федерациясы Кеңес Социалистік Республикалары Суретшілерінің Одағы, Орыс мұражайы марапатталды.
1982 жылы 25 маусымда «Казахстанская правда» өзінің беттерінде 1982 жылғы 24-25 маусымда болып өткен Қазақстанның Суретшілер Одағының Кеңес Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің XI съездге жолдаған сәлемін жариялады.
1982 жығы 18-23 қазанда Алма-Атада Эстон республикасының Қазақстандағы әдебиеті мен өнері Декадасы өтті.
Облыстық филиалдардың кең ауқымдық қаралу акциясы 1982-1983 жылдары өткізілді. Қазақ КСР суретшілер Одағындағы есеп беру жылын Жамбылдың бір топ суретшілерінің көрмесі ашты. Жамбылдық көркем-өндірістік шеберхана 1978 жылы Қазақстанның Суретшілер Одағымен және Қазақ КСР Көркем Қорымен ұйымдастырылды. 1982 жылға қарай 30 суретшідей болды. Олардың: 6- Қазақстанның Суретшілер Одағының мүшелері; 3- жас суретшілер бірлестігінің мүшелері. Шеберханаларға қарасты ұдайы Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Н.А.Денисовтың төрағалық етуімен көркем кеңес, А.Ф.Сизинцевтің төрағалық етуімен шығармашылық бюро жұмыс істейді. Қазақстанның Суретшілер Одағының құзыреттелген уәкілі- К.И.Мамақов. Жоспар бойынша Жамбылдықтар жылына екі көрмелер өткізіп тұрады. Оның анағұрлым белсенді суретшілері- К.Алтаев, С.Момышев, С.Нұрсапаев, Т.Оспанов, О.Г.ращупкин, А.Ф.Сизинцевтер.
Алма-Атада, сондай-ақ, 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан және шамамен 80-ге жуық суретшілердің басын біріктірген Шымкенттің көркем-өндірістік шеберханасының суретшілері де есеп берді. Көрмеде 200-ден астам туындылар ұсынылды. Бұл барлық аға, орта, кейінгі буын суретшілерінің соңғы он жылдағы жасаған еңбектері болатын. Олардың арасында- Д.Альдеков, Г.Иляев, Г.Пономаренко, Ф.Потехин, Ю.Евсеев, Г.Максимов, Ю.Харин, Э.Иристаев, К.Пак, М.Нарымбетов, А.Тұрсынов, т.б. болды.
1982 жылғы қазан-қараша айларында Қазақстанның Суретшілер Одағының көрме залында респуликаның түрлі облыстарының шығармашылық ұжымдарының есеп беру дәстүрін жалғастырған Көкшетау қаласы суретшілерінің есеп беру көрмесі өткізілді. Көкшетаудың көркем-өндірістік шеберханаларының 20 жылдық қызметінде қалада (арнайы білімі бар шамамен, бар болғаны 30-дай суретші жиналып қалған екен) кішігірім, бірақ, шығармашылық белсенді ұжым қалыптасып қалыпты. Көрме ұйымның 20-жылдық қызметінің қорытындыларын паш етіп, кескіндемеші Д.Байтұрсыновтың, графикші И.Ворониннің, А.Жұмағалиевтің, А.Шаповаловтың, декоративтік-қолданбалы өнер суретшілері Л.Анисимованың, А.Ключинскийдің, Ю. Және В.Поповтардың туындыларын көрермендердің назарына ұсынды.
Сонымен, 1983 жылы Қызылордалық суретшілердің Қазақстан Суретшілер Одағы мүшелерінің көрмесі де басталып кетті. Оған Я.Агитаев, Т.Ахметов, К.Зәкіров, Ш.Сәменов, М.Үмбетов, Р.Шегебаевтар қатысты.
Көктемде, дәстүр бойынша 1983 жылғы 26 сәуірден 26 мамыр аралығында Қазақстанның Суретшілер Одағының көрме залында қазақстанның жас суретшілерінің туындыларының XII республикалық көрмесі өтті. 433 туынды, республиканың барлық облыстарының 244 авторлары: «көрменің идеялық-тақырыптық ауқымы өнер біткенге тән тақырыптармен қатар, жастарды жасөспірім, балауса шақтағы жеке тұлғаның қалыптасу мәселелерінің, өмір жолын таңдаудағы толғаныстар, осы ұрпақтың рухани тәжірибесінің өзін-өзі талдауға ұмтылушылығы жөніндегі жұмыстардың қаттырақ еліктіретіні көрінді. Көрмедегі тәжірибелік шеберлік деңгейінің біршама тартысты ерекшеліктеріне мән бере отырып, каталогтың авторы Шымкент пен Қызылорда өңірінің жас кескіндеуші суретшілерінің белсенділігі мен кәсіби шеберлігінің айтарлықтай жоғарылығын байқамай қалмайды: «Мұнда бейнелеу өнерінің өзіндік қадір-қасеттері біртіндеп қалыптасып келеді. Бұл Оңтүстік Қазақстанның өмір салты мен табиғатының ерекшеліктеріне ғана емес, қазақ халқының эстетикалық салт-дәстүрлері мен бай әдет-ғұрыптарының сары майдай қастерленіп, сақталып қалуына байланысты». Қатысқандар: Д.Әлдеков, М.Бекетов, Э.Гарнышева, А.Түзелханов, Ж.Қайрамбаев, К.Каметов, Х.Қиқымов, Р.Мамбекова, Ф.Молдабаева, М.Сыздықов, А.Тазиев, Б.Түлкиев, А.Хайруллина, т.б. көптеген дарынды суретшілер.
1984 жылы 25 желтоқсанда болған Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының IV Пленумының материалдары Суретшілер Одағының XI съездінен кейінгі жылдары атқарған қызметтерін көрсетті. Пленумды Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы Ш.Ниязбеков ашты. Осы жылғы көрмелер қазақстандық суретшілердің кәсіби деңгейлерінің сапалық жағынан анағұрлым жоғарылағанын дәлелдеді. Бұл республикалық деңгейде өткізілген акварель көрмесі, Бүкілодақтық көрмеге іріктеліп алынған 40 жұмыс, «Бейбітшілік жолындағы күрес плакаты» біздің плакатшылардың жұмыстарын ұсынды. Тың өлкесінің игерілгеніне 30 жыл толуы қарсаңына орай «Жер және адам» көрмесі. Онда негізінен соңғы екі жыл бойы жасалған жұмыстар қойылды. Мұнан басқа, көрмеге Ресей Федерациясы Кеңес Социалистік Республикаларының, Мәскеудің, Ленинградтың, одақтас республикалардың, Қазақстанның Суретшілер Одағының барлық облыстық бөлімдерінің суретшілері ат салысты. Мәскеудегі осыған ұқсас көрмеге қазақстандық суретшілердің 38 туындылары іріктеліп алынды, олардың ішіндегі- 14 облыстардың суретшілерінің туындыларынан тұрады. Кітап өндірісі суретшілерінің жұмыстарының 5-ші республикалық көрмесі қазақстандық кесте (графика) өнерінің қандай жетістіктерге қол жеткізе алғанын көрсетті, оның ішінде, кітап өнерінің қаншалықты дамығанын паш етті. Графиканың дамуы, оның жалпы жоғары кәсіби деңгейлілігі, мәдениеті кітап баспасы ісінің кең өріс алуына, оның ішінде әлемдік әдебиет мұраларының қазақ тіліне аударылуына оң ықпалын тигізе алды. Қол жеткізілген жетістіктер жайлы суретші Т.Мұқатовтың, К.Төреқұловтың, А.Смағұловтың, Б.Табылдиевтың, Б.Машраповтың ең жоғарғы республикалық және бүкілодақтық дәрежедегі көрмелерде иеленген жоғары марапаттаулары айқын дәлел. Қазақстан Жастарының Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Е.Төлепбаевқа бұйырды. Париждегі өткен көрмедегі күміс алқаға К.Муллашев «Қазақстан жері және адамдары» триптихі үшін ие болды. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы және Чехословакия республикасының «Біздің замандасымыз» халықаралық көрмелерінде А.Нақысбековтың жұмысы бірінші орынға лайық деп танылды, екінші орынды- Е.Төлепбаев қағып әкетті. Қазақстанның Суретшілер Одағы ұжымының табысының қатарына монументалды үгіт-насихеттың лениндік жоспарының 60 жылдығына арналған монументалды өнер көрмесін де жатқыуға болады. Оның көркем деңгейінің жоғарылығын КСРО Көркем Академиясының комиссиясы атап көрсетті. «Қазақстан», «Отырар» қонақ үйлері, М.Әуезов атындағы жаңа Қазақ Драма театрының ғимараты, Республикалық Пионерлер сарайы, Алматы Мақта Мата Комбинатының мәдениет сарайы біздің республикамыздың мақтанышы болып табылады. Бұл біздің монументалшылардың ерен еңбегінің арқасы. Шымкент, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар қалаларының монументалшылары да адал тер төгіп, зор еңбек етті. 1983 жылғы наурызда Ташкентте болған «Орта Азия және Қазақстан мүсіндемесі» соңғы көрмелері, 1983 жылы маусым айында Мәскеуде өткен «Мүсін-83» көрмесі ... біздің еліміздің мүсіншілерінің ең күрделі, ең өзекті тақырыптарды, жоғары кәсіби деңгейде, жанрлық композициялар сомдай алатынын айқын көрсетті. «Театр және кино суретшілерінің қызметі де белсенді қарқын алды. Олардың көпшілігі бейнелеу өнерінің бірнеше түрлерінде табысты қызмет етіп келеді. Біздің көрмелерімізді С.Романовтың, Г.Исмаилованың, А.Хайдаровтың, П.Зальцманның, Ш.Ибрагимовтың, И.Қарсақбаевтардың туындыларынсыз елестету қиын. Қазақстанның Ленин Комсомолы Жастар Одағының Орталық Комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жігер» жастар шығармашылығы фестивалі суретшілер мен шығармашылықтың өзге бірлестіктерінің уәкілдерімен- жас ақындармен, сәулетшілермен, композиторлармен, әртістермен тығыз жемісті жұмыс жасайтындарын байқатты. 1984 жылғы 18 мамырда Халықаралық мұражай күні Талды-Қорған облысы Панфилов ауданында «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасына 40 жыл» колхозында (коллективное хозяиство- ұжымдық шаруашылығында) ауылдық көркем галерея ашылды. Оның қоры 200-ден астам кескіндеу, графика, мүсіндеу, республиканың бейнелеу өнері тарландарының – Ә.Қастеевтің, К.Телжановтың, Х.Наурызбаевтың, С.Айтбаевтың, А.Ғалымбаеваның, т.б. туындыларын көрермендерге ұсынды. Осы кезде Алма-Атада қоры жағынан да, өзінің сәулеттік-міндеттік жағынан да елдегі ең үздік деп саналатын Өнер шеберлерінің галереясы, Суретшілер Үйінің көрмелік залы, Мәденниет министрлігінің орталық көрме залы, облыстардағы 11 көрме залдары жұмыс істеді. Шымкентте, Қарағандыда, Өскеменде Суретшілер Үййлері ашылды.1984 жылы көркем көрмелердің дирекциясы жалпы есеппен 23 көрме өткізді, онда суретші-кескіндеушілердің 1335 туындылары ұсынылды.
1983 жылы Қазақстанның Суретшілер Одағы өзінің 50-жылғы мерейтойын атап өтуге даярланып жатты. Осы шараға 1983 жылы 07 ақпанда Қазақстанның Суретшілер Одағы Президиумының мәжілісі арнайы ұйымдастырылып, өткізілді. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Суретшілер Одағының мүшелерін қабылдауымен Басқарма Пленумын өткізу, суретшілерді марапаттау мен оларды құрметті атақ-даңққа бөлеу туралы, мерейтойға бағыштап республикалық көркем көрме ұйымдастыру жөнінде жоғарғы құзыретті ұйымдармен келіссөздер жүргізіліп, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Мәдениет Министрлігінен осы көрмелердің Мемлекеттік өнер мұражайында өткізілуін өтініп, мерейтойлық алқа мен мерейтойлық таңба жасап, Суретшілер Одағы Басқармасының кеңсесіне күрделі жөндеулер жүргізу туралы мәселелер көтерілді. Негіздік себептерге орай, мерейтойды және Қазақстанның Суретшілер Одағының құрылғанына 50-жыл мерейтойына арналған Қазақстан суретшілерінің туындыларының республикалық көрмелерін өткізу 1984 жылғы желтоқсан айында өткізуге қалдырылды.
Қазақстанның Суретшілер Одағының 50-жыл мерейтойына арналған с-шаралар 1985 жылы 21 қаңтарда осы оқиғаға арналған пленум болды. А.Ғалымбаева пленумды ашып, жүргізді. Оның жұмысына қатысуға КСРО Суретшілер Одағының делегациясы Суретшілер Одағының басқарма хатшысы Р.И.Вардзигулянецтің басшылығымен келді. Қатысқандар: Тәжікстан Суретшілер Одағының Басқарма Төрағасы С.Құрбанов, Өзбектердің Суретшілер Одағының Басқарма Төрағасы Д.Омарбековтар. баяндама жасау үшін сөз Қазақстанның Суретшілер Одағының Басқарма Төрағасы Ш.О.Ниязбековке берілді. Ол: «Осы уақыт ішінде біздің шығармашылық одағымыз республикамыздың бейнелеу өнерінің даму орталығына айналды. Бүгінде ол Кеңес Қазақстанының ұлттық мәдениетінің жарқын, табиғи, аса зәру құбылысы болып табылады... Бүгінде Қазақстанның Суретшілер Одағының қатарында 311 –адам бар. Республиканың Суретшілер Одағының өсіп-өркендеуінің басты көзі жастар бірлестігі. Онда қазіргі кезде 57 жас суретшілер шығармашылықтарын шыңдауда. Қазақстанның бейнелеу өнерінің жүріп өткен жолдарына бүгінгі қырағы көзбен зер салатын болсақ, республикалық көп ұлтты шығармашылық суретшілер ұжымының Кеңес Қазақстанының гүлденіп, мәдениетінің дамуына қосақ орасан зор үлесіне куә боламыз». Қазақ КСР мәдениет министрі Ж.Е.Еркімбеков құттықтау сөз сөйледі: «Қазақстанда ұлттық бет-бейнесі жарқын, адамның бойындағы қадір-қасиеттерін асқан зор құндылық деп тани алатын, социалистік рух алған биік деңгейдегі бейнелеу өнері өркен жайып келеді. Республикамыздың суретшілерінің көрмелері Мәскеуде, Ленинградта, Эстонияда, Украинада, Ресей Федерациясы Кеңес Социалистік Республикасының түрлі қалаларында, Белоруссияда зор табыспен өткізілді. Олаға Болгарияда, Ауғанстанда, Америка Құрама Штаттарында, Герман Федеративтік Республикасында, Швейцарияда, т.б. елдерде қошеметпен қол соғылды...
50 жыл- бұл адамның басым өмірі. Бірақ, 50 жыл- кәсіби өнердің туындап, өркендеуінде қас-қағым сәт. Осы қысқа уақытта кең байтақ қазақ жерінде егде, жасаң, санқилы, бір-бірімен үндесіп кеткен, өмірдің бар құбылыстарына сезімтал, Қазақстанның бейнелеу өнері туып, тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарынан, енді осынау елеулі биіктіктерге қол созып отыр». Қазақстан Композиторлары Одағы Басқармасының Төрағасы Е.Р.Рахмадиев: «елу жылда ел жаңа демекші, елу жыл ішінде Сіздер кенептеріңізбен, мүсіндеріңізбен, декоративтік-қолданбалы өнер туындылрыңызбен біздің мемлекетіміздің ең бір жарқын тұстарын жарқыратып бүкіл дүние жүзіне паш ете алдыңыздар. Сіздердің туындыларыңыз кеңес адамының рухани әлемінің ажырамас, біртұтас бөлшегіне айналып кетті, жаңа қоғам құрылысындағы аса құны қаруына айналды».
Сәулетшілер Одағы Басқармасының Төрағасы, КСРО Көркем Академиясы корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі Р.А.Сейдалин: «Соңғы жылдары республикамыздың суретшілерінің қол жеткізген зор жетістіктері айдан-анық... Айнала қоршаған ортамыздың сәулет, монументалды, декоративтік-қолданбалы, т.б. бейнелеу өнерінің жанрларымен эстетикалық жетілдіріле түсу міндеті негізінен бүкіл заттай, бұйымдық ортаны қамтиды- нақты тұрмыстық заттан бастап, сәулет кешендеріне дейін, инженерлік-техникалық жабдықтауларға дейін бүкіл өмірімізді қамтып алған. Осы көп жоспарлы міндетттің қарқынды шешімдерінің бірі сәулетшілер мен суретшілердің үйлестірілген, бірлескен жұмысы, сәулеттің және өзге де өнер түрлерінің қала құрылысының қызметіндегі барлық деңгейлеріндегі ақиқи синтезінің қамтылуы. ... Біздің шығармашылық Одақтарымыздың ұдайы нығайып, тереңдеп келе жатқан шығармашылық бірлескен, ынтымақтасты қызметтестігіміз, сәулетшілер мен суретшілер арасындағы іс жүзіндегі байланыстық, қарым-қатынастарымыз әрайым белсенді және табысты бола бермек...».
1985 жылғы сәуірде Ұлы жеңістің 40 жылдығына және бүкіл әлемнің жастары мен студенттерінің Мәскеудегі XII фестиваліне бағышталған «Жігер» жастар шығармашылығының кезекті республикалық фестивалі болды.
1986 жылғы наурызда Қазақстанның Суретшілер Одағы жетекшілігінің орындары ауыстырылды. Төраға болып Хайдаров Әмен Әбжанұлы, оның хатшысы болып- Тимофеев Василий Васильевич сайланды.
Қазақстан мүсіншілерінің жеткен деңгейлерін куәландыратын республикалық көрменің ұйымдастырылу мұқтаждығы әлдеқашан туыындаған еді, бірақ, түрлі себептермен бұл әрекет үнемі кейінге қалдырылып келді.
Сонымен, 1983 жылы ақпан айында республикалық мүсін көрмесінің орнына Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстанның, барлығы бес республикалардың көрмесіне қатысу шешімі қабылданды. Мұнда Қазақстанның барлық дерлік мүсіншілерінің туындылары қойылатын болды. 1983 жылғы жазда Мәскеуде қазақстанның мүсін өнерінің жоғары кәсіби деңгейі мен шығармашылық ойының тереңдігінен куәландырған, «Мүсіндеме-83» Бүкілодақтық көрмесі ұйымдастырылды. Осы аталған екі көрмеде танылған шеберлер Х.Наурызбаеваның, Т.Досмағамбетовтың, Б.Төлековтың, В.Рахмановтың, О.Прокопьеваның, Е.Мергеновтың, В.Рапопорттың, А.Татариновтың, М.Айнековтың, Р.Ахметовтың, Л.Ядринцевтердің қатарында – К.Кәкімов, С.Момышев, Айтқожанов, Е.Биманов, Д.Әлдеков сынды жас суретшілер де өздерін таныта алды. 1984 жылдың басында кеңес-поляк достығының арнасында Польшада зор құрметке бөленген, «Кеңес Қазақстанының мүсіні» көрмесі жұмыс істеді.
Ең соңында, 1986 жылы Қазақстанның Суретшілер Одағының көрме залында Қазақстанның мүсіншілерінің 30-дан астам жылдар бойы қандай соқпақтармен жүріп өтулеріне тура келгенін көрсеткен бірінші республикалық мүсін көрмесі болып өтті. «Ол мүсіндеу өнеріне деген жаңаша көзқарастың қарым-қатынастың куәсі болды. Өнердің бір түрі болып табылатын осы мүсіннің өзіндегі жаңа қадір-қасиеттерінің, сипаттарының туып, пайда болуын, оны адамзат қоғамымен, адамзат қоғамын айнала қоршап тұрған ортасымен жаңаша рухани байланыстарын дүниеге әкелді. Республикамыздың мүсіншілерінің шығармашылық аясы кең, заманауи пластиканың барлық негізгі түрлерін қамтиды. Бұл фотоматериалдарда берілетін монументалдық мүсіндеулер, станоктық, декоративтік, т.б. басқаша айтар болсақ- тақырыптық, жанрлық, портреттік, түрлі материалдарда орындалған- қалайы, тас, шамот, ағаш, т.б. қашалып, жонылып, егеуленіп қаланған дүниелер. Көрмеде астанамыз Алма-Атада жұмыс істейтін суретшілердің де, республика облысының ірі орталықтарында- Қарағандыда, Целиноградта, Жамбылда, Қызылордада, Семейде, Шымкентте, т.б. жұмыс істейтін өнер иелерінің де туындылары қатар берілді». Көрме 1970-1980 жылдары 37 автор сомдаған туындыларды танытты.
1986 жылы мүсіндеу мен акварельдің республикалық көрмесі болды. Ол мүсіндеу мен графика салаларын біріктіре келе, 1957 жылғы көрменің тәжірибесін қайталады десе де болады. Осы көрменің ұйымдастырылуына белсенді ат салысқандар: Қазақстан Суретшілер Одағының Көркем Көрме Үйінің қызметкерлері – Т.А.Ульшина, Н.Н.Стурова-Тимофеева, суретші-мүсіншілер- Х.Бралиев, Б.С.Досжанов, А.Астахов, Д.Төлеков, Ж.Әлімбаев, К.Мұратаев, М.Нұрмұхаммедов, К.Кәкімов, У.Шановтар. 05-ші қараша күні осы көрменің талқылаулары болып өтті.
Бейресми қарым-қатынастардың орнауына, емін-еркін тәжірибелермен алмасуға жақсы жағдай жасайтын, әртүрлі шығармашылық кездесулерге ұласып кетіп жататын түрлі симпозиумдар мүсіншілердің қызметінің ерекшелігі болатын. Әдетте, жұмыстар симпозиум өткізілген қалаларда қалып қоятын, оның әсем көшелерінің, жасыл саябақтарының, гүлзарларының, т.б. көркейтіп жіберетін. Қазақстандық мүсіншілер бүкілодақтық және халықаралық симпозиумдарға қатысты: В.Рахманов- Бакуда (1983), Фрунзеде (1984), М.Айнеков – Польшадағы халықаралық симпозиумда диплом және алқаны иеленген еді (1985). Мүсін секциясының мүшесі Т.Досмағамбетов КСРО суретшілер Одағының хатшылығының жолдамасымен Дуйсбург қаласындағы КСРО-ГФР екі елде өткізілетін симпозиумдарының жетекшілігіне сайланды.
Кеңес Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті және Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің «Бейнелеу өнерінің болашақтағы даму шаралары және еңбеккерлерді тәрбиелеудегі оның ролінің арттырылуы» қалысының іске асырылуы мақсатында айнала қоршаған ортаның эстетикаландыру жөнінде суретшілердің алдына қойылған міндеттері бойынша 1986 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстанның Суретшілер Одағының бастамасымен Алма-Атада Мәскеуден, Ленинградтан, Вильнюстен, Фрунзеден және әрине Қазақстанның қалаларынан келген тастан мүсін құю шеберлері қатысқан Бүкілодақтық симпозиумы іске кірісіп кетті. Симпозиумның мақсаты қала ортасын мүсіндеу пластика туындыларымен толтырып тастау ғана емес, мәдени ұлтаралық байланыстарды нығайтып, одан әрі кеңейте түсіп, қатысушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру болатын. Оның өткізілуіне М.Әйнеков жауапты болып тағайындалды. Симпозиумның Алма-Атада өткізілуінің негізгі мақсаты- Қазақстанның астанасында Фрунзе мен Вильнюс қалаларындағыдай мүсіндер саябағын салу еді. Алматы қалалық атқару комитетінің уәкілдері, сәулетшілер одағы мен суретшілер одағының уәкілдерінен тұратын комиссия осы мақсатты қолдады. Симпозиум аяқталып, мүсіндер қаланың, кейде сәтті болмаса да, әр түрлі аудандарында орналастырылғаннан кейін, симпозиумның негізгі меценаты болған Алматы қалалық атқару комитетінің уәкілдерінің бірде бірі осы мәселемен айналыспады, осы қондырылған мүсіндердің кейінгі жағдайының не болып жатқанымен еш жұмысы да болмады. Дегенмен, осы іс-шаралардың қоғамға берген тәжірибесі де мол болды.
22-29 қазан күндері Алма-Атада КСРО Суретшілер Одағы басқармасының ұйымдастыруымен мүсін бойынша шығармашылық комиссияның пленумы болып өтті. Оның жұмысының тақырыбы- «Заманауи кеңес пластикасының өнері және айнала қоршаған орта». Пленум тастан қашалып жасалған мүсіндердің болып өткен Бүкілодақтық Пленумының жоғары шығармашылық және кәсіби ұйымдастырушылық деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, адамзат жасайтын оны күнделікті айнала қоршап тұрған ортаның сәулет және өзге де пластикалық өнер синтезінің бұйымдарымен көркем-толымды ортасын құруға бағытталған бірлескен, ұзақ уақыттық әрекеттер бағдарламасының әзірлену қажеттілігін тағы да растады.
1986-1987 жылдары Қазақстан мен Тәжікстанның бейнелеу өнерімен алмасу көрмелері өткізілді.
1987 жылғы 23 сәуірде жас суретшілермен жұмыс істеу жөніндегі комиссия төрағасы Е.Төлепбаев Суретшілер Одағының Президуымының мәжілісінде кескіндеу өнері бойынша болатын Бүкілодақтық жастар пленэрі туралы сөз етті. Оны «Тау Тургень» Шығармашылық үйінің базасында өткізу жоспарланды. Пленэрдің қатысушылары- Мәскеуден, Таллиннен, Магаданнан, Душанбеден, Фрунзеден, Ташкенттен, Ленинградтан, Ригадан, Орынбордан, Алма-Атадан, Қарағандыдан, Шымкенттен, Ақтөбеден, Павлодардан, Целиноградтан, Қызылордадан келген барлығы 30 өнер иелері.
Тәжірибе сәтті болып щықты. Мұндай екінші пленэр 1988 жылғы қыркүйек айында сол Тау Тургеньде өткізілді. Қазақстаннан он алты адам: Алма-Атадан, Ақтөбеден, Целиноградтан, Жамбылдан, Қарағандыдан, Шымкенттен, Гурьевтен, Қызылордадан ат жетектеп келген екен. КСРО Суретшілер Одағының көптеген жұмыстарды алып алды.
1987 жылғы жазда тоғыз қазақстандық суретшілер- Б.Табиев, А.Ақанаев, К.Дүйсенбаев, А.Сыдыханов, К.Зәкіров, В.Тимофеев, М.Рапопорт, Р.Ахметов, Е.Сергебаевтар Мәскеудегі Орталық Суретшілер Үйінде өздерінің соңғы он жыл бойы сомдаған туындыларының көрмесін ұйымдастырды. Көрме елдің жетекші өнертанушыларының үлкен талқысына түсті, оның арасында Мәскеу Суретшілер Одағының секциясының төрағасы А.Морозов пен А.Канторлар да болды.
Кезекті XII съездге дейін біршама уақыт бұрын оған дайындықтар басталып кетті. Съезд тұңғыш рет жаңа ахуалда, жариялылық ахуалында өткізілуі тиіс еді. Облыстардан 119 суретшілер шақырылды. 24-26 қарашада съездің қатысушыларының тіркеулері болды. Суретшілер Үйінде (Панфилов, 92) 26 қарашада съездің күн тәртібінің бекітілуі жайлы Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының, басқарманың есеп беру баяндамалары мен тексеру комиссияларының пленумы өткізілді.
Қазақстанның Суретшілер Одағының XII съезді 1987 жылы 27-28 қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәжілісі залында өтті.
1987 жылдың соңында Герман Демократиялық Республикасының қоғамы біздің республикамыздың мәдениеті мен өнерімен тікелей танысу мүмкіншілігіне ие болды. Декоративтік-қолданбалы өнер, балалардың сплған суреттерінің көрмесі табысты өтті. Қазақстанның суретшілері мен сәулетшілері көрмеге 70-тен астам жұмыстарын ұсыныпты.
Қазақстанның жас суретшілерінің туындыларының XV республикалық көрмесі (1988) Кеңес Жастарының Бүкіл Одақтық Ленин Комитетінің 70-жылдығына бағышталды: «Шығармашылық қолтаңбалардың саналуандылығы- экспозицияның басты сипаты. Көркем дәстүрлердің аса кең аясының белсенділігі ұлттық мұраның зерделенуінен, орыс реалистік өнері сабағының терең игерілуі, жастарымыздың туындыларындағы батыс-еуропалық және шығыс өнерінің дамыған көркем тәжірибесіне жүгінуі...табиғи және емін-еркін күйде. ...Жас ұрпақ өздерінің көркем бағыт-бағдарлары мен пір тұтатын идеалдарын асқақтатып, әсірелемейді. Ол әлемдік мәдениеттің бар байлығын табиғи күйде түйсініп, қабыл алып, осы негізде өзінің шығармашылық бет-бейнесін сомдағысы келеді». Әрбір көрме- бұл бірінші кезекте талантты, дарынды есімдердің танылуы. XV республикалық көрмеге қатысушылардың арасында осыған дейін өздерін танытып үлгерген сурет өнерінің өкілдерімен қатар, жаңа, жас суретшілер пайда болады: Б.Бапишев, З.Бейсембинов, М.Бекенов, А.Бектасов, Е.Воробьева, А.Губашев, Ш.Гулиев, А.Есдәулетов, М.Қасымбеков, В.Люйко, Г.Маданов, А.Нода, А.Осипов, О.Пишев, Е.Рудоплавова, С.Смағұлов, Ю.Сорокина, К.Хайруллин, У.Шанов. Қазақстанның Суретшілер Одағы осы көрмеге қатысқандары үшін суретшілерге қолқа көрсету мақсатында марапаттау сыйлықтарын тағайындады. Бірінші орынды Б.Бапишев кескіндеу жұмыстарының сериясы үшін алды («Балықтардың құрғаққа шығуы», «Миокард инфаркты»). Екінші орынды А.Есенбаев бірқатар мүсіндеу жұмыстары үшін иеленді. Төрт бірдей үшінші орынды А.Абдубаитова, Ж.Сағынбеков, Г.Маданов, А.В. және В.В.Ковалевтер қағып әкетті.
Алма-Атада 1988 жылғы 07 сәуірде «Бейнелеу өнері және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» деп аталған тақырыпқа жас суретшілердің мәжіліс-семинары іске асырылды. Осы жылдың күзінде Ташкентте Орта Азия және Қазақстан республикаларының жастар көрмесінің өткізілуіне байланысты конференция болып өтті. Онда Қазақстандық өнертанушылар П.Зальцман мен Р.Ерғалиевалар баяндама жасады.
Жариялылық саясаты іс жүзіне асырыла бастады. 1988 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапаттау үрдісін тұңғыш рет Суретшілер Одағының мүшелерін анкеталау арқылы қоғамдық пікірдің ұйымдастырылған сұрақ-жауаптарын жүргізумен талқылауға қоғамды кең көлемде тартып ашық түрде іске асыру туралы шешім қабылданды. Бұл үшін сыйлыққа ұсынылған туындылардың көрмелері өткізілді. 1988 жылғы 15 наурызда Д.Әлиевтің, А.Аманжоловтың туындыларын және Қазақ КСР Ғылым Академиясын Үйінің ғимаратын рәсімдеген бір топ суретші монументалшылардың авторлық ұжымын сыйақымен марапаттауға ұсынылды. 1988 жылғы 18 наурызда Хатшылықтың мәжілісінде М.В.Рапопорт анкеталаудың нәтижелерін мәлімдеді. 146 анкета толтырылды, олардың көпшілігі (75) дауыс Д.Әлиевке беріліпті. Осы дауыс берулердің негізінде: суретші-кескіндеуші Д.Әлиев «Қалалар мен адамдар», «Отандас, азаматтар», «Табиғат аясында демалыс», «Жатақхана» және «Жанұя мен балалар» тақырыбына арналған туындылар сериясы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ізденуге ұсынылсын деген шешім қабылданды.
1988 жылғы 15 наурызда Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының мәжілісінде аталмыш ұйымды КСРО СО Жарғысының ережелеріне сай (р. №V, 46 тармақ) Павлодарда, Өскеменде ашу туралы қаулы қабылданды.
1988 жылғы 07-15 шілдеде Алма-Атада Ленинградтың Қазақстандағы мәдениет күндері болып өтті. 09 шілдеде ҚСО ленинградтық суретшілердің делегациясының қабылдауы болды. Оны КСРО СО Ленинградтық бөлімінің төрағасы, РФКСР еңбек сіңірген суретшісі А.Смирнов басшылық етті (27). 28 Панфиловшы-сарбаздар саябағының бұрынғы кафедралдық мінәжат үйінің көрме залында ленинградтық суретшілердің графикалық жұмыстарының экспозициясы ашылды.
Осы жылғы 07-14 қыркүйек күндері Қазақстан мәдениеті мен өнерінің Киевтегі Декадасы болды. Мәдениет шеберлерінің делегациясына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.А.Назарбаев басшылық етті. Республикалық Суретшілер Үйінде Қазақстанның кескіндеу, графика, мүсіндеу, декоративтік-қолданбалы өнерінің көрмесі ұйымдастырылды.
1988 жылғы қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның Суретшілер Одағы Ақтөбедегі монументалшылар симпозиумын ұйымдастырды. Желтоқсанда симпозиумның жұмысының корытындысы бойынша М.В.Рапопорттың, А.К.Бахтияровтың, И.Г.Нимецтің құрамындағы комиссия жіберілді.
Қолданбалы-декоративтік өнердің дамуына байланысты мәселелер съездерде де, пленумдарда да, Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының мәжілістерінде де ұдайы туындап, өзінің кешенді шешімін күтетін. Сондықтан да, Қазақстанның Суретшілер Одағы бүкіл іс-шаралар бағдарламасын әзірледі: 1988 жылы 09-14 қазанда «Декоративтік-қолданбалы өнердің бүгінгі күнгі ахуалы және даму мәселелері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен көрмесін ұйымдастыруға бел байлады. 13 қазанда Қазақ КСР Президиумының Ғылым Академиясының кіші залында өткен конференция қолданбалы өнердің ахуалына талдаулар жасап, жолдамаларын әзірледі. Конференцияның қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы – ғылымды тәжірибемен тұңғыш рет ұштастыруға талпынған салиқалы, ғылыми, негіздік құжат даярланды. КСРО Суретшілер Одағының шешімі бойынша оларды Мемлекеттік мұражайға беру мақсатында халық шеберлерінің бұйымдарының сатылып алынуы ұйымдастырылды. Іс-шаралардың ұйымдастырылуына М.Әлімбаев, Б.Заурбекова, К.В.Ли, Н.Н.Тимофеева, Т.А.Ульшина, Л.Оразбекова, А.Христовалар белсене атсалысты.
Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасы хатшылығының 1988 жылғы шет елдермен ынтымақтастық қызметтестігінің жүзеге асырылуы бірнеше бағыт-бағдарға сай іске асырылды: көрмелермен алмасу, суретшілердің шығармашылық топтарымен алмасу, жекелеген мәдениет қайраткерлерінің шет елдерге іссапарларға шығуы, халықаралық симпозиумдардың қткізілуі. Қандай жолсапарлар жүзеге асырылды? Т.Мұқатов Кеңес Қазақстанына арналған іс-шараларға Болгарияға барып келді. Оның шеңберінде плакат және кітап графикасының көрмелірі іске кірісіп кетті. С.Иляев- қолданбалы-суретші Шымкент суретшілерінің декоративтік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесімен Ливияға шығып келді. Е.Т.Мергенов – Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері –Қазақстанның қатысуымен КСРО күндеріне Францияға барып келді. Графика көрмесі ашылды. Е.Төлепбаев- Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты- АҚШ-та. В.Ю.Рахманов маусым айында 60 күнге Бургас қаласына тастан мүсін сомдау халықаралық плэнеріне жіберілді. В.Ф.Псарев тамыз айында Ауғанстанға шығармашылық жұмыс мақсатында барып келді. Франциядағы Лион қаласында Қазақстаның декоративтік-қолданбалы өнерінің көрмесі өткізілді. Шымкентте мүсіндеу өнері бойынша халықаралық симпозиумы ұйымдастырылып, өтті. Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының Хатшылығы сонау Венгриядан келген жас суретшілердің делегациясын құшақ жая қарсы алды. Екі елдің бейнелеу өнері жайлы «дөңгелек үстел» жайылды.
1989 жылы Жамбыл мен Өскеменде мүсіндеу өнерінің симпозиумы өтті. Симпозиум, әсіресе Қазақстанның, Чехословакияның, Герман Демократиялық Республикасының, АҚШ-тың уәкілдері қатысқан Жамбылда қызықты өтті. Мүсіншілерге жұмыс істеулері үшін қаланың қақ ортасында алаң бөлініп берілді, жергілікті тұрғындар шығармашылық үрдісті қызыға тамашалады. Жұмыстарын аяқтап болғаннан кейін, мүсіншілер қаланың басты көшесін көркейтіп жіберді. Бұл, бейне бір ашық аспан астындағы заманауи мүсін мұражайы дерсің.
1989 жылы өзінің шығармашылық ұйымының 25 жылдығын қарағандылық суретшілер меншікті туындыларының көрмесін қоюмен атап өтті. Қарағандыдағы тұңғыш көркем-өндірістік шеберханалар 1950 жылы ашыла бастаған болатын. 1950-ші жылдың екінші жартысында қалаға арнаулы көркем білімі бар мамандар келе бастайды. Атап айтар болсақ: П.Антоненко, Р.Есіркеев, П.Андриюк, П.Реченский, В.Крылов, С.Саносян, Ю.Гуммель, А.Билык. 1964 жылғы қарашада КСРО Суретшілер Одағы Басқармасы Президиумының шешімімен Қарағандыда Қазақстанның Суретшілер Одағының бөлімшесі ашылған еді. Алғашқы Басқармасының Төрағасы болып кескіндеуші Виктор Крылов тағайындалған еді.
1990 жылғы күзде, қазан-қараша айларында Гурьевтегі монументалдық-декоративтік өнер бойынша симпозиум жоспарланды. Симпозиумның қатысушылары- Г.Д.Завизионный, В.А.Филатов, С.Анарбеков, Б.Ш.Амеев, А.Садықов, Э.С.Тастеков, Э.Балақаев, Л.Иванова, С.Бекқұлова, Е.Воробьевелар.
Қазақстанның Суретшілер Одағы, әсіресе экономикалық күрделі кезедердің өзінде де суретшілерге барынша қолдау көрсетіп отыруға тырысып бақты. 1990 жылғы 03 сәуірде ҚазақстанныңСуретшілер Одағы Басқармасының Хатшылығының мәжілісінде КСРО Суретшілер Одағының мүшелерінің Мемлекеттік зейнетақы мөлшеріне үстеме ақы белгілеу жөніндегі ережелері бекітілді. Белгіленген қосымша ақы 1990 жылғы 01 қаңтардан бастап төленілуі тиіс болды.
1990 жылдары Қазақстанның Суретшілер Одағы бүкілодақтық және халықаралық деңгейлердегі мәдени алмасу іс-шараларын өткізулерін жалғастыра берді. 1990 жылғы 20-26 тамыз аралығында Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің Астраханьдегі күндері мерекеленді. Делегацияның құрамында- суретші С.Өтемісов болды. Кәде сый ретінде Астрахань мұражайына Қазақстанның суретшілерінің туындыларын тарту ұйғарылды. А.А.Сыдыханов, Л.С.Оразбекова, К.В.Ли КСРО Мәдениет Министрлігінің тарапынан 1990 жылы Италияға Ареццо қаласында кеңес мәдениеті күндерінің өткізілуіне байланысты жолсапарға аттандырылды.
1991 жылғы 15-22 наурыз аралығында Қазақстанның Суретшілер Одағында Юнескоға қарасты өнертанушылар мен сыншылардың Ассоциациясы тарапынан келген, Испанияның өнертанушылары қабылданды.
1981 жылы шығармашылық топтар мен бірлескен көрмелермен тәжірибе алмасуға негізделген, КСРО және ГФР суретшілерінің ынтымақтастық қызметтестігі басталды. ГФР суретшілері осы уақыт аралығында КСРО-ның көптеген республикаларын аралап шыққан болатын, оның ішінде: Украинаны, Литваны, Өзбекстанды, Қырғыз елін. 1990 жылы шырайлы Шымкент облысына, Қазақстанның Суретшілер Одағының Шымкенттегі бөлімінің қызметімен танысуға әдейілеп Герман Федерациясы республикасының Дуйсбург қаласынан арнайы келген суретшілердің ресми делегациясын құшақ жая қарсы алды. Неміс ұжымдастармен араласып, шүйіркелесу 1991 жылғы сәуірде Алма-Атадағы ГФР мен КСРО суретшілерінің «Кездесулер мен араласулар-II» көрмесінде жалғасын тапты. Қазақстанның Суретшілер Одағы ГФР суретшілерінің делегациясын, Дуйсбург магистратының мүшесі, Конрад Шиллинг мырзаның басшылығымен өткізілген бірлескен көрме қатысушыларын қабылдады.
1991 жылы Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Гурьев қалаларында Қазақстанның Суретшілер Одағы ұйымының ашылуы жүзеге асырылды. Осылайша, Қазақстанның аймақтардағы Суретшілер Одағының облыстық ұйымдарының ашылу ресімі толығымен аяқталды.
1990 жылдары Қазақстанның Суретшілер Одағының алдында күрделі мәселелер тұрды. Суретшілердің шығармашылық одақтары қандай болуы керек? Тәжірибе жүзіндегі ұйымның жаңа үлгілері ретінде Қазақстанның суретшілер Одағының Алматылық бөлімі - ҚСО АБ құрылды, пластикалық өнер ассоциациясы бірқатар шығармашылық одақтарды біріктірді. Жаңа саяси, әлеуметтік, экономикалық ахуал жаңаша сұрақтарды алға тартты: Қазақстанның суретшілер Одағы Басқармасының Институты керек пе? Суретшілер Одағы мен Көркем Қордың құрылымы жөніндегі мәселелер, Суретшілер Одағының жаңа Жарғысы туралы сұрақтар, Суретшілер Одағы мен Көркем Қордың мүліктерінің тіркеліп, есепке алынуы жайлы, т.б. көптеген кезек күттірмес мәселелер көлденең тұрды. Бұл мәселелер Қазақстанның жаңа дәуірі- ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ Қазақтың рухын, Қазақ ұлтының ар-намысын, ар-ожданын таптамайтындай отансүйгіш қасиетпен жүзеге асырылатын, өзінің ойдағыдай шешімін күтуде.