Съезды Союза художников Казахской ССР. 1940-1991.

 

Қазақстан Кеңес Социалистік республикасы суретшілерінің I республикалық съезді 1940 жылы 26 маусымда Партия Ағарту Үйінде (Пушкин көшесі) ашылды. Съездің жұмысы 5 күнге созылды және 30 маусымда аяқталды. I республикалық съездге 130 адам қатысты, олардың 60 делегаты –Алма-Атадан, облыстардан келген құзыретті тұлғалар және облыстық қалалардың кейбір суретшілері. Қалғандары- шығармашылық одақтардың қонақтары, одақтас кеңес социалистік республикаларының өкілдері, репортерлер, журналистер, суретшілердің жұбайлары.
Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағы Ұйымдастыру комитетінің қызметі туралы съездегі есеп беру баяндамасын жасаған жоғарыда аталған ұйымның төрағасы В.Н.Сладков. Оңтүстік-Қазақстан филиалының жұмысы туралы баяндаманы құзыретті суретші В.Н.Киясов мәлімдеді. «Шығармашылық жұмыстың қойылуы және «Қазақстан Кеңес Социалистік Республикасына XX жыл» мерейтой көрмесіне даярлық» мәселесі бойынша өнер істері жөніндегі басқармасының бейнелеу өнерінің бастығы Л.П.Леонтьев сөз алды.


Баяндамалардың негізгі мазмұны- суретшілердің жекелеген топтарының арасында туындаған даулы жағдайлардың талқылануы. Күн тәртібіне, сондай-ақ, Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағының Жарғысының оқылып, қабылдануы, Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағы Басқармалары мен тексеру комиссияларының сайлаулары салынды. Съездге Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Әзірбайжан республикаларының Суретшілерінің Одақтары өздерінің құттықтау телеграммаларын салып жіберіпті. Ленинградтық суретшілердің атынан Г.А.Брылов құттықтап сөз сөйледі.
Съездің соңғы күні съездге арналып ұйымдастырылған көрмеде өткізілген шығармашылық пікірталастармен қорытындыланды.
Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағы Басқармасы мынадай құраммен сайланды: А.И.Бортников, Ф.И.Болкоев, Г.А.Брылов, Л.В.Гербановский, Ә.Қастеев, Ким Хен Нюн, В.М.Колоденко, А.И.Ненашев, В.Н.Сладков. Мүшелікке үміткерлер- Р.Т.Папэ, А.С.Пономарев. Төрағасы болып- Г.А.Брылов, оның орынбасары болып- Ә.Қастеев шығармашылық мәселелері бойынша және В.Н.Сладклв- ұйымдастыру мәселелері бойынша. Тексеру комиссиясының құрамына Н.В.Цивчинский, И.И.Савельев, А.Исмаиловтар кірді.


КСРО Кеңес Суретшілер Одағының хаттамасында 1940 жылы 10 қазанда былай жазылған екен: «Қазақстанның Суретшілер Одағының ұйымының құрылуы аяқталған және съезд қабылдаған Жарғының барлық бекітілген мүшелер мен мүшеліктен үміттілер үшін міндетті деп табылсын. Съездің шешімімен Ұымдастыру комитеті таратылып, Қазақстанның Суретшілер Одағының Басқармасы ұйымдастырылды. Суретшілердің тұңғыш форумы ұйымдастырушылық кезеңнен шығармашылық жұмысқа өтетінін атап көрсетті.
Қазақстан Суретшілерінің Одағының III съезді 1951 жылғы 20-23 маусым күндері Қазақ консерваториясы кеңсесінде өткізілді. Съездге Одақ 43 суретшіні есептеді.


Одақтың қызметі туралы есеп беру баяндамаларымен 1949 жылғы 03 мамырдан- 1951 жылғы 01 мамыр аралығында К.Баранов мәлімдемелер жасап отырды. Оның сөйлеген сөздері көбіне 1950 жылы 25 сәуірдегі КП (б) ОК Бюросының шешімдеріне арналды. Онда Қазақстанның Суретшілер Одағының қызметіндегі кемшіліктері мен орын алған олқылықтары аталып көрсетілді. Оған: бірқатар суретшілердің шығармашылығындағы формализмдік, натурализмдік, қағидасыз эстетикалық, импрессионизмшілдікпен, суретшінің бейнелеп отырған құбылысына объективтік қатынасымен әлсіз күресуі, т.б. сипаттары аталып көрсетілді. Осы есеп беру кезеңіндегі жетістіктердің қатарына К.Баранов 1949 жылғы республикалық көрмеде кең аяда ұсынылған саяси сатира жанрындағы туындыларды атап кетті. Баяндамашы қазақстандық кескіндеушілер мен графикшілердің 12 туындылары тамашаланған Қазақстанның суретшілерінің 1950 жылы Мәскеудегі бүкілодақтық көрмедегі туындыларының нашар шықпағанын еске алып кетті. Осы аталған 12 туындының авторлары- Ә.Қастеев, М.Белов, А.Ф.Подковыров, П.В.Верховцев, С.Сухов, А.Мартова, Қ.Қожықовтар болатын.


Бұл көрме тағы бір қуанышты жағдайды паш етті- мүсін өнерінің аяққа тұруын дәлелдеді. «Тұңғыш лептегі» мүсіншілер А.Пономаревпен, Я.Кучиспен, З.Береговаямен қатар тұңғыш рет жастар мен облыстардан келген мүсіншілер де өз қолдарынан шыққан жаңа дүниелерін көрермендердің назарына тартты. Суретшілер Бүкілодақтық шығармашылық үйіне белсенді баратын болды. Осы кезеңде Қазақстанның Суретшілер Одағының өкілдері 16 рет Сенежде болып қайтты. Онда екі-үш ай жұмыс істеп келіп, тәп-тәуір нәтижелерге қол жеткізіп жатты. Бірақ, негізінен баяндамалар кемшіліктер төңірегіндегі терең талқылауларға өзек болды: суретшілердің біліктілігін арттыру бойынша көркем студияға суретшілер басын сұқпайды десе де болады, секциялар іс жүзінде жұмыс істемейді деп айтуға әбден болады, мүшеліктің ұлғюы байқалмайды, әсіресе, ұлттық мамандардың қатары өспек түгелі, әліге дейін жоқтың қасы. Одақтың санының артуы Алма-Атадағы суретшілердің есебінен орын алуда, шет ауыл-аймақтарды айтпағанда, тіпті облыстың суретшілерін ешкім танымайды.
«Қазақстанның беунелеу өнерінің дамуы жөніндегі» баяндаманы М.А.Белов оқыды. Оралдан Х.Масутдинов, Оңтүстік Қазақстаннан – Пономаренко, Қарағандыдан- Румянцевтер жергілікті суретшілер Одағының қызметтері жайлы баяндап берді. Барлық баяндамалардың лейтмотиві: облыстардағы филиалдардың қызметін жетілдіріп, нығайтуға материалдық және забңдық көмектердің көрсетулі қажеттілігі жайлы болды. «Социалистік реализм әдістерін игеру» туралы баяндаманы съезде өнертанушы А.Ф.Крашенинников жасады. Қаптаған идеологиялық ұрандардың арасында әлі де формализммен күрес үні естіліп қалып жатты: «Суретшілер Одағы формализм мен натурализмнің сарқыттарымен қағидалық және кезекпелі күрес жүргізбеген, тек «компаниялар» өткізіп қана қойып, онда осы аталған ескінің сарқытына бас ұрған суретшілерді сынап-мінеумен ғана шектеліп қойған. Сынап-мінелген суретшілер көп өтпей-ақ, жұмыстарын жалғастырып, өздерінің айыбын жете түсіне де қоймаған болар. Дегенмен, формализммен және натурализммен қарсы күресу бір күнгі тірлік емес... Импрессионизм өмірдің ақиқи танылып, орынды бейнеленуіне қаскөй әдіс ретінде белгілі... Бірақ, импрессионизмнің жекелеген элементтері әлі де біздің кейбір суретшілерімізден табылып қалып жатады. Импрессионизмнің элементтері, әсіресе, А.М.Черкасскийдің, Б.И.Урманченің, Р.В.Великановалардың шығармашылықтарынан айдан-анық көзге ұрып тұр».


Съезде қабылданған резолюцияда Ә.Қастеев, Л.П.Леонтьев, М.А.Белов, А.Ф.Подковыров, А.М.Мартова, П.В.Верховцев, К.Х.Қожықов, А.С.Пономарев, З.И.Береговая, А.И.Ненашев сынды суретшілер ерекше аталып кетті. Есеп беру кезеңінде 17 көрме ұйымдастырылды, Қытай Халық Демократиялық Республикасында бір экспозиция өткізілді. Резолюцияда аймақтармен жүргізілетін жұмыстардың жетілдірілуі жайлы да айтылды. 1949 жылы республикалық көрмелерде алты облыстың уәкілдері қатысқан болса, (11 суретші, 17 туынды), 1950 жылы – сегіз облыстың уәкілдері келді (19 суретші, 44 жұмыс).


Съезд Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының жаңа құрамын таңдады. Оған кіргендер: М.А.Белов- төраға; Ә.Қастеев- жас суретшілермен жұмыс істеу жөніндегі орынбасары; Л.П.Леонтьев – шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары; К.Қожықов, А.С.Пономарев, А.Ғалымбаева, А.М.Мартова, Н.В.Соловьев- жауапты хатшы; К.Баранов- идеялық-саяси жұмыс. Көркем қордың төрағасы болып Г.И.Симкин сайланды.
Қазақ КСР Суретшілер Одағының III cъезд өзінің жұмысын 1954 жылғы 01 қаңтарда сағат 10-да консерватория залынба бастады.
Күн тәртібі: Қазақ КСР Кеңес Суретшілер Одағының 1951 жылғы 21 маусымнан 1954 жылғы 01 қаңтар аралығындағы жұмысы туралы есеп берулері (Х.И.Наурызбаев), тексеру комиссиясының есеп берулері, Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының мүшелерінің, тексеру комиссиясының сайлаулары. Өзінің есеп берулерінде Х.Наурызбаев III cъездге орай, Қазақстанның суретшілер Одағының есебінде 48 мүше болды. Одақтың өміріндегі жаңа құбылыс: 20 жас суретші есепке алынып, секцияның жұмыстарына атсалысып, өздерінің туындыларын секциялық талқылауларға ұсынады.

Көрмелер- Одақтың резерві, болашақ жас толығулар. Көптеген суретшілер- Ә.Қастеев, Л.Леонтьев, В.Тканко және басқалар Бүкілодақтық көрмедегі Қазақстанның павильонын көркейту бойынша Үкіметтің тапсырысын орындауға белсене қатысты. Жетекші шеберлер осы жобаның орындалуымен айналысты, Ташкентте 1953 жылғы қыркүйек айында өткен Орта Азия және Қазақстан суретшілерінің конференциясында туындылардың идеялық және кәсіби деңгейлері бойынша Қазақстанның суретшілері соңғы орындардың біріне лайық болды. Шығармашылық осалдық суретшілердің Мәскеуде жыл сайын өткізілетін Бүкілодақтық көрмелеріндегі деңгейлерінен де аңғарылып тұрды. 1951 жылы үш жұмыспен үш суретші көрме қойған болса, 1952 жылы- бір суретші бір жұмысын алып шыққан еді. Қазақстанның суретшілерінің жұмыстарының басым салмағы этюдтік және эскиздік сипаттарға ие. Есеп беру кезеңінде үш секция жұмыс істеп тұрды: кескіндеме және мүсіндеу- саны жағынан ең ірі секция (төрағасы Л.Леонтеьев), графикалық секция- құрамында бес мүшесі және екі үміткері бар (төрағасы К.Баранов), театралдық-рәсімдеу секциясы- В.В.Голубовичтің басшылығымен. Суретші- графикшілер баспа графика түрінің дамуына аса ден қоймайды. Республикалық көрмелердің өткізілуі жайлы айта келіп, Х.Наурызбаев оларға Опера тдеатрының фойесінің пайдаланылуының дұрыс тиімді емес екендігін айтты.

Себебі, көрермендер туындыларды тек кешке қарай, электр жарығымен спектакльдің алдында тамашалауы туындылардың көркем құндылығының бағасын төмендетеді. Сондықтан да, аталмыш туындылар көрермендерінің тарапынан лайықты бағасын ала алмай жатады. Бұдан былай есеп беру көрмелерінің көркем галереяның кеңсесінде өткізілгені лазым.
Өнер ісі жөніндегі блыстық басқармаларға көрмелердің тақырыптық жоспарлары жіберілгенімен, ал, облыстарға шығармашылық іссапарларға жөнелтілген суретшілерге облстық ұжымдастарына шығармашылық көмек көрсетуі тапсырылғанымен, ауыл-аймақтардағы, қазақ жерінің түкпір-түкпірлеріндегі суретшілермен жұмыс ойдағыдай дәрежеде жүргізіліп отырған жоқ. Есеп берулері кезеңінде бірде-бір шет ауылдық суретші Одаққа не мүшелікке, не одан үміткерлікке қабылданбаған. Оралдық филиалынан Х.Шамсутдинов астанадан алшақ жерлердегі дарынды, талантты суретшілердің жағдайы туралы өзекті мәселені көтерді. Ол кең-байтақ қазақ жерінің шет ауылынан ат шаптырып астанаға келудің өзінің, онда көрме қоюдың қаншалықты ауырға соғатынын айтып кетті. Туындылардың рәсімдеулері мен олардың жөнелтулері сол шет ауыл-аймақ суретшілерінің өз қаражаттарының есебінен іске асырылуы керек. Ал, ең басты мәселе, сол суретші қауымының меншікті туындыларының көрмеден қайтпай қалатындығы. көптеген облыстық суретшілердің өздерінің қол туынддыларын астанадағы өтетін көрмелерге ұсынуға құлықсыз екендігі де сондықтан. Қызылорда облысының ахуалын Ким мәлімдеді.


Қабылданған резолюцияда осыған дейін әбден жауыр болып үнемі көтеріліп жүрген көкейтеселелермен қатар, жаңа мәселелер де туындады. Онда: шығармашылық секциялардың жұмысының жақсартылуы, сыншылардың секцияларының құрылуы, жас суретшілермен жұмыс жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысын тірілту, жас суретшілердің көрмелерінің өткізілуін ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
1954 жылы 03 ақпанда Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасының, оның орынбасарларының, жауапты хатшыларының қатысуымен аталмыш басқарманың мәжілісі өткізілді. Оған: КСРО Кеңес Суретшілер Одағының Ұйымдастыру комитетінің төрағасының міндеттерін атқарушы Х.А.Ушенин, КСРО Кеңес Суретшілер Одағының Ұйымдастыру комитетінің уәкілдері Ю.Я.Халаминскийдің, С.И.Дудниктің, Г.А.Друженковтар қатысты. КПК ОК ғылым және мәдениет бөлімін Д.Құнанбаев уәкілеттендірді. Көркем қордың Қазақ Бөлімі Басқармасының атынан – Г.И.Симкин және Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағы Басқармасына жаңадан қабылданған мүшелері – В.Фролова, Ә.Қастеев, К.Плюхин, Н.таңсықбаев, К.Баранов, В.М.Колоденко, Л.П.Леонтеьевтер қатысты. Мәжіліске қатысушылардың барлығының бір ауыздан қабылдаған дауысымен Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы болып Ә.Қастеев сайланды. Оның орынбасары болып- Л.П.Леонтьев, ал, жауапты хатшысы болып- К.Плюхин тағайындалды.
Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Суретшілер Одағының IV съезді 1956 жылғы 27-30 наурызда Түрксіб клубының кеңсесінде (Панфилов, 108) өтті.


Күн тәртібі: Қазақстанның Суретшілер Одағының жұмысы туралы есеп берулері. Баяндамашы -С.А.Мамбеев. 1956 жылғы республикалық көрме туралы мәлімдемеші- И.Рыбакова. Басқарманың, тексеру комиссиясының, КСРО I съездінің делегатының сайлаулары. Съездінің қарсаңына қарай, Қазақстан Кеңес Суретшілер Одағының мүшелерінің саны 61 болатын. Есеп беру кезеңінде Одаққа мүшелікке 13 жас суретші қабылданды, 23 көрме ауыстырылды. С.Мамбеевтің баяндамасында өткен съездердегіден гөрі оптимистік рух байқалды. Одақ үшін бұл тым жеткіліксіз болғанымен, 1954 жылғы Бүкілодақтық көрмеде төрт суретші қатысты- Ә.Қастеев, Н.Крутильников, К.Телжанов, М.Белов.

Есеп беру кезеңінде көрмелерде талантты жас суретшілердің жаңа бір тобы пайда болды- У.Ажиев, И.Остренко, И.Квачко, Федорова, С.Романов, Третьяков, В.Крылов. Дегенмен, бұрынғысынша көрмелерде баспа графикасының: литографияның, түрлі-түсті линогравюраның, офорттардың жоқтығы алаңдатады. «Эстамптың өзінің ролін қайтару керек»- дейтін С.Мамбеев.


Съездің жұмысында облыстардан келген делегаттар қатысты- барлық съездердің тұрақты қатысушысы Х.Шамсутдинов (Орал), В.Крылов (Қарағанды). Х.Рахымов съезде тұңғыш рет Шығыс-Қазақстан облысын уәкілеттендірді. Олар өздерінің жұмысы туралы айтып беріп, Одақтың Басқармасының облыстардың суретшілерімен ұдайы тығыз қарым-қатынаста болу қажеттілігін ерекше атап көрсетті. С.Яковлев бір аптада 13 мың адам тамашалаған, көрмені өз беттерінше ұйымдастырып өткізе алған семейлік суретшілердің қол жеткізген табыстарымен қуана бөлісті. КСРО Көркем Академиясының атынан өнертанушы Н.Черкасова сөз сөйлей келе, съезд алды көрмені атап өтіп, шығармашыл жастардың тың қуат көзінің ашылып, суретші қауымының кәсіби деңгейінің айтарлықтай артқанына назар аудара отырып: «Олардың өз туған халқын тануы республиканың бейнелеу өнеріне жаңа серпін берді. Бұл көрменің өзіндік ұлттық қасиеті байқалады». А.Черкасский барлығын өнерге қайта оралып, шығармашылық туралы ашық әңгімелесіп, суреттер мен этюдтердің ерекшеліктерін зерделей отырып, баяндамасын қолдан шығар дүниенің тақырыптық композициялары мен пейзаждарына арнады.

Өнертанушы В.Носкович декоративтік-қолданбалы және қазақ халық өнері мәселелеріне мән беріп, Одаққа халық шеберлерінің тартылуының қажеттілігін алға тартты. Ленинградтық суретшілер одағынан А.Харшак- Қазақстанның графикасы мәселелері бойынша және Г.Д.Ястребенецкий – мүсіннің дамуы туралы сұрақтарды көтерді. Б.А.Чекалин съездге қатысушыларға КПК ОК «Ара» деп аталатын қазақ сатиралық журналының құрылғаны жайлы және тек графикшілерді ғана емес, сонымен қатар, кескіндеушілерді де оның жұмысына қатысуға үндеді. А.Исмаилов, К.Плюхин, З.Д.назыров, Ю.Мингазитинов, т.б. суретшілердің мұқтаждықтарын біліп, оның шешілуіне байланысты олар Одақ Басқармасының қызметін өткір сынға алды. Маңызды ұйымдастырушылық-шығармашылық мәселелер бойынша КСРО Суретшілер Одағының Ұйымдастырушылық комитетінің хатшысы Г.Тимошин, КСРО Көркем Қордың директоры В.Максимовтар сөз сөйледі. Съезде, сондай-ақ, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Тәжібаев сөз алып, мүсін және қолданбалы өнер саласындағы әртүрлі мәселелермен қатар, Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағының ұйымы Мәскеуге жалтақтап, жасқанып отырмай, өздерінің қатарына қандай суретшілерді қабылдайтынын өздерінің шешулері тиістігін айтты.


Уақыттан озып отырып, республикалық Кеңес Суретшілер Одағының құзыреттілігін арттыру мақсатында, КСРО суретшілер одағы басқармасының 1957 жылғы 23 сәуірден Суретшілер Одағына қабылдау тәртібі туралы №888/15 хатын таратқанын айтып кетелік. Енді мүшелердің құрамына қатысты бар жауапкершілік жергілікті одақтардың мойнында болды. Бұл суретшілердің Одаққа мүшелікке беретін өтінімдерінің айтарлықтай жеделірек қарастырылуына оң ықпалын тигіздіСъезде Қазақ Мемлекеттік Көркем галереяның қызметінің ережелеріне қатысты мәселелер қозғалды. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесін Қазақ Мемлекеттік Көркем галереяға тиесілі кеңсесін көрмелік кеңістігін кеңейту үшін босату туралы мәселе, мәдени мекемелердің ғимаратының құрылысын салу жоспарына қосу және Қазақ Мемлекеттік Көркем галереясына арналған жаңа ғимаратын салу мәселесі, Қазақ Мемлекеттік Көркем галереясының Қазақстан суретшілерінің, туысқан республикалардың, сондай-ақ, орыс және әлемдік өнер иелерінің қолдарынан шыққан туындылармен байытылуы үшін бөлінетін қаражат көлемінің ұлғайтылу мәселелері қарастырылды.


IV съезде сайланған Қазақстанның Кеңес Суретшілер Одағы басқармасының мәжілісінде аталмыш ұйым қызметкерлерінің міндеттемелері белгіленді. Басқарма Төрағасы болып С.Мамбеев сайланды; Н. Таңсықбаев – шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары; И.С.Петько- ұйымдастырушылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалып алды. М.Лизогубқа көрмелік іс-шаралармен айналысу тапсырылды. К.И.Плюхинге- саяси бұқаралық жұмыстар тапсырылды. Ә.Қастеев жастармен жүргізілетін жұмыстарға басшылық ететін болды. В.В.Голубович- халық шеберлерімен жұмыс жасауға міндеттелді. И.Х.Кучис- ауыл-аймақтардағы суретшілердің жұмысын қолына алды. А.Черкасский- шығармашылық секциялардың қызметіне жауапты деп танылды.
Қазақстанның Суретшілер Одағының V съезді 1959 жылғы 15-16 сәуірде Ғылым Академиясының кіші конференц залында өткізілді (Шевченко/Красин көшелерінің қиылысы).


Съезді газеттердің беттерінде жазылғандай, бұрынғы батырақ-шопан, қазіргі Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Халық суретшісі Ә.Қастеев ашты. Ол IV-V съездердің аралығы қазақтың жас бейнелеу өнері үшін аяққа тұрып, тәй-тәй басу, қайраттану кезеңі болды деп атап кетті. Қазақстанның Орталық Комитетінен лебіз білдірген Орталық Комитеттің хатшысы Д.Жандильдин еді, ленинградтық суретшілердің атынан – Каратеев, Қырғыз елінен- Қырғыздардың Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы Г.Айтиев, Өзбек елінен- КСРО Көркем Академиясының нағыз мүшесі Орал Таңсықбаевтар сөз алды. Съезде, әсіресе, заманауи қолданбалы өнер ахуалына, оның дамуы бойынша өндірістік орталықтардың құрылуы туралы мәселелерге баса назар аударылды. Бұл тақырыпты өзінің баяндамасында А.Жұбанов жалғастырып алып кетті.


С.Мамбеев өзінің есеп беру баяндамасында: «Өткен соңғы үш жылда еліміздің көркем өмірінде «Кеңес билігінің 40 жылы», «Комсомолға 40 жыл» сынды елеулі оқиғалар болып өтті. Бірақ, ең ірі емтихан – өзінің барлық буындарында да зор табыспен өткен қазақ өнерінің Декадасына қатысу. Көптеген пікірлерге сүйенетін болсақ... біздің буыны қатпаған әлі балғын өнеріміздің қалай шарықтап бара жатқанын көреміз. ... Одақтың секциялары қойып отыратын есеп беру көрмелері суретшілердің шығармашылық белсенділігін айтарлықтай арттырып отыр. Біз Одағымыздың бүкіл тарихы бойы облыстардың көптеген суретшілерінің жұмыстарын көре алдық. Қарағанды суретшілерінің көрмесі елеулі оқиға болды. Біз бұдан былай да облыстардың шет ауыл-аймақтарындағы суретшілерге көмегімізд еш аямауға тиіспіз.


... Монументалды өнер жайлы- ескерткіштер туралы біраз айтып кеткім келіп отыр. Мүсінші Х.Наурызбаев өз қолымен құйып отырған ұлы Абай ақынның мүсіні монументалды өнердің тұңғыш ескерткіштерінің бірі болмақ. Бұл жұмыс інде басталып келеді. Біздің мүсіншілеріміздің ахуалы, өкінішке орай, аянышты. Арнайы кеңсе деген атымен жоқ, монументалдық өнермен айналысуға арналған еш жағдай жоқ... Одақта бүгінгі күнге дейін плакат және сатира секцияларының ұйымдастырылмағаны біздің жіберген олқылығымыз. Ол бүгінгі күннің зәрулігі екені баршамызға мәлім... қазақ радио және теледидар қызметі қазақтың монументалды, мүсіндеу өнері туралы ләм-мим демей отыр.

Бұқара ақпарат құралдары қазақ өнерінің дамуының жақсы жаршысы бола алмай отыр. Республикада суретшілердің, бейнелеу өнер иелерінің еңбегі, олардың туындыларының репродукциясы баспасөз беттерінде жеткілікті жарияланбай отыр». Сонымен қатар, портрет пен индустриалдық пейзаж жанрының дамуы туралы мәселелер көтерілді.
Съезде облыстарда тұрып, жұмыс істейтін суретшілер де келіп, қатысты: Х.Ким (Қызылорда), Х.Шамсутдинов (Орал), Н.Яковлев (Семей), С.Кукуруза (Ақтөбе), т.б. Х.Ким Қазақстанның суретшілерінің туындыларының облыс орталықтарындағы жылжымалы көрмелерінің ұйымдастырылу қажеттілігі жайлы мәселе қозғады.
1959 жылғы 07 сәуірде қайта сайланған бақарманың мәжілісі болып өтті. Төрағасы болып С.Мамбеев, жауапты хатшысы болып- В.И.Крылов, В.Антощенко-Оленев - шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасарлары болып тағайындалды. Мұнан басқа, оның құрамына Ә.Қастеев, Х.Наурызбаев, А.А.Дячкин, М.С.Кенбаевтар кірді.


Қазақстанның Суретшілер Одағының VI съезді 1962 жылғы 19-21 ақпан күндері Қазақ Мемлекеттік Университетінің акт залында (Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің бұрынғы ғимараты) өткізілді. Съезд өткізіліп отырған күндері Одақ 138 мүше және мүшеліктен үміткерлерді қамтыды. 140 делегат қатысты- барлық облыстардың суретшілері, сондай-ақ, Қырғыз, Түркмен, Өзбек, Тәжік, РФКСР қонақтары келді. Есеп беру баяндамасын Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы С. Мамбеев оқыды: «Қазақстанның жас бейнелеу өнері үшін өткен уақыт жаңа шығармашылық табыстар кезеңі, декадаға дейінгі жылдар және сол декадалық көрмелердің өзі болды дей келе, ... 1961 жылғы Бүкілодақтық көркем көрмеге даярлық «Қазақстанның 40 жылдығы» үлкен ретроспективтік көрмесі – сол аталған кезеңдегі біздің шығармашылығымыздың қол жеткізген жетістіктері. ... Мерейтойлық көрмеде біз мыңнан астам кескіндеу, графика, халық-қолданбалы өнерінің туындыаларын қалың көрермендердің назарына ұсындық. Осы туындылардың көпшіілігі дерлік соңғы бірнеше жылдарда ғана дүниеге келіп үлгерген». Баяндамашы бейнелеу өнеріндегі өзін танытуды мақсат тұтатын жаңаша құрал көздерін іздестіру мәселелеріне аса назар аударды. ... біз батыс өнерінің сәнді буржуаздық ағымдары- абстракционизмін және өзге де толып жатқан түсініксіз «иірімдерін» дәл көшіріп алған, оныншы қолдан өткен өнер туындыларын мадақтай алмаспыз. ... Бірақ, осы ізденістер туындылардың маңызын айқындап, олардың сыршылдығын күшейте түсетін болса, мұндай дүниелерге барынша қолдау көрсетіп, оң қабылдап, кеңес бейнелеу өнерінің дамуындағы заңды құбылыс ретінде тани алуға тиіспіз. Біздің соңғы көрмелеріміздің қуанышты көрінісі – онда облыстардан келіп қатысқан суретшілердің сандарының арта түсуі. ... Бізді монументалды мүсін үлгілері тұңғыш рет етек алуда.

Олардың ішіндегі ең үздігі Х.Наурызбаев сомдаған Ұлы ақын Абай мүсіні. Оның Амангелді Имановқа арнап батырдың туған жерінде құйған мүсіні, жас мүсінші Төлеков бектің екі рет социалистік еңбек ері Жазылбек Қуанышпаев атамыздың мүсіні». Мамбеев қазақстандық графикшілердің қол жеткізген жетістіктерін де назарынан тыс қалдырмай атап өтіп, Қазақстанның мыңнан астам графикші –суретшілерінің қатысқан, графикшілердің 1-ші республикалық көрмесінің ұйымдастырылуын қуана хабарлады. Ташкенттегі графикшілердің халықаралық конференциясында республиканың жиырма алты сыйлықтың тоғызын қанжығасына байлағанын мәлімдеді. С.Мамбеев сынау қызметінің бір жақтылығына, кейде біліктілік деңгейінің төмендігіне алаңдаушылығын білдірді. Қазақстан суретшілерінің 1961 жылғы Бүкілодақтық көрмедегі дүниелерінің осалдығын атап өтіп: «Біздің республикамыздың туындылары ұсынылған бөлімдерде қамсыздық байқалды, экспозицияның өзінің де жалпы сәтсіз шыққаны көрініп тұрды» деді. Бұл көрменің әсерін төмендетіп жіберді.


Қазақстанда белгілі бір оқиғаларға арналып ұйымдастырылған көрмелер жиі өткізіліп тұрады (1960 жылдың өзінде қалалар мен қолхоздарда 39 көрмелер өткізілді, онда 3 мың 239 туындылар ұсынылды). Сонымен бірге, есеп беру және жекелеген көрмелер болып тұрады.
Бұл шикі, кәсіби жағынан піспеген, көзге мен-мұндалап тұратын көріністердің бейнелік шешімінен басым қаптаған туындылардың толассыз пайда бола беруіне әкеліп соқтырады. Қазақстанның бірқатар суретшілерінің қамсыздығы және бір орнынан дамымай қала беруі байқалады. Декада өткізілгеннен кейін, республиканың көркем өмірінде шығармашылық белсенділік пен қарым-қатынас орнатудың басқа әдіс-тәсілдері еш табылмады. Ал, енді бір жағынан С.Мамбеев өнердің даму қарқынын күшейту үшін суретшілердің мерейтойларға ғана арналып әдейі салынатын туындылардан басқа, автордың бір жұмысын қамтып қанай қоймайтын, оның шығармашылық қабілетін танытатын, жаңа туындыларының көрмелерінің ұйымдастырылуының қажеттілігін атап өтті. Экспозицияға суретшілердің даулы жұмысы болғанымен, социалистік реализм өнерінің негізіндегі осы саласына тосын жаңашылдық сыйлауға қабілетті туындыларының да міндетті түрде ұсынылуы тиістігін айтып кетті.


Делегаттар көркем туындылардың құндылығын көбіне оның көлемімен, сапасымен емес, оны сомдаған автордың танымалдығымен өлшейтін Қазақ Кеңес Социалистік республикасының Мәдениет министрлігінің республикалық сараптау комиссиясының атына негізді сын айтылды. Суретшілердің, жазушылардың, композиторлардың, өзге де өнер иелерінің бірлескен әрекеттерінің арқасында бүкіл республика бойынша «Өнер аптасының» өткізілуі қажеттілігі туралы талап-тілектер айтылды. Съезде Қазақ Кеңес Социалистік республикасының Мәдениет министрі Л.Ғалымжанова, КСРО Көркем Академиясының өнертанушысы, өнертану ілімінің кандидаты Н.Черкасовалар сөйледі.


Съезде Қазақстанның Суретшілер Одағының құрамы қабылданды. Оның құрамына: Н.П.Александрова, П.С.Андриюк, К.Я.Баранов, Н.С.Гаев, А.А.Дячкин, Г.М.Исмаилова, В.И.Крылов, С.А.Мамбеев, К.И.Плюхин, А.П.Степанов, Д.И.Чеботов, К.М.Шаяхметов, А.Г.Школьныйлар кірді. 1962 жылғы 23 ақпанда Қазақстанның Суретшілер Одағының жетекшілігінің саайлауына бағышталған, Қазақстанның Суретшілер Одағының жаңа басқармасының мәжілісі өтті. Басқарма төрағасы болып Н.Гаев сайланды, оның орынбасары болып- Г.Исмаилова, жауапты хатшысы болып- Д.Чеботов сайланды. Қазақстанның Суретшілер Одағының Тексеру комиссиясының төрағасы етіп Б.Төлековты, КСРО Көркем Қорының Қазақ бөлімі басқармасының төрағасы етіп Қ.Шаяхметов (бұрынғы төрағасы К.И.Плюхин болған еді) сайланды.


Қазақстанның Суретшілер Одағының VII съезді 1965 жылы 23, 24, 25 наурызда облыстық партиялық ағарту үйінің кеңсесінде болды.
Н.Д.Жандильдин Қазақстанның Коммунистік партиясы орталық комитетінің атынан лебіз білдірді. Съездге қатысушылар ғарышкерлер П.И.Беляев пен А.А.Леоновқақұттықтау телеграммасын жіберді. Есеп беру баяндамасын Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы Н.Гаев жасады: «Соңғы жылдардың елеулі оқиғаларының бірі атаулы мерекелерге: Қазанның 50 жылдығы мен Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл мерейтойына даярлық... Есеп беру кезеңінде шығармашылық секциялардың маңызы мен ықпалы айтарлықтай өсті. Олар суретшілердің шығармашылық мүмкіншіліктерін қарастырады, шығармашылық қолғабыс ету әрекеттерін шешеді.

Графикалық, мүсіндемелік, плакаттық секциялардың мәжілістерінің шығармашылық ахуалы (төрағалары Е.Сидоркин, П.Усачев, С.Я.Сухов) тәп-тәуір. Ең кем дегенде, бұл кескіндеу секциясына (көптеген тәжірибелі кескіндеушілер жұмысқа араласпайды) қатысты... республиканың көркем өнеріндегі ірі жағдай 1962 жылы болған «Біздің замандасымыз» көрмесі. Суретшілердің заманауи дәуі және суретші деген көкейтесті тақырыпқа берілген үлкен сынақтан өтулеріне тура келді... 1963 жыл бойы бұл көрме республиканың барлық облыстық және өлкелік аумақтарында болып келді. Суретшілер өздерінің адресіне көптеген мадақтауларды естіп қана қоймай, біршама пайдалы, салауатты сынға да құлақ асуларына тура келді... Біздің өнертанушыларымыздың іскер біліктілігі үнемі артып келеді. Өткен уақыт ішінде Г.Сарықұлова өнертану ғылымының кандидаты диссертациясын қорғап шықты. Диссертация қорғауға Е.Вандровская, М.Ғабитова, И.Рыбаковалар дайындалу үстінде». Баяндамада шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы суретшілердің қол жеткізген жетістіктері аталып өтті: «... Есеп беру кезеңінде театралдық-декоративтік өнер суретшілері көптеген спектакльдердің рәсімделуіне ат салысты: Т.Афанасьева мен И.Б.Бальхозиннің «Лир патша» спектаклінің рәсімделуі, В.Семизоровтың «Адам тағдыры», Э.Чарномскийдің «Қаракөз» спектаклін рәсімдеуі, Ф.Тканченконың «Әке тағдыры» спектаклі, Б.Пактың «Анарханы», М.Ержановтың ресімдеуіндегі «Қаракөзі». Әсіресе, Қазақ Кеңес Социалистік республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері А.Ненашев рәсімдеген «Табиғат Ана» («Материнское поле») Ленин сыйлығына ұсынылғаны бүкіл республикаға мәлім. Кино суретшілері де қарап қалмады. Өнерде өз қабілеттерін, талантын сынап бағуға барыншы тырысып жүрді. Жақында «Алдар көсе» фильмінің түсірілімі аяқталды.

Оның суретшілері мен қоюшысы Құлахмет Қожықов пен Сахи Романовтар болды. Кинода жан-жақты дарынды адам Ю.Мингазитинов көп тер төкті. ...Хор капелласы мен Құрманғазы атындағы оркестрге арналған қызықты киім-кешектер жаны да, тәні де сұлу суретші, актриса, дарынды өнер иесі Г.Исмаилованың қолынан шыққан төл дұниелер. Республиканың еңбек сіңірген қайраткері Х.Наурызбаевтың, П.Усачевтің, Л.Колотилинаның, А.Исаевтың, Б.Төлековтың, Я.Ккучистің жұмыстарын қазақ қоғамы жақсы қарсы алуда. Съезд алды көрмелерінде жассуретші-мүсіншілер Т.Досмағамбетов, Е.Сергебаев, Чудновтар өздерін тәуір көрсетіп келеді. ... 1964 жылдың соңында Суретшілер Одағы баспа жөніндегі мемлекеттік комитетпен бірлесе отырып, үздік саяси плакатқа байқау жариялады.

Бұл байқау қазақ жерінің плакат өнерінің аяққа тұрып, дамып келе жатқанын дәлелдеді. Байқауда 42 түпнұсқа ұсынылды. Бірқатар көрмелер мен байқаулар плакат секциясының төрағасы С.Я.Суховтың жеке бастамасымен өткізіліп отырды. ...Соңғы жылдары монументалды және декоративтік-рәсімдеу өнерінің дамуына қолда бар жағдайлардың барлығы жасалуда. Суретшілер көптеген мәдениет сарайларының, клубтарының, дүкендер мен кафелердің, Қарағандыдағы кеншілер сарайының (суретшілер В.Крылов, В.Тканко) интерьерлері, М.Әуезов театрының фронтоны (суретші Сидоркин, Е.Богомолов), М.Әуезов атындағы мұражайдың интерьері (Н.Александров), «Алма-Ата» мейрамханасының мозаикасы мен сграфиттосы (О.Богомолов, М.Кенбаев, Н.Цивчинский), т.б. бірқатар басқа да нысандар әрленіп, көркейтілді.


...бұл салада графикшілер Е.Сидоркин, А.А.Дячкин, Х.Рахымов, В.Поляков, кескіндеушілер К.И.Плюхин, М.С.Кенбаев, П.К.Антоненко, В.Крылов, В.И.Товтин, А.Антонюктер белсенді еңбек ете бастады. Есеп беру кезеңінде Суретшілер Одағы мен республиканың көркем қоры шамамен 200-ге жуық түрлі көркем көрмелерді өткізіп тастады. Қазақстанның өнер туындылары болмаған бірде-бір ел, бірде-бір континент қалмады десе де болады: Берлин, Токио, Варшава, Париж, Стокгольм, Нью-Йорк біздің суретшілеріміздің қолдарынан шыққан туындыларының куәсі. Көркем қоғамның егде идеясы америка грфиктерінің көрмелерінің ұйымдастырылуы болды. Бір ай бойы алматылық суретшілердің ұжымы көрмелер мен тұрғын халық арасында зор үгіт-насихат жұмысын атқарды. Өнердің қағидалық мәселелері туралы ұдайы әңгіме-сұхбаттар өткізіліп отыратын америкалық суретшілермен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Осы кезде суретшілердің көпшілігі облыстардан келген 400-ден астам туындыларды ұсынған республикалық графика көрмесі өтті... Оның америкалық графика көрмесінің ізінше өткізілуінің өзі оның маңыздылығын көрсетеді.


Басқарма Қазақ Кеңес Социалистік республикасының сауда палатасымен бірлесіп, өнеркәсіп графикасының тұңғыш көрмесін іске асырды (этикеткалардың, жабыстырғыштардың, тауар таңбаларының 120-дан астам үлгілері). КСРО Суретшілер Одағының хатшылығының Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасымен бірлесіп шыққан сессиясымен 1963 жылы Целиноградта республиканың суретшілер одағының бөлімі ашылды. Осы уақытқа қарай, онда жас суретшілерден жиналған қызықты ұжым басы құралып қалыпты. Атап айтатын болсақ, М.Порунин, В.Кучеровский, Б.Бельтюков, Л.Свитич, Л.Колотилиналар. Жақында КСРО суретшілер Одағының хатшылығының шешімімен Қарағандыда Қазақстан Суретшілер Одағының бөлімі ашылды. Бұл, әрине Қарағанды суретшілері ұжымының шығармашылық және ұйымдастырушылық деңгейінің арта түсетінін білдіреді. Біздің республикамыздың ыстық оңтүстігіндегі шырайлы Шымкент суретшілерінің еңбексүйгіш, адал ұжымы қалыптасып келеді».


Б.А.Төлеков қатысушыларды тексеру комиссиясының есеп беру баяндамасымен таныстырды. Мемлекеттік Третьяков галереясының директоры П.И.Лебедев өнердегі ұлттық пішін туралы, осы мәселеге ешкімге еліктеместен шығармашылық қараудың қажеттелігін атап көрсетті. Съезде Баспа жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы Зазулин: «Орта Азия және Қазақстан республикаларындағы 1960 жылға дейінгі ең үздік кітаптар байқауында біздің бірде-бір баспамыз алға суырылып шыға алмай ілбіп жүрді. 1960 жылы жеті баспа үздік деп танылды, ал, 1964 жылы республикамыз бұл байқауда екінші орынды иеленіп алды. 50 қазақстандық кітаптардың ішінен көркем рәсімделуі мен полиграфиялық орындалуы бойынша 20 атау сыйлықтарға ие болды». Сөз таластыруларда Ақтөбеден С.Кукуруза, Қазақстанның Суретшілер Одағының Целиноград бөлімінің төрағасы- Ю.П.Буштрук, театралдық секцияның төрағасы- И.Б.Бальхозиндер қатысты. Есеп беру кезеңінің үздіктері деп К.Телжановың «Тыныштығы», К.Шаяхметовтың «Шопандардың тойына», Н.Нұрмұхамедовтың «Теңіз толғауы», А.Черкасскийдің пейзаждары, М.Лизогубтың «Мейірімді алақан» портреттерінің сериясы аталды. Суретші-графикшілердің шығармашылық белсенділігі біршама өсті- В.Антощенко-Оленев, Н.Гаев, Т.Говорова, А.Дячкин, А.Исмаилов, Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, т.б. шығармашылық деңгейлерінің біршама жетілдірілгенін байқатты. Қазақстанның бейнелеу өнерінің үгіт-насихаттаулары мен танымалдылығын арттыруда Т.Г.Шевченко атындағы көркем галереяның ұжымының алатын ролі аталып кетті.


24 наурызда республиканың суретшілерінің VII съездімен сайланған Қазақ Кеңес Соцуиалистік Республикасы Суретшілер Одағы Басқармасы Президиумының мәжілісі болды. Қатысқандар: Коммунистік партия комитеті Орталық комитетінің хатшысы Н.Д.Жандильдин, Коммунистік партия комитеті Орталық комитетінің мәдениет және ғылым бөлімінің меңгерушісі Т.Ж.Жангелдин, Қазақ Кеңес Соцуиалистік Республикасы Мәдениет Министрі Г.Г.Ғалымжанова. Басқарманың Төрағасы болып К.Телжанов, шығармашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып- Н.Гаев, жауапты хатшысы болып – П.Поповтар сайланды. Басқарманың құрамы 31 адамға дейін ұлғайды.
Қазақстанның Суретшілер Одағының VIII съезді өзінің жұмысын 1968 жылы 24 қаңтарда Құрманғазы атындағы консерваторияның концерт залында бастады.
Қазақстанның Суретшілер Одағының 200-ге жуық мүшелері оның жұмысына атсалысты. Өзінің баяндамасында Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы, КСРО Көркем Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ Кеңес Социалистік республикасының халық суретшісі К.Телжанов есеп беру кезеңінде болған атаулы жағдайларды еске түсіріп өтті. Соның ішінде, Орта Азия және Қазақстан республикаларының, Мәскеу суретшілері мен өнертанушыларының «Тақырыптық суретердің мәселелері» аталған күн тәртібіндегі маңызды шығармашылық конференциясына тоқталып кетті. Конференция КСРО Суретшілер Одағы хатшылығының ұйымдастыруымен Алма-Атада өткізілді және суретшілердің шығармашылық бастамашылдығының дамуына ықпалын тигізді.


Баяндамада К.Телжанов суретшілердің бар күш-жігері соңғы кездері қос мейрамға – Ұлы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына және В.И.Лениннің туылғанына 100-жыл толу мерейтойын атап өтуге дярлануға жұмсалуда. Осы дайындықтардың табысты өткізілуіне мәдениет министрлігіне қарасты құрылған көркем кеңестің шығармашылық мәселелер мен кітап графикасының, саяси палкаттардың, рәсімдеу өнерінің іс жүзіндегі даму мәселелері, суретшілердің алда болатын көрмелерге даярлығы талқыланды. Плакаттың біріші республикалық көрмесінің маңызы аса жоғары болды. Оның экспозициясына «Қазақстан» және «Қайнар» баспаларының плакаттары, «Ара» журналының суретшілерінің сатиралық плакаттары, үгіт-насихат плакаттары кірді. Алма-Атаның шығармашылық-өндірістік шеберханасының қырықтан астам шеберлерінің 670-тен астам туындылары берілген театр және кино суретшілерінің бірінші республикалық көрмесінің маңызы да өте жоғары болды.

Қазақстанның декоративтік және халық-қолданбалы өнерінің бірінші көрмесі өтті. Оның үздік үлгілері Монреальге жөнелтіліп, Кеңес Одағы павильонындағы өнер туындыларын тамашалауға келуші көрермендердің назарын өздеріне аударды. Қазақстанның жас суретшілерінің бірінші республикалық көрмесі жаңа есімдерді танытып, дарынды да қабілетті жастарға жол ашты. Қазақстанның суретшілері «Дене шынықтыру және спорт бейнелеу өнерінде» деген Бүкілодақтық көркем көрмеге, «Бейбітшілік жолында» республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысты. Қазақстанның Суретшілер Одағының бөлімдерінің шығармашылық қызметтерінің қорытындылары – Қарағандыда, Целиноградта, Теміртауда, Шымкентте, Қостанайда, Семейде және Өскеменде өткізілген аймақтық және облыстық көрмелер. Ә.Қастеевтің, А.Г.Ғалымбаеваның, А.М.Черкасскийдің, И.Я.Иткиндтің, Н.В.Соловьевтің, Ж.Шарденовтың, У.Әжиевтің, С.Айтбаевтың, т.б. (барлығы 17-ден астам) жекеленген көрмелері болды. Республиканың мүсіншілерінің Азаматтық және Ұлы Отан соғысы қаһармандарына, Кеңес билігінің мерейтойына арнап ғылым-білім қараткерлеріне бағышталған кеуде мүсіндерінің сомдалуына қатысуы жайлы айтылды.


... Душанбе қаласында өткен Орта Азия және Қазақстан республикаларының плакат суретшілерінің республика аралық көрмесі өткізілді. Онда Д.Ержановқа, А.Хайдаровқа, Н.Александровқа, Р.Юлдашевке, С.Суховқа көрменің дипломдары тапсырылды. Мәскеудегі халықаралық кітап көрмесінде үздік кітаптары үшін Н.С.Гаев, И.Исабаев, А.Гурьев, А.Рахманов, А.А.Дячкин, Ю.Мингазитинов, Б.Ненаховтар марапатталды. Қазақстан графикшілерінің туындыларының Литва суретшілерімен көркем тәжірибе алмасу көрмелері табысты өтті. Қазақстан суретшілерінің беделі артып келеді. Олар Кеңес Одағының бейнелеу өнерінің шет елдердегі, атап айтқанда: Польшада, ГДР, Вьетнамда, Монғолияда, Чехословакияда, Қытайда, Ағанстанда, Пакистанда, Финляндияда, Иранда, Италияда, Жапонияда, АҚШ-та, Канадада, Цейонда өткен халықаралық көрмелеріне қатысты.


К.Телжановтың есеп беру баяндамалары бойынша сөз таластыруларында тексеру комиссиясының төрағасы, Қазақ Кеңес Социалистік республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Сахи Романовтармен бірге: Қазақ Кеңес Социалистік республикасы мәдениет министрі И.О.Омаров, Н.В.Цивчинский, Г.М.Исмаилова, Қазақстанның Сәулетшілер Одағы басқармасының төрағасы Р.А.Сейдалин, Алма-Ата көркем училищесінің директоры А.К.Жұбанов, «Декоративтік өнер» журналының бас редакторы, КСРО Суретшілер Одағы Басқармасының мүшесі, РФСР халық суретшісі М.Ф.Ладур, т.б. сөз сөйледі. Съезде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы С.Н.Имашев сөз алды.

Өзінің әңгімесінде Қазақ КСР Мәдениет министрі И.О.Омаров соңғы екі жылда 120 көрменің өткізілгенін, бұл көрмелердегі туындыларды тамашалуға 2-милионнан астам адамдардың келгенін хабарлады. Сонымен қатар, жас суретшілер қатары өсті. Олар өздерімен бейнелеу өнеріне тосын ой, өткір түйсік, тың серпін, айрықша, жарқын пішіндерге деге құмарлықты оятты.

Аға буын суретшілер де жаңа уақыт лебінен қалып қоймай келеді». Г.Исмаилова Қазақстанның ірі суретшілерінің - Ә.Қастеевтің, А.Черкасскийдің, И.Иткиндтің мұражайларын ашу жайлы мәселе көтерді. «Осы суретшілердің барлығы – біздің тарихымыз, халық олардың жұмысын үнемі көріп отырулары керек. Сол себепті де, кемеңгер суретшілерге арнап мұражай ашу зәру».
Республикада көркем жоғары оқу орнын ашу мәселесі қайта-қайта көтерілді. Өзінің сөзінде А.К.Жұбано: «... Украинада – 3 жоғары оқу орындары және 11 училищелер бар. 13 миллион тұрғыны бар Қазақстанның әлі күнге дейін мұндай жоғары оқу орны жоқ. ...Алма-Аталық көркем училище бүгінде орта біліктілігі бар суретшілерді дайындайтын жалғыз оқу орны. Ол училищеге биыл 30 жыл толады. Ол бүгінде қазақстанның барлық облыстарында жұмыс істейтін 900-ден астам болашақ суретшілерді білім нәрімен сусындыра алды. Біздің көптеген көрнекті суретшілеріміз осы училищеден білім нәрін алған еді. ... бізде қалыпты даярлықтан өту базасы атымен жоқ. Біз дайындауымыздан гөрі көбірек қабылдап отырмыз». Т.Досмағамбетов монументалды мүсіндеу өнеріне байланысты мәселелерді көтере отырып, жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді.

Ол монументалды мүсіндеу өнерін ойдағыдай дамыту үшін ең болмағанда, ірі көлемді мүсіндеулерді, ескерткіштерді құйып, сомдауға болатын база әқажеттігін мәдениет саласының алдына көлденең тартып: «Әрбір мүсінші биіктігі тоғыз, ені жиырма метрлік шеберханаларға жағдайы келе бермейді. Мәрмәр тасымыз болса, гранитіміз жоқ, қатқақ тасымыз бірде болса, бірде болмайды. Оларды сенделіп жүріп, әзер дегенде шеерханалар арқылы аламыз, әйтеуір».


26 қаңтарда Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының жаңа құрамы құрылды. Оған 21 (жиырма бір) адам кірді. Басқарма Төрағасы болып С.А.Мамбеев тағайындалды, басқарма президиумының мүшелері болып – А.Г.Ғалымбаева, Т.С.Досмағамбетов, А.А.Дячкин, Ә.Қастеев, Л.П.Леонтьев, Е.Г.Микульская (жауапты хатшы), А.М.Степанов, А.Г.Школьныйлар қабылданды. Тексеру комиссиясының төрағасы болып К.И.Плюхин тағайындалды. М.Я.Антонюк, Н.П.Александров, К.Айтбаев, А.Г.Ғалымбаева, Ә.Қастеев, В.И.Крылов, С.А.Мамбеев, Н.Б.Нұрмұхамедов, А.М.Степанов, П.Д.Усачевтер КСРО суретшілерінің III съездінің делегаттары болып анықталды.
Қазақстанның Суретшілер Одағының IX съезді 1973 жылы 12-13 қаңтарда өтті. Күн тәртібі дәстүрге айналып қалған болатын: Басқарманың есеп беру кезеңіндегі жұмысы жайлы баяндаманы аталмыш ұйымның төрағасы С.А.Мамбеев оқыды; тексеру комиссиясының қызметі туралы есеп беру баяндамасын сол ұйымның төрағасы К.И.Плюхин баяндама жасады.

Соңғы съезден бері бес жыл өтіп кетті. «Қазіргі қазақтардың ұлттық мәдениеті ысылып, шеберлігі шыңалып қалған. Ол жалпы адамзат мәселелерін алға тартып, өз бетінше шеше алады. ...Қазақ өнері аты әлемге әйгілі шеберлерге бай, қазақ өнері көпұлтты бейнелеу өнерінің алтын қорына лайықты. Соңғы жылдары кітап графикасы саласында қызықты жұмыстар пайда болды. Біздің мүсіншілеріміздің төккен тері өз жемісін беруде. Бұл Х.Наурызбаевтың, Т.Досмағамбетовтың, А.Исаевтың, П.Усачевтің, В.Рахмановтың, О.Прокофьеваның, Л.Колотилинаның, Б.Төлековтың, Е.Мергеновтың станокты жұмыстары. Жаңа сәулет өнерінің ұқыпты пішіндерімен біріктірілген кескіндеу мен мүсіндеудің тірі пластикасы – монументалшылардың үздік жұмысы дегеніміз осы». С.Мамбеев В.Константиновтың, Н.Александровтың, В.Крыловтың, М.Антонюктің, В.Товтиннің, Д.Бобровтың, И.Нимецтің, М.Жақыпалиевтың, А.Симаковтың есімдерін атап кетті.

Қазақстанның театралдық және кинематографиялық өнерінде С.Романов, Г.Исмаилова, П.Зальцман, И.Корогодин, И.Бальхозиндер, т.б. талантты суретшілер жемісті еңбек етіп келеді. Соңғы жылдары республикада акварельді кескіндеу қарқынды даму үстінде. У.Ажиевтің, А.Исмаиловтың, И.Стадничуктың, С.Козловтың, П.Криушиннің, В.Поляковтың туындылары Қазақ бейнелеу өнерін ұятқа қалдырып отырған жоқ. Бүгінгі күннің тағы бір маңызды міндеттерінің бірі- ұлттық көркем әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің заманауи өнермен шығармашылық игерілуі. Декоративтік-қолданбалы өнерге баса назар аударылуы 1973-1974 оқу жылдары Н.В.Гоголь атындағы Алма-Ата көркем училищесінде декоративтік-қолданбалы бөлімінің ашылуынан да байқалды. Өзекті мәселе- Қазақстанда жоғары көркем оқу орнының ашылуы. Институттың ашылып, жұмыс істеуі республиканың көркем өмірінің тереңдеуін білдіреді, Қазақстанның бейнелеу өнерінің мақсатты түрде дамуының дәлелі болмақ». С.Мамбеев өзінің баяндамасында соңғы он жылдықтың шығармашылық және теориялық пікірталастарына қатысты ой қозғады.

Атап айтқанда, заманауи көркем өнердегі станокты өнердің алатын орыны жайлы, оның болашақтағы тағдыры туралы толғады. Заманауи пластикалық өнердің станокты және монументалды түрлері туралы пікірталастар «Шығармашылық» және басқа да журнал беттерінде жарияланып отырды. Станокты өнер өмірдің мәнін ашуға жаратылған, заманауи тұрмыстың түбін зерттеуге құрылған, адамдарға өздерінің асқақ қадір-қасиеттерін еш ұмыт қалдырмауын еске түсіріп отыратын, рухани қызметтің қарқынды пішіні ретіндегі айрықша құндылыққа ие болып отыр. Көркем қызметтің станоктық пішіндерінсіз дәуірдің көркем игерілуі еш мүмкін емес.

Дәл осы станокты өнер реалистік пішінде бейнеленген мықты имандылық қасиеттерге ие. Станокты өнердің өміршеңдігі уақытпен дәлелденген». Қазақстанның Суретшілер Одағы көркем көрмелердің дирекциясымен Қазақ Мемлекеттік көркем галереясымен бірлесіп отырып 20 шақты республикалық, 100-ден астам есеп берушілік, жекеленген және топтасқан көрмелерді өткізіп тастады. Біздің көрмелеріміз Украинада, Өзбекстанда, Арменияда және Эстонияда қойылды. Есеп беру кезеңінде Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының 9 пленумы өткізілді. Онда көрмелер талқыланып, шығармашылық секциялардың жолдамаларына сәйкес Суретшілер Одағының үміткерлері мүшелікке қабылданды, Одақтың облыстың суретшілерімен жұмыстары жүргізіліп отырды.

Қарағанды мен Целиноградтағы суретшілердің үйлері салынып, Шымкентте де оқұрылысының жобасы жоспарланды. Таяу уақытта республиканың астанасындағы суретшілер үйінің кірпіші қаланайын деп отыр (арнайы пленумда айтылған болатын).
Тексеру комиссиясының есеп берулерінде негізгі тұжырымдама жасалды- алдыңғы съезде белгіленген міндеттер негізінен орындалды. Съезде секцияның жетекшілерінің есеп берулері де болды. Мүсін секциясының қызметімен Х.Наурызбаев ақпараттандырып кетсе, театр және кино саласының қызметімен- Сахи Романов, монументалды өнермен- В.И.Константиновтар (есеп беру кезеңінде секция екі еседен артық ұлғайды, суретші-монументалшылар Одағының мүшелерінің 99 пайызының арнаулы және жоғары білімдері бар), өнертанушылар секциясының қызметі жайлы –Г.Сарықұлова есеп берді. Қолданбалы өнер секциясынан А.Жұбанов, плакат секциясынан- С.Сухов, акварельді кескіндеу секциясының қызметін У.Ажиев (жақында құрылған, бірақ, қызу жұмыс істеп жүр) баяндап берді. Мандаттық комиссияның есеп берулерінде қызықты ақпараттар бар екен: Одақ 206 адамды қамтиды. Съезге 177 мүшесі қатысуда. Одақтың құрамында – 15 ұлт өкілдері. Жоғары білімділері- 105. Орта арнаулы білім алғандары-75. Республиканың төрт Халық суретшілері бар; еңбек сіңірген нер қайраткерлері- 20; 3-уі өнартану ілімінің үміткерлері. Бұл «Қазақстанның Суретшілер Одағының бейнелеу өнерінің жоғары білікті шеберлеріне бай деген сөз». Өздерінің қызметтері жайлы Палодардағы Суретшілер Одағының құзыретті уәкілі Құрбатов, Қарағанды ұйымының төрағасы А.П.Билыктар есеп берді. 50-ге жуық суретшілерден тұратын ұжымды басқаратын тұңғыш Шымкенттің құзыретті уәкілі В.В.Фектистов сөз алды. Шымкенттің осы аталған 50-ге жуық суретшілерінің он бірі Суретшілер Одағының мүшелері. Целиноград пен Петропавл өңірлерінің суретшілерінің атқарған ісін М.А.Антонюк жеткізді.
Жаңа Басқарманың Төрағасы болып С.Мамбеев сайланды, оның орынбасарлары- Т.С.Досмағамбетов, А.Г.Школьный, жауапты хатшысы болып- М.Н.Меллер тағайындалды. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Суретшілер Одағы басқармасының құрамына У.Ажиев, С.А.Айтбаев, М.А.Антонюк (Целиноград), А.Г.Ғалымбаева, А.Г.Гордеев, Ә.Қастеев, В.И.Константинов, В.И.Крылов (Қарағанды), Л.П.Леонтьев, Н.Б.Нұрмұхаммедов, Б.П.Пак, А.С.Рахманов, И.А.Рыбакова. Е.М.Сидоркин, А.П.Симаковтілм, П.Д.Усачев, В.В.Фектистов (Шымкент), Б.И.Чувылко- барлығы 21 адам кірді (аты-жөні, мен тектерінің жанында қалалары көрсетілмеген суретшілер Алма-Атада тұратындар). Тексеру комиссиясына: А.П.Дроздов- төраға, Ш.О.Ниязбеков- орынбасары, К.Я.Баранов, А.С.Бейсембинов, Ю.В.Гуммель (Қарағанды), А.А.Дячкин, З.С.Назыров, К.И.Плюхин, Т.Т.Тоғысбаев, Б.А.Төлеков, Г.З.Чернощековтар кірді.


Қазақстан суретшілерінің Х съезді 1977 жылы 23-24 ақпанда Үкімет Үйінде өтті. Съездге Қазақстан Суретшілер Одағының барлық 233 мүшесі кірді.
Қатысқандар 219. Есеп беру баяндамасымен С.Мамбеев сөйледі. Тексеру комиссиясының есеп берулерін оның төрағасы А.П.Дроздов дайындады. Өзінің сөзінде С.Мамбеев: «Суретшілер Одағының ІХ съездінен кейін республиканың партиялық органдары Қазақстанның бейнелеу өнерінің бұдан былай да қарқынды дами беруіне және материалдық базасының нығая түсуіне аса үлкен мән бере отырып, біздерге ұдайы нақты қолдаулар көрсетіп отырды.

Бұл Қазақстанның Суретшілер Одағының ІХ съездіндегі айтылған ұсыныстардың Қазақстанның Орталық Комитеті Коммунистік партиясының бюросында қарастырылып, республиканың Министрлер Кеңесінің №90 қабылданған өкімінде берілген рұқсаттарнан көрінді. Осы өкім біздің өнеріміздің дамуында маңызды роль атқарады. Осы жылдар ішінде Алма-Атадағы көрме залының құрылысы салынып, сондай-ақ, шеберханаларының корпусы көтерілді.

Қазақстан астанасының суретшілерінің өздері ғана шамамен 70-ке жуық шеберханаларды қосымша иеленіп қалды. Қарағандыда, Целиноградта Суретшілер Үйі салынды. Шымкенттегі, Өскемендегі осындай үйлердің құрылысы аяқталу алдында. ...Шымкентте республикадағы екінші көркем училищесі ашылып, оған қазақ ұлттық кескіндеу өнерінің қайталанбас шебері Ә.Қастеевтің есімі берілді. Өткен жылдарда Қазақстанның Суретшілер Одағына шамамен 50 тұрғын пәтер бөлінген болатын.

Алма-Атада шеберханалары бар көп пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. ...Оныншы бес жылдықтың бірінші жылы Орта Азиядағы ірі Қазақ Кеңес Социалистік республикасының Мемлекеттік өнер мұражайының салтанатты ашылуы болды. Біз осы табалдырығын жаңа аттаған жас шаңырақтың болашақта ұлттық өнеріміздің тұңғиық терең қазынасының, қазақ өнерінің шексіз бай мұрасының және заманауи кәсіби, халық өнерінің ұзақ жылдар бойғы үгіт-насихат және баға жетпес құндылығының бұзылмас ұясы болар деп сенеміз. Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің жоғары бағалануы өткен жылда Қазақ Кеңес Социалистік республикасы Халық суретшісі атағының Н.Б.Нұрмұхамедовке және Л.П.Льеонтевке, Қазақ Кеңес Социалистік республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері атағының –Б.А.Төлековке, А.М.Степановқа, А.Хайдаровқа, Қазақ Кеңес Социалистік республикасы мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері атағының С.Я.Суховқа, Жангелдинге ескерткіш құйғандары үшін мүсіншілер Т.Досмағамбетов пен О.Прокопьевтердің 1976 жылы бейнелеу өнері саласындағы Қазақ Кеңес Социалистік республикасы Мемлекеттік сыйлығына лайықты деп танылуынан көрінеді. Жас суретші Н.Денисов жанрлық суреттерінің сериясы үшін сол жылы Қазақстанның Кеңес жастарының ленин комсомолы сыйлығын иеленді.

Шығармашылық мәселелерді көтере келе, С.Мамбеев бұл мәселені портреттің жанры мысалында қарастыра отырып, туындылардың тақырыптық шешімдері стереотипі мәселесіне тоқталып кетті: «... қайталанбас, құнды дүниелер жасау үшін натураға адалдық пен портреттеушінің ақиқилығы ғана емес, заманауи дәуір ағымын талап ететін және терең талдау әдістерін қамтитын тың әркеттер мен жаңаша, өз бетінше бейнелік шешімдер қажет». Көрмелік қызметтер туралы: «Суретшілер- бес жылдыққа», «Ұлы Жеңіске 30 жыл!», «Тың өлкесіне ХХ жыл», «Жасасын еңбек!»- міне, осы жылдардың басты ұраны. 1973 жылы Қазақстанның Суретшілер Одағының көрме залының есіктерінің айқара ашылуының арқасында, көрмелердің енді жүйелі түрде өткізілу мүмкіншілігіне қол жеткізілді.

Енді біз отанымыздың бейнелеу өнерінің шеберлерінің шығармашылығын жан-жақты көрсете аламыз. Біз, енді бейнелеу өнерінің белгілі бір түрлерінің ахуалының қандай екенін алдымен өзіміз өз көзімізбен көре аламыз. Залдың ашылуы біздің суретшілеріміздің шығармашылық жұмыстарын да едәуір белсенді ете алды. Мәскеуде А.М.Степановтың туындыларының көрмесі ұйымдастырылды, 1976 жылы мәскеулік көрермендер суретші Т.Досмағамбетовтың, С.Айтбаевтың, Б.Табиевтің, Е.Мергеновтың, В.Рахмановың, М.Кисамединовтың қолдарынан шыққан дүниелерді тамашалай алды. а алды. Біздің туындыларымыз Тбилисиде- халықаралық әйелдер жылына арналған көрмеде, «Достық» дәстүрлі көрмелері өткізіліп жүретін Вильнюсте қойылды. Таяуда Минскіде өткізілген саяси плакат көрмесінде қазақстандық плакатшылар бірінші орындардың біріне ие болды. Павлодарлық суретшілер Ковалевтер, Алма-Атадан келген плакатшы В.Цветков дипломдармен марапатталды. ... Республикадағы заманауи қолданбалы өнер жаңа дәрежеге көтеріле алды, бұл жөнінде өткен жылы өткізілген республикалық декоративтік-қолданбалы өнер көрмесі мен жаңа гобелендер және жаңа керамика өнері бұлтартпас дәлел.

Осы жылғы ақпан айында көрермендерге Ғани Иляевтің ұзақ жылдар бойы жинаған ұлттық ою-өрнекті суреттерінің көрмесі көрсетілді. Ежелгі және ұлттық дәстүрлі өнердің мақамдарының игерілуі монументалды-декоративтік өнердің маңызды айрықшалықтарының бірі болып табылады. Бұл бағытта соңғы жылдарда атқарылып отырған жұмыстардағы мынадай ізденістерінен байқалады: М.Әуезов атындағы әдеби-мемориалдық мұражайының ғимаратындағы Е.М.Сидоркиннің декоративтік бедерлерінен, С.Қалмаханов пен А.Цойдың Қарағандылық жүк арту-көлік басқармасының клубындағы бедерлерінен; жас монументалшылар В.Киреев пен Функоринеолардың ығармашылық сәттіліктері де назар аударады.

Соңғы жылдары ірі өнеркәсіп нысандарының кешенді жобаластырылуы мен рәсімделуінің жобалық топтары құрыла бастады. Жастар саясаты жайлы да әңгіме қозғалды. Жастардың көрмелеріне қатысушылардың көпшілігі Одаққа қабылданды. Тек жас қана емес суретшілердің тобын қалыптастыруда біздерге өнертану ілімі қол ұшын береді. Соңғы жылдары тек «Кеңес суретшісі» баспасының өзінде К.Т.Телжанов, Г.Исмаилова, Сахи Романов туралы монографилар басылып шығарылды. «Қазақ Кеңес Социалистік республикасының бейнелеу өнері» деп аталатын тамаша альбомы жарияланды. Мәскеуде Н.Нұмұхамедовтың, А.Степановтың, Алма-Атада – А.Школьныйдың, А.Исмаиловтың, У.Ажиевтің, Э.Бабадтың ашықхаттарының жинағы шықты. С.Мамбеев Қазақстанның Суретшілер Одағы секциясының атқаратын жұмыстарының ролінің арта түскенін атап өтті. Дәл осы секциялар- өнер төңірегіне жиналған ұжымның, пікірлестердің бастапқы ұясы, суретшінің шығармашылық және материалдық мәселелерінің барлығының дұрыс шешімі табылуы тиіс нағыз шығармашылық ордасы.

Қолданбалы өнер секциясының жұмысы туралы оның төрағасы А.К.Жұбанов баяндады. ІХ съезден кейін өткен кезеңде секция кішігірім ұядан екі есе ауқымды отауға айналып, құрамында 21 адамды қамтып отырды. Оның құрамына - Б.Заурбекова, Б.Шоқпаров, Н.Павленко, Е.Николаева, зергер Шершнев, Құрас Тыныбеков сияқты жас мамандар келіп қосылып жатты. Секцияда мол тәжрибеге ие суретшілер де еңбек етеді. Атап айтар болсақ: Ярема, Крупко, Брякин, Иляев. Училищеде үш түрлі кәсіп бойынша мамандар даярланатын, қолданбалы өнер бөлімі жұмыс істейді. Аталмыш кәсіп түрлері мынадай: металлдың, ағаштың, көркем өрнеуктеулердің көркем өңделіп, әрленуі. Қазіргі кезде Мәскеудегі, Ленинградтағы, Львовтағы, тшкенттегі көркем жоғары оқу орындарында бідің бір училищемізден жөнелтілген 60 адам білім алуда.

Оның үштен бірін қолбанбашылар құрайды. Акварель секциясының төрағасы У.Ажиев оның құрылу тарихына тоқталып кетті. 1960-шы жылдардың басында КСРО Суретшілер Одағының акварельдік комиссиясы құрылған болатын. 1964 жылдың басында Қазақстанда: Ә.Қастеев, А.Исмаилов, И.Я.Стадничук, У.Ажиев, В.И.Полковтар барлығы болып 5 суретші кірген акварельдік топ пайда болды. 1968 жылы Суретшілер Одағының Президиумының шешімі бойынша топ акварельдік секция деп қайта аталды. Егер 1968 жылға дейін екі республикалық көрмелер өткізілген болса, сол 1968 жылдан кейін бірде-бір көрме атымен өткізілмепті. Секцияның жұмысының нәтижесі- 1974 жылы Минск қаласындағы IV бүкілодақтық акварель көрмесінде Қазақстаннан сегіз автор қатысты- П.Зальцман, И.Стадничук, В.Поляков, Оспанов, Козлов, Абылқасов, Байтенов, Криушин, Шутенков. Республиканың төрт акварельшілерінің жұмысы, соның ішінде, Ә.Қастеевтің, П.зальцманның, И.Стадничуктың жұмыстары шет елдерге шығарылатын көрмеердің экспозициясына қосылды. Республиканың көне көз қария акварельшілерінің бірі А.Исмаилов және суретші М.Ержанов Бақанас және Қапшағай ауылдарында қос халық бакалеяларын ашты. Оларға өздерінің шамамен 100-ге жуық жұмыстарын сыйға тарту етті. Олардың көмегімен, Стадничук пен К.Барановтың қатысуымен Шілік ауылындағы халық галереясының негізі қаланды. Мүсіндеу секциясының төрағасы Е.Мергенов кәсіби, шығармашылық мәселелерді талқылауға шақырды. Есеп беру баяндамаларымен И.И.Нимец- монументалды-декоративтік өнер секциясының төрағасы және С.Құмарова- өнертану секциясының төрағасы, Н.Нұрмұхамедов- кескіндеу секциясының төрағасы, Н.Гаев- графика секциясының атынан, С.Сухов- плакат секциясының атынан сөз алды. Театр және кино суретшілерін – Сахи Романов уәкілеттендірді.
Қазақстан Кеңес Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы болып С.Мамбеев сайланып, ал, оның жауапты хатшысы лауазымына – А.П.Дроздов тағайындалды.
Қазақстанның Суретшілер Одағының ХІ съезді 1982 жылы 24-25 маусымда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің мәжіліс залында өткізілді. Съездге республиканың Суретшілер Одағының барлық 306 мүшелері шақырылды, олардың 279-ы қатысты.
Тексеру комиссиясының баяндамасын оның төрағасы В.Ф.Псарев оқып, Қазақстанның өткен Х сездінің қаулысының негізінен орындалғанын трибуна төрінен хабарлады. ... Көрме қызметі біршама ілгері жылжығандай. ...Осы бес жыл ішінде көптеген үлкен мерекелер өткізілді, көрмелер салтанатты, мерекелік, ауқымды маңызға ие болды. Қазақстанның 19 облыстары жақсы суретшілерге тапшы. Мысалы, Гурьев, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Семей облыстарында Суретшілер Одағының мүшелері үшеуден аспайтын болса, Жезқазған, Маңғышлақ, Талды-Қорған, Торғай облыстарында бірде-бір мүше деген атымен жоқ. Өзінің сөзінде Қазақстанның Суретшілер Одағы Шымкенттегі басқармасының төрағасы Ю.Евсеев облыс пен қала үшін анағұрлым айтулы оқиғасы- 1980 жылғы аталмыш ұйымның Шымкенттегі ашылуын атап көрсетіп кетті.

Бұл суретшілер ұжымының өсіп-өркендегенін, кәсіби шеберлігінің артқанына дәлел. Шымкентке КСРО Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы Н.Пономарев арнайы өзі келген еді. Ю.Евсеев жергілікті суретшілер ұжымы қатарының жергілікті жас дарындармен толықтырылып отырғанын айтып өтіп, бейнелеу өнерінің жас тұлғаларының есімдерін атап өтті. Айтар болсақ: А.Тұрсынов, З.Қожамқұлов, В.Иванов, С.Иляев К.Қалқабаев, С.Нарымбетовтер. Олардан орта және аға буын өкідері де көрмелерде дүниелерін паш етуде қалысып отырған жоқ. Олардың қатарында- Э.Иристаев, Ю.Харин, С.Керімбеков, Ф.Потехин, Г.Пономаренко. Кескіндеу секциясының төрағасы А.Ақанаев соңғы кездері өте көп көрмелер ұйымдастырып жүрген Суретшілер Одағының көрмелік қызметіне қатысты мәселелерді қозғап: «Соңғы жылдарды көрмелердің дәуірі деп атаса да болады. көрмелер жаңа жарқын туындыларды, жаңа жарқын таланттарды жарқыратып ашып отыр. ...Көрмелердің молшылығы шығармашылық ахуал жасап қана қоймай, тым «зорықтырып» жібереді. Олардың мерзімі тым қасқа. Суретшілер кезекті немесе кезектен тыс қойылымдарға үлгеруге келісіп, бар жанын салады. Соның нәтижесінде асығып-үсігіп, аяқталмай қалған дүниелер топырлап туындай береді».


Қазақстанның Суретшілер Одағының жастар секциясының төрағасы Е.Сидоркин жастармен жүргізіліп жүрген жұмыс жағдайынан хабардар етті: «Қазіргі кезде есепте 82 жас суретші бар. 14 жас суретші Қазақстанның Бүкілодақтық Кеңес Лнин Комсомолы сыйлығымен марапатталуға ұсынылды, атап айтсақ: С.С. жне А.К.Бапановтар, А.А.Қорғанбаевтар, А.А.Ильин, А.А.Сихаев, М.У.Қасымбеков, Е.А.Варготт, С.Д.Ким, Л.А.Гарафонова, Р.З.Жүсіпов, А.С.Бегов, А.Ахатбакиев, В.В.Поляков, В.Н.Исақов, К.Кәкімов. Бүкілодақтық Ленин Комсомолы Жастарының ХІХ схездіне арналған «Еліміздің жастығы» бүкілодақтық көрмесінде 32 қазақстандық жастар қатысты. ...Таяуда жастар мәселелеріне арналып өткізілген КСРО Суретшілер Одағының пленумы ... бірлестікке қабылдау ережелерін әзірледі. Онда бірлестікке тек жоғары білімді жастардың қабылданатындығы, бірлестікте болу мерзімінің 5 (жылға) дейін шектеулілігі жайлы талаптары бекітілді.

Өкінішке орай, Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының дипломы бірлестікке кіруге құқық бермейді». Мандаттық комиссияның мүшесі Р.А.Ахметов 1981-1982 жылдары Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250- жылдығына Мәскеуде, Ленинградта, Ульяновскіде, Орынборда, Новосібірде Қазақстанның бейнелеу өнерінің көрмелері өткізілді. Республиканың суретшілерінің шығармашылығы қоғам алдында тағы да өзінің буыны әлі қата қоймаған жастығына қарамастан, өзіндік бай салт-дәстүрі бар қалыптасып үлгерген мектеп ретінде танылды. Қазақстандық суретшілердің «Біз коммунизмді қалаймыз» деп аталатын бүкілодақтық көрмеге қатысуы соңғы он жылдықтағы анағұрлым елеулі тірлігі болып табылады. Жылына орта есеппен, Мәдениет Министрлігінің Суретшілер Үйі және Қазақстанның Суретшілер Одағы шүж жүздей көрмелерді өткізеді. Олардың көпшілігі дерлік- облыстарда өткізіліп келеді. Ш.Кенжебаев- қосымша плакат секциясының амамен төрағасы Қазақстанның Суретшілер Одағының өміріндегі өткен 1981 жылғы елеулі оқиғасы ІІІ республикалық плакат көрмесі туралы әңгімелеп берді. Экспозицияда астана мен облыстардың шамамен 300-ге жуық плакаттары ұсынылды. Плакатшылар бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге белсене қатысты: Финляндиядағы плакаттың ІV биенналесі, «Ғарыштың бейбт мақсаттарда зерттелуі» атауымен өткізілген Брнодағы плакаттың биенналесі, «Бейбітшілік жолындағы плакат» байқауы, «Қауіпсіздік және ынтымақтастық қызметтестік», «Орта Азия және Қазақстан республикаларының кітаптары мен плакаттары» байқаулары осы жылы Алма-Атада өткен еді.

Қосымша плакат секциясында 52 суретші белсенді жұмыс істейді. Олардың жетеуі- жастар бірлестігінің мүшелері. Сондай-ақ, А.К.Жұбанов- декоративтік-қолданбалы секцияның төрағасы, Г.Д.Завизионный- монументалдық-декоративтік өнер секциясының жетекшісі, Құмарова С.Б.- өнертану секциясы сөз алды. Мүсіндеу секциясының төрағасы Е.А.Сергебаев: «Біздің секциямыз сандық құрамы бойынша 29 адамнан тұрады, олардың жиырмасы Қазақстанның Суретшілер Одағының Алма-Атадағы ұйымында.

Көріп отырғандарыңыздай, сандық құрамы аса үлкен болмағанымен, бірақ, жұмыс деңгейі мен кәсіби сапасы тәп-тәуір осы кішігірім ұйымның қол жеткізіп келе жатқан жетістіктеріне мақтанбай тұра алмаймыз». 1981 жылғы қарашада қазақ декоративтік-қолданбалы өнерінің және заманауи графика көрмелері АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының Халықаралық сауда орталығында өткізілді (Қазақ Кеңес Социалистік республикасы мәдениет министрі Ш.Е.Еркімбековтың жасаған баяндамасынан). С.У.Өтемісов- Қазақстанның Суретшілер Одағының Гурьев облысындағы бөлімінің құзыретті тұлғасы: «Гурьевтегі көркем-шығармашылық шеберханалары 1981 жылғы тамыз айында жергілікті партиялық және кеңес ұйымдарының бастамасымен Қазақстанның Коммунистік Партиясы Орталык комитетінің көрсеткен қолдауларының арқасында ашылған болатын.

Бұл тек Гурьев облысындағы ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан республикасының бүкіл батыс өңірлері үшін үлкен қоғамдық-мәдени оқиға болды. Себебі, біздің мекемемеміз Қазақстан республикасының төрт бірдей батыс облыстарындағы Көркем қоры жүйесіндегі тұңғыш салиқалы ұйым болып табылады. Біздің атқаратын жұмысымыз қыруар, мамандарымыз әлі жеткіліксіз. Ал, мүсінші сияқты сирек кездесетін мамандар бізде мүлдем жоқ».

Съезге КСРО Суретшілер Одағы басқармасының хатшысы, РФКСР Халық суретшісі, Мемлекеттік Третьяков галереясының директоры Ю.К.Королев жылы лебізін білдіре келе, бейнелеу өнерінің кеңес қоғамындағы уәкілінің халық алдындағы асқақ биік парызын айтып кетті. Сондай-ақ, сөз таластыруларда: Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Ш.Р.Елеукенов, Мемлекеттік Өнер Мұражайының директоры, КСРО Халық суретшісі К.Телжанов, республиканың барлық облыстарының құзыретті уәкілдері сөз алды.


Съездің жұмысы аяқталарда: Қазақстанның Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы болып- Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы; оның жауапты хатшысы болып- Нақысбеков Анарбек Жұматайұлы сайланды.
Қазақстанның Суретшілер Одағының ХІІ съезді 1987 жылғы 27-28 қарашада Қазақ Кеңес Социалистік республикасы Жоғарғы Кеңесінің мәжілісі залында өткізілді. Қазақстанның Суретшілер Одағының құрамы бұл кезде 362 адамды қамтитын. Съезде 321 делегат қатысты. Кіріспе сөз Н.С.Гаевке берілді. Республикалық Шығармашылық Одақтың Басқармасының есеп беру баяндамаларын оның төрағасы А.А.Хайдаров оқып шықты. Онан басқа, съездің жұмысына КСРО Суретшілер Одағы Басқармасының хатшысы Ю.Л.Чернов, КСРО Суретшілер Одағының тексеру комиссиясының төрағасы М.В.Лукьяновтар қатысты. Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин сөз алды.


Съезді ашқан Қазақ Кеңес Социалистік республикасының Халық суретшісі Н.С.Гаев: «оған қатысушылардың қол жеткізген жетістіктеріне мақтануға ғана емес, бейнелеу өнерінің болашақтағы даму жолдары жайлы салиқалы және орынды талқылауларын іске асыру үшін, бейнелеу өнерінің біздің қоғамымыздың барлық салаларын қамтып алған қайта құру үрдісінде алатын орыны жайлы әділетті талқылаулары үшін жиналып отыр» деді. Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы А.А.Хайдаров: «Біздің бас қосып отырған съездіміздің жауап беру тиіс басты мәселесі – бейнелеу өнеріндегі қайта құру дегеніміз не және ол рухани мәдениеттің жалпы қайта құруында қандай орын алуы тиіс.

Одақтың шығармашылық ұжымының өткен бес жыл бойғы жүріп өткен жолына зер салатын болсақ, қазақстандық көркем мектептің кеңес мәдениетінің негізгі ағымдарының иірімдерінде, оның асқақ азаматтылығымен, жеке тұлға адамның рухани, ішкі жан-дүниесіне терең бойлап, үңіле отырып дамып келеді деп айтуға болады» дей отырып, қазақстандық плакаттың маңызының артып келе жатқанына назар аударды. Өткен бес жыл қазақстанның мүсін өнері үшін де жемісті кезеңі болып табылады. Қазақстандық шеберлердің барлық тақырыптық республикалық және бүкілодақтық экспозицияларға, халықаралық симпозиумдарға қатысуы осы өнердің барлық түрлері мен жанрларының ілгері дами түсуіне оң ықпалын тигізіп келеді. А.А.Хайдаров қазақстандық графиканың кемшіліктерін де нзардан тыс қалдырмай анық атап көрсетіп кетті: кейбір графикалардың шығармашылығынан өнер негізі- өмірмен тікелей, тығыз байланыстылығы қалыс қалып қоюда. Бүгінде уақыттың рухы мен ырғағын ақиқи, шынайы бейнесінде кескіндей алатын, дәуірдің рухани дамуы мен әлеуметтік-саяси келбетінің тереңдігі мен күрделілігін ашып бере алатын, шын мәнінде тың, жаңаша бейнелік шешімдер жеткіліксіз.

Суретшілердің әлеуметтік, материалдық жағдайларының, шығармашылық, тұрғын үй-жайлармен қамтылып, тұрмыстық мәселелерінің ойдағыдай дәрежеде шешіліп, шеберханалармен жеткілікті деңгейде қамтылуы жөніндегі көкейтесті сұрақтарды Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Көркем Қоры басқармасының төрағасы А.А.Ақанаев, Қазақстанның Суретшілер Одағының Өскемендегі ұйымының төрағасы Э.В.Чубук, Суретшілер Одағы Басқармасының Көкшетау облысының құзыретті тұлғасы Ю.Г.Попов, Ақтөбенің суретшісі А.Ж.Өтегенов, мүсінші В.Ю.Рахмановтар ашына жеткізді. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелерін аталмыш қызмет комиссиясының төрағасы А.Па.Калинина және Қазақстанның Суретшілер Одағының жастар бірлестігінің төрағасы Е.Төлепаевтар жеткізді. Олар шығармашылық жастардың бір-бірімен араласып, қарым-қатынас орнатуына қажетті клубтардың құрылуы жөнінде, көркем училищелердегі, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы жұмыстарды тірілту жөнінде мәселелерді көтерді.

С.Мамбеев бейнелеу өнерінеде деген қызығушылықтың төмендеп кеткендігі жайлы ойын айтты. Мұндай ахуалдың себептерінің бірі- туындылардың өзектілігінің төмендеуі, олардың арасындағы үздіктерін атап өтуге байланысты жүргізілетін үгіт-насихаттау жұмыстарының тоқтап қалғандығы деп анықтап берді. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Мәдениет министрі У.Д.Жәнібеков шарттық саясаттың ережелерінің қайта қаралу қажеттілігін, ақы төлеу жүйесінің жетілдірілуін қоса айтып, барлық қалаларда еңбеккерлердің эстетикалық талғамын жетілдіре түсетін, әсемдік пен сұлулықты насихаттайтын орталықтардың ашылуы жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ өнер қайраткерлерінің халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелерге қатысу барысындағы қол жеткізіп келген табыстары туралы өздерінің сөздерінде өнертанушылар К.Ли мен Л.С.Оразбековалар әңгімелеп берді. Олар өнертанушылық ілімінің біздің қоғамымыздағы өсіп-өркендеп келе жатқан бейнелеу өнерін үшін, осы өнермен шұғылданушы авторлар үшін таптырмас қолғабыс, бейнелеу өнерінің ары қарай шыңдала түсуіне жетелейтін пәрменді құралға айналғанын тілге тиек етті. Шығармашылықтың өзекті мәселелері бойынша плакат секциясының төрағасы А.Түзелханов, мүсіншіер Е.Мергенов, Т.Досмағамбетов, суретшілер К.Муллашев, К.Плюхин, Г.Мезенцев, О.Нұржұмаев, Қазақстанның Суретшілер Одағының Қызылордадағы құзыретті тұлғасы К.Зәкіровтер, т.б. өздерінің пікірлерімен бөлісіп кетті.
Съездге Өзбекстанның Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы Б.Д.Жалалов, Украина Суретшілер Одағы басқармасының хатшысы Ю.Л.Сенькевичтер жылы лебіздерін білдірді.
«Мүлгіп бара жатқан қоғамды бір серпілткен қайта құру кезеңі туралы біздің болашақ ұрпақ қылқалам мен кенеп беттерінен түсінетін болады, - деген КСРО Суретшілер Одағы басқармасының хатшысы Ю.Л.Чернов... мұнда қазақстандық бейнелеу өнерінің шеберлерінің қолдарынан шыққан үздік төл туындыларының алатын орыны ерекше. Олар кескіндеу, мүсіндеу, графика өенірінің алтын қорынан орын алатын болады. Біздің бүнгіндегі міндетіміз – адамның ішкі жан-дүниесін байытатын түрлі жанрлардағы жаңа жұмыстарды жарыққа әкелу...» деп тұжырымдады.


Қазақстанның Суретшілер Одағының ХІІ съездінде Қазақстанның Суретшілер Одағының аталмыш есеп беру кезеңіндегі атқарған қызметтерін мақұлдап, оның басқармасының іске асырған еңбегін қанағаттанарлық деп мойындаған дұрыс болар деп тапты. Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының маңызды міндеттері «елде болып жатқан бетбұрыстардың көркем игерілуі тұрғысында, еліміздің жетпіс жыл тарихында жинақтаған әлеуметтік және рухани тәжірибелерінің игерілуі мақсатында шығармашылық күштердің жеделдетіліп, бірігу кезеңі деп танылмақ». Нақты, өзекті міндеттерді алға тарта отырып, «көркем үрдістің белсенділігін арттыруға арналған барлық жағдайларды жасау мақсатында, өнердің барлық түрлері мен жанрларындағы туындыларының көрермендер назарына ұсынылуының байқаулық жүйесінің құрылып, жетілдіріліп, дамытылуы, көрме қызметінің жетілдірілуі қажеттілігі» атап көрсетілді. Өнертанушылардың барлық ұйымдастырушылық-шығармашылық буындарындағы атқарып отырған қыруар еңбегінің танымалдылығын және шынайы қарқындылығын арттыру қажет.

Барлық жанрлардағы туындылардың идеялық-көркем сапасының арттырылуындағы тәжірибелік міндеттерінде шығармашылық секциялардың мойнына әжептәуір жауапкершілік жүктелмек. Шығармашылық үрдістердің барлық кезеңдеріндегі теңестірушілікті түбімен құрту керек. Секцияның қызмет атқару қарқынына жетекшілік етуде демократизм, жариялылық, қоғамдық және ұлттық әділеттілік қағидаларының нық ұстанылғаны лазым. Көркем ортада орын алып отырған кейбір топтасып, бөлінушілік, немқұрайдылық, ұжымдастарын сыйламау сынды теріс әрекеттерге шешуші күйде тойтарыс беріп отыру. Секцияның әрбір мүшесінің бойында өз бетінше әрекет еу қабілеті мен тың ойлы, жаңаша бастамашылдық қасиетттеріне қолдау көрсете білу. Жетекшіліктің жұмысының шұғылдылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында президиумның орнына 11 (он бір) адамнан тұратын хатшылық құру тиімді деп табылсын. Одақтың Басқармасына Суретшілер Одағының Алма-Атадағы ұйымының құрылуы туралы мәселенің қарастырылуы тапсырылсын».
Құпия өткізілген дауыс берулердің нәтижесінде Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының құрамына: Қ.Алтаев, Д.Әлиев, К.Ахметжанов, Б.Әбішев, М.Әбілқасов, Б.Амеев, Т.Асылбеков, А.Алексеев, А.Астахов, А.Бейсембинов, А.Бақтығалиев, А.Бапанов, К.Баранов, А.Ғалымбаева, А.Горовых, Ю.Гуммель, Ф.Гадеева, К.К.Дүйсембаев, А.Түзелханов, Ю.Евсеев, К.Зәкіров, Г.Исмаилова, Т.Ысхақов, В.Иванов, Қорғанбаев, Р.Көпбосынова, К.Кәкімов, М.Қалқабаев, К.Қаметов, С.Мамбеев, Г.Мезенцев, Б.Машрапов, Е.Мергенов, Ж.Молдабаев, О.Нұржұмаев, Т.Ордабеков, К.Оспанов, Б.Пак, Ю.Попов, А.Порунин, М.Рапопорт, Сахи Романов, Н.Рүстемов, Ш.Сәменов, Г.Соков, А.Степанов, С.Симаков, Р.Садығұлов, Б.Табиев, Е.Төлепбаев, А.Тұрсынов, С.Өтемісов, А.Өтегенов, С.Федянин, В.Холуев, М.Хитахунов, Э.Чубук, В.Шульга, Ж.Шарденовтер кірді.
Съездің жұмысының аяқталуына қарай, Қазақстанның Суретшілер Одағы Басқармасының жаңа құрамыны тұңғыш пленумы өтті. Онда республиканың Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы етіп Қазақ Кеңес Социалистік республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері – Мергенов Еркін Тілекұлы тағайындалды, ал оның хатшылары болып суретшілер- А.П.Бақтығалиев, С.Мамбеев, С.А.Симаков, өнертанушылар Р.Т.Көпбосынова мен А.Полонскаялар тағайындалды.